әлдебіреулердің
қолынан келді, сол сияқты ол сіздің де қолыңыздан келеді.
Ешкім де сізден артық немесе ақылды, не болмаса, икемдірек емес.
Екінші сала
— айқын мақсаттар қоятын сіздің отбасылық жағдайыңызбен
байланысты. Бұл жайында ойлану өте қажет. «Сиқырлы таяқшаны сілтеп
қалып едім» деп, көз алдыңызға елестетіңіз,
сосын сіздің отбасыңыздың
жағдайы күрт өсіп кетті. Сіздің үйіңіз, көлігіңіз, саяхаттарыңыз, тұрмыс-
тіршілігіңіз, балаларыңыз оқитын мектеп, киім,
отбасыңыздағы қарым-
қатынас — бәрі де ойдағыдай. Өзіңізден: «Егер ешқандай кедергі болмаса,
менің отбасымның жағдайы қандай болар еді?» деп сұраңыз.
Біздің өміріміздегі ең бір маңызды мақсаттардың бірі — біздің ерекше
қамқорлыққа алған адамдармен бірге болуға көбірек уақыт бөлуіміз. Біз
барлық тіршілігімізді осы бірінші кезектегі мақсатқа сүйене отырып
құруымыз керек. Бір семинарда мен Эдвард Мерфиді кездестірдім. Ол
атышулы «Мерфидің заңдылығы» атты кітаптың авторы. Оның маған
айтқаны: «Мен үйленгенде әйеліме «кем дегенде
екі сағат сенімен бірге
боламын» деп, уәде бердім. «Егер бір жаққа кететін болсам, әрқашан телефон
арқылы хабарласып тұрамын» дедім. Бірінші баламыз дүниеге келгенде:
«Енді мен отбасыммен күніне кем дегенде үш сағат бірге боламын» деп, уәде
еттім. Сосын ол: «Бұл 21 жыл бұрынғы жағдай еді» дегенді қосып қойды.
«Осы күнге дейін мен берген бұл сертімді бұзған емеспін. Бұл менің
өмірімдегі қабылдаған ең бір керемет шешім еді. Мен қазір бір кездегі
армандағанымнан да көп табыс табамын. Мен табыстымын, бақыттымын,
мен білетін адамдардың арасында беделім де
бар және менің отбасылық
өмірім ең керемет отбасылық өмір. «Уақытымды отбасыммен бірге
өткіземін» деп қабылдаған шешімім, сондай-ақ, жұмысқа бөлген уақытымды
ойластыру — менің өмірімді толығымен өзгеріске әкелген шешім болды. Бұл
менің ең керемет шешімдерім». Ойланып көріңіздерші, шындығында да,
бұған қарсы ешкім ешқандай да уәж айта алмасы анық қой.
Достарыңызбен бөлісу: