Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл


«Менің тағдырымды өзгерте алатын бір нәрсенің болуы мүмкін



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата24.09.2024
өлшемі0,71 Mb.
#145552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
maks

«Менің тағдырымды өзгерте алатын бір нәрсенің болуы мүмкін 
бе?»
деген сұрақты өзіме қойдым.
Қазір ел алдына жиі шығып, теледидар мен радиодан сұхбат беріп жүрген 
уақытта (4000-ға жуық сұхбаттарым шығыпты) қарапайым адамдардың жиі 
қоятыны: «Сіздің бетбұрыс жасауыңызға себеп болған қандай сәт?», 
«Төңкеріс қай кезде болды?», «Сіздің өміріңізді не өзгертті?» секілді 
сауалдар. Ал, маған бұл сұрақтарға жауап беру оңайға соқпайды. Себебі, 
білетінім өте көп. Мыңдаған кітаптарды ақтарып, он мыңдаған мақалалар 
оқыдым. Көп жыл қатарынан жұмыс істедім, тәулігіне 12-15 сағат, аптасына 
жеті күн, кейде екі-үш жыл демалысқа шықпай, демалмай жұмыс жасай 
беретінмін. Кей кездері әбден шаршап, сілекпем шыққаннан зорығып, 
беттерім көгеріп те кететін. Осындай қалыпта жүрген менің тағдырымды 
сонда өзгерткен не нәрсе болды? 
Менің өмірімде үш төңкеріс болды. Мұны — оңға бұрылып, сосын тағы 
оңға бұрылып, сосын тағы да осы жолмен оңға бұрылып, сосын барып, жаңа 
бағытқа түсетін сәтіңізбен салыстыруға болады. Ең алғашқы шешуші кезең 
— өз өмірімнің жауапкершілігін мойындаған кезім еді. 20 жасқа дейін көп 
жағдайда жолым болмады. Зауытта жұмыс істеп, қалтамда бір тиыным да 
қалмай, суыққа тоңған кездерім есімде. 
Бақытыма орай, бір кездері менің өмірімде болатын барлық жағдайдың 
тек өзіме ғана байланысты екенін түсіндім. Мені құтқаруға ешкім де 
келмейді, мен үшін ешкім еш нәрсе істей де алмайды және ешкім де менің 
жағдайымды ойлап, уайымдамайды да. Мұны түсінгенге дейін өзімнің осы 
қиын өміріме ата-анамды, бастығымды, экономиканы, білім беру саласын, 
өзімнің қателіктерімді кінәлап келдім. Кейін барып түсінгенім, адамның 
шыққан ортасы ешқандай рөл ойнамайды екен. Шын мәнінде, ең маңыздысы 


— сенің қай бағытқа бара жатқаның, не нәрсеге талаптанатының. Бұдан 
кейінгі менің басымда орын алған жағдайлардың менің өткеніммен 
байланысы жоқ, ендігі болатын жаңалықтар тек болашағыммен байланысты. 
Бұл менің өмірімнің күрт өзгеріп сала берген шағы еді. Бұл өз өмірімнің 
тізгінін өзім қолға алып, бірінші бұрылыс жасаған кезім. 
Үш-төрт жыл өткен соң, ол кезде жасым 25-тің арғы-бергі жағы, менің 
өмірімде екінші «жарылыс» орын алды. Шын мәнінде, өзім үшін «мақсат» 
деген сөздің мағынасын аштым және ол маған нағыз трамплин болды. Мен 
кітаптар оқи бастадым. Ол кітаптар: «Өз қалауыңды анықта, оларды жаз, 
жоспар жаса және оған қол жеткізу жолында күн сайын әрекет ет» дегенді 
алға тартты. Бұл қиын емес еді, сол себептен де мен бір парақ қағазды 
қолыма алдым. Орындауға ниет 
еткен 5-6 мақсатымды жаздым да, оны бір шетке қойдым. Бұл кездері мен бір 
шағын арзан бөлмені жалдап тұратынмын, менімен бірге тағы бірнеше адам 
бар болатын. 
Бір айдың ішінде өмірім кәдімгідей өзгерді. Осы бір айдың ішінде менің 
айлық табысым өсті, өз ортамда үлкен табыстарға қол жеткіздім, мені 
қызметте жоғарылатты, менеджер болдым, қоластымда 23 адам қызмет етті. 
Мен жатақханадан енді пәтерге ауыстым. Бұл, шын мәнінде, таңқаларлық 
жағдай еді. Ең бір ғажабы, бұл өзгерістердің бәрі де менің бір парақ қағазға 
жазған мақсаттарыммен дәл келуінде еді. Мұны жоғары кернеулі электр 
тоғын ұстағанмен бірдей етіп 
салыстыруға болады. Егер мақсатыңызды жазуды бастасаңыз, сонда сіз, шын 
мәнінде, өміріңізде болып жатқан жайттарға таңқалатын боласыз. Сонымен, 
бұл менің өмірімнің екінші шешуші кезеңіне айналды. 
Менің өмірімдегі маңызды рөлді алған үшінші бетбұрыс — ол өзіңнің нені 
қаласаң, соны үйрене алатындығыңды сезіну, мақсатқа жетуге қажет болатын 
кез келген өнерді меңгеру. 
Егер сіз алдыңызға бұрын ешқашан талпынып көрмеген мақсат қойсаңыз, 
онда оған жету үшін бұрын қолыңыздан келмеген нәрсені үйренуге тура 
келеді. Сізге бұрын істемеген нәрсені жасап көру керек, бұрын ондай 
болмаса, енді солай жасау керек. Үшінші шешуші ойды түйсінгеннен кейін 
мен өмірімнің соңына дейін «оқып өтемін» деп шештім. 


Мен жауапкершілік деген түсінікті қабылдадым, кінәні біреуге аудара 
салуды, өкінуді, өзімді ақтауды, шағым жасауды, біреуді кінәлауды 
тоқтаттым. Мен өз мақсатыма қол жеткізу үшін нені қалайтынымды, нені 
үйренетінімді дәл анықтадым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет