Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата24.09.2024
өлшемі0,71 Mb.
#145552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
maks

Үшінші сала
— өзіңіз үшін нені қалайтыныңызды анықтайтын сала, бұл 
— денсаулық. Сіздің бүгінгі мақсатыңыз — 90-95 жас жасау. Медицинаның 
қазіргідей дәрі-дәрмек, хирургия, медициналық көмек жүйесінің дамыған 
кезінде, денсаулықты сақтаудың, ауруды алдын алудың, тамақтану жайында 
мол білім бар уақытта, шындығында да, қалаған жасыңызды жасай аласыз. 
Қазір сол жайында ойланатын кез. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Мықты 
денсаулыққа қол жеткізу мен үшін нені білдіреді? Егер менің денсаулығым 
мықты болса, мен не істеймін? Менің салмағым қанша болады, дене пішімім, 


қан қысымым қандай болады?» Денсаулық мықты болу үшін қалай 
тамақтану керектігін ойланыңыз. Спортпен шұғылдану қажет пе? Мықты 
денсаулыққа қол жеткізу үшін немен айналысу керектігін ойланыңыз. Бұл 
сұрақтардың жауабы сіздің болашағыңызды, келешектегі жақсы өміріңіздің 
көріністерін, армандарыңызды көз алдыңызға елестететін 
болсын. 
Төртінші сала
— бұл сіздің байлығыңыз, жиған-тергеніңізге байланысты 
не қалайтыныңыз жөнінде қажетті шешімдер қабылдауды қажет ететін сала. 
Өз қаржыңызға тек өзіңіз жауаптысыз. Үкімет сізге көмектеспейді, 
тұрмыстық сақтандыру жүйесінен қаржылық көмек күтудің немесе жоғары 
мөлшердегі зейнетақыға сенім артудың қажеті жоқ. Сіздің міндетіңіз — кейін 
сізге ешқашан жұмыс істеудің қажеті жоқ болатындай мөлшерде ақша 
жинау. Бұл «сіз мүлдем жұмыс 
жасамайсыз» деген сөз емес. Бұл жұмыс жасайсыз ба, жоқ па, таңдау өзіңізде 
дегенді білдіреді. Сізде кез келген уақытта зейнетке шыға алатындай 
жеткілікті ақша болуы тиіс. 
Менің мақсатым — 20 жыл. Бұл санды неге айтып отырмын? Көптеген 
қаржы жоспарлайтын мамандар «Сіз 85-90 жас жасайсыз, ал, зейнетке 65-70 
жаста шығасыз» дейді. Олай болса, ақшаңыздың жететіндігіне көз жеткізіңіз. 
Сіздің ақшаңыз сізден де артық жасайтын болсын! Бұл үшін не істеу керек? 
Бұл үшін сіздің ешқандай табысыңыз болмаған жағдайда дәл қазір өмір сүріп 
жатқандай өмір сүру үшін сізге қанша ақша қажет екенін есептеу керек. 
Сіздің тек жинаған ақшаңыз ғана болады. Ол айына 3000$ бола ма, 4000$, 
5000$ бола ма, оны өзіңіз анықтаңыз. Ойланып көріңіз, егер сіз жұмыс істеп 
табыс табуды тоқтатсаңыз, осы жинаған ақшаңызға сіз бұрынғыдай өмір сүре 
аласыз ба? Тұратын үйіңіздің ақысына, азық-түлікке, саяхаттауға, 
көлігіңіздің шығындарын өтеуге ол сізді толығымен қамтамасыз ете алады 
ма? Өзіңізге қажет болатын қаражатты анықтаңыз. Бұл шындығында да өте 
маңызды мәселе. Көп адамдар бұл қаражат турасында ойлана бермейді. 
Әрине, бірқатар мәселелерді ескермеуге де болады. Мысалыға, сіздің 
балаларыңыздың өз отбасы бар, олар өздерін өздері қамтамасыз ете алады 
және сіздің ешқандай қарызыңыз жоқ. 
Мысалыға алсақ, сізге айына 5000$ қажет делік, әрі қарай оны 12 айға 
көбейтеміз, жылына 60 000$ болады. Ал, енді сіз зейнетке шыққаннан кейін 
сіздің ақшаңыз өспейді, деп есептейік. Сіздің 


қаражатыңыз инфляциямен бірдей жұмсалып жатыр деп ойлаңыз. Бұл 
қалыптасқан, шартты түрдегі ойлау тәсілі, біз мұны өзімізді шынықтыру 
үшін ғана қолданамыз. Сонымен, сіз 20 жыл өмір сүресіз. Ол үшін сізге 1 200 
000$ керек. 
Одан кейін сіз отырып, осы уақытқа дейін қанша ақша жиналғанын 
есептейсіз. Сіздің бүгінгі бағаңыз қанша? Оны былайша салыстырсаңыз, 
мысалы үшін сізді басқа елге 10 жылға жіберді делік. Өзіңізде бардың бәрін 
сатып, түскен ақшаны банкке аударуыңыз керек. Бұл тәсіл сіздің 
жиһазыңыздың, 
киім-кешегіңіздің, 
көлігіңіздің, 
заттарыңыздың, 
қозғалмайтын мүліктеріңіздің бағасын есептеуге көмектеседі. Олардың 
бүгінгі бағасы бұрынғы бағасының 10-20%-ын 
ғана құрайтынын біліңіз. 
Көп адамдар «О, менде ақша көп, өйткені менде жиһаз көп» деп ойлайды. 
Бұл тіпті де дұрыс емес. Егер сіз барлық заттарыңызды ақшаға 
айналдырсаңыз, онда соншама көп таба қоймайсыз. Егер де 10-20% тапсаңыз 
да жаман емес, соның өзінде жолым болды деп есептей беріңіз. Өзіңіздің 
банктегі есеп шотыңызды, сақтандыру полисін, акцияларыңызды, 
жәрдемақыларыңызды ойша ақшаға айналдырыңыз, сосын есептеп көріңіз. 
Қанша ақшаңыз бар екен? Аз болғанына шошымай-ақ қойыңыз, себебі, 
адамдардың көпшілігі кедей қалыпта тіршілік етеді, көпшілігі айлықтан 
айлыққа жетіп, өмір сүріп жатыр. 
Сонымен, сізге 1 200 000$ қажет делік. Өзіңіздің табысыңыздың өсу 
графигінің суретін салыңыз. Орта есеппен 1 млн$ табу үшін адамға шамамен 
20 жыл қажет болады деп есептеңіз. Бұл тым ұзақ сияқты болып көрінеді. 
Бірақ, есіңізде болсын, уақыт бәрібір өтеді. Адамдар: «О, мен бай болмын, 
мен байимын!» дейді. Бұған сенбесеңіздер, шын мәнінде ақылды адам өзінің 
жинаған ақшасының үстінен жылына 8-ден 10%-ға дейін-ақ табыс табады. Өз 
күштерімен табысқа жеткен жүздеген, мыңдаған миллионерлер осылай 
істейді. Олар өздерінің жинаған ақшаларының үстінен ұзақ мерзім 
аралығында 8-ден 10%-ға дейін табыс табады. Сіз бүгінгі өзіңіздің бағаңызды 
есептеп, 20 жылдан кейін сізде қанша ақша болу керектігін шештіңіз. Одан 
кейін сізге жылына қанша табыс табу керектігін және қалған 20 жылдың 
ішінде жыл сайын қанша ақшаны алып қойып отыру қажеттігін анықтаңыз. 
Нақты, анық жоспар жасаңыз және оның ішінде әр жылдың аяғында сізде 
қанша қаржы болу керектігін көрсетіңіз. Мысалы, 20 жылдан кейін сізде 
мынадай қаражат болуы тиіс, 15 жылдан кейін мынадай қаражат, 10 жылдан 


соң мынадай, 5 жылдан кейін мынадай қаржы деп, осылай жалғастыра 
бересіз. Енді не істейсіз? Әр ай сайын сіз өзіңіздің назарыңызды қаржылық 
тәуелсіздікке аударасыз. Өз күштерімен табысқа жеткен он мыңдаған 
миллионерлерден сұхбат алып жүріп, мен олардың бәрін біріктіретін бір 
нәрсенің барын түсіндім. Олардың бәрі де қаржы тәуелсіздігі жөнінде ерте 
кезден бастап ойланған. Нәтижесінде, олар таңқаларлықтай табыстарға қол 
жеткізген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет