Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны


Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары



бет6/7
Дата02.12.2023
өлшемі24,4 Kb.
#131430
1   2   3   4   5   6   7
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
— мемлекет билікті үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;
— нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
— қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу, басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
— бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;
— заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).
Демократиялық мемлекет – Қазақстан Республикасында алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» (1-6. 2-т.).
Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі – әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет – Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты, және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принциптері: азаматтар үшін – «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік-топтық емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелеріне қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Сонымен, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін барлық тәуелсіздік алған республикалар, соның ішінде Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен кұқықты дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды Отандық құқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет