Қазақстан археологиясы



бет132/138
Дата02.10.2024
өлшемі0,76 Mb.
#146547
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   138
Байланысты:
атбасар (копия) (копия)

Этноархеология әлеуметтік археология шеңберіндегі іргелі бағыттардың біріне айналып отыр.
Қоршаған орта археологиясы да бүгінгі күні шапшаң дамып келеді. Бұл пән шеңберінде көптеген мүмкіндіктерді, қолданылатын әдістерді атап кетуге де болады. Мәселен, ежелгі жағалау шетін, көне ландшафтты, фауналық кешендерді зерттеу, т.б.
Ежелгі технологияларды зерттеу де археологияның маңызды бағыттарына айналды. Бұл салады эксперименттік археология мен сан алуан жаратылыстану ғылымдарының әдістері кеңінен қолданылуда. Әсіресе палеометалды зерделеуде металлография мен химиялық анализдер жиі пайдаланылып, толымды мағлұматтар алынуда.
Өнер мен дінді зерттеуде танымдық археология рөлі артып келеді. Бұл ретте археология заттай дереккөздері негізінде көне замандардағы таным-түсініктерді, жосын-жоралғыларды танып-білуге ұмтылуда.
Археология мен қалың көпшілік бірігіп, алынған құндылықтарды қажетіне жаратып келеді, әсіресе ғылыми консервация, реставрация мен музейлендіру ісіне жете көңіл бөлінуде. Осыған байланысты «ашық аспан астындағы музейлер» (Таңбалы тас, т.б.) құрылуда.
Соңғы уақыттарда археология ғылымы техникалық жетістіктерді кеңінен пайдалана отырып, өткен кезеңдерді зерттеу үстінде. Әсіресе магниттік және электрбарлау, ғарыштан түсірілген суреттер мен геоақпараттық жүйелер, т.б. археология ғылымына кеңінен енді.
Компьютерлік технология, сандық камера, электронды тахеометр, т.б. ғылыми-техникалық құралдар археология ғылымын жаңа сапаға көтерді деуге болады. Соған байланысты әлемдік археологияда соңғы жылдары виртуальды археология термині пайда болды. Бұл сала ақпараттар легін жинақтап, интерактивті танымдық презентацияны күшейте түсті.
Бүгінгі таңда республика аумағындағы археологиялық жұмыстар өз жалғасын табуда, олар ғылымды жаңа ашылулармен толықтырып, ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының беттеріне жаңа танымдық леп әкелуде.
Қосымшалар
Археология ғылымында қолданылатын негізгі терминдер сөздігі


Аверс – тиынның оң беті; монетаның, медальдың беткі жағы.
Австралопитек – «оңтүстік маймылы» - адамның ең ежелгі және жабайы түрі. Африкадан табылған. Мерзімі шамамен 5,5-1 млн. жылдар аралығында.
Айван/айуан – үлкен текше ойығы күмбезбен жабылған қасбет.
Ақинақ – екі жүзді скиф-сақ қанжары. Ұзындығы әдетте 40-50 см шамасында.
Аллювий (лат. Alluvіo — шайма, тосқын) — өзен аңғарларында тау жыныстары үгінділерінің жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер (малтатас, қиыршықтас, құм, т.б.).
Амфора – екі ұстағышты мойынды келген ыдыс. Әдетте тұрқы үлкен, бүйірі кең, мойыны тар болып келеді.
Ангоб – ыдысты жұқа саз балшықпен бетін тегістеу және эстетикалық кейіпке салу үшін жабу.
Антропогендік кезеңадам пайда болып, оның шаруашылық әрекеті табиғаттың бейнесін өзгерте бастаған төрттік дәуір.
Антропоморфты (адам бейнелі) – әлдебір тіршілік иесінің немесе жануарлардың суреті, онда адам кейпі, жан-жануарлардың келбеті, сұлбасы қосыла бейнеленеді.
Аң стилі – ерте темір дәуіріндегі жан-жануарлар, хайуанаттар бейнелерін шаруашылық-тұрмыстық бұйымдарға, т.б. салу немесе түсіру.
Ареал (лат. area — жер, кеңістік) — жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін аймағы. Археологияда ежелгі адамзат мекен еткен аймақтар мен өңірлерге де қолданылады.
Аридтік климат (лат. arіdus — құрғақ) — атмосфера ылғалдылығы жеткіліксіз жағдайда (қуаң, шөлді және шөлейтті өңірлерде) қалыптасатын климат.
Артефакт — адамзат қолымен жасалған зат, бұйым.
Археологиялық кешен – археологиялық нысандардың жиынтығы.
Ассимиляция – бір халықтың өзге халық тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын меңгеріп, құрамына сіңісіп кетуі. Археологияда көбіне бір мәдениет белгілерін басқасының ығыстырып шығаруы немесе өзара кірігуі.
Бадраб, бадрап – ортағасырлық қалаларда қоқыс төгілетін орын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет