Мазмұны
Кіріспе
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
Кіріспе Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», – деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе – Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе – «азаматтык қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құл иелену формациясында да, феодалдық формация да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.