Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


 Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары



бет5/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
14. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. 
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады ( б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген).
Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісудықосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Оларбатысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанаменұштасты. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлекетін құрайды. Астанасы- Чигучен(Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасындаорналасқан.
Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққаталасуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұлы гуньмо мен кіші гуньмо пайдаболып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоныӨжет, ұлы гуньмоны – Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмоарасындағы өзара қайшылықтарға толы болды.
ШаруашылығыКөшпелі және жартылай көшпелімал шаруашылығымен (әсіресе жылқышаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерініңбойында егіншілікпен айналысты. Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын, темірді кеңінен қолданған.
Қоғамдық құрылысы. Үйсін қоғамы- тайпа мен рудәулеттілері, жасауылдар мен абыздар, қатардағыбұқара малшылар мен егіншілерден тұрды. Басшысы- гуньмо (күн бегі) деп аталған. 
Үйсін қоғамында малға жеке меншік жәнеқауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарға меншікқалыптасты. 
Мәдениеті. Діні- ата бабаның аруақтарынатабыну. Материалды мәдениетінде үйсіндер екі түрлітұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастанбалшық лай құйылып қаланған. Керамика ыдыстаржасау кең тараған. Олар пайдалану жағынан – тамақішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық ыдыстарболып бөлінеді. Олар алтын, мыс немесе қола сымнанбұрап, асыл тасты алқалары бар сырғалар жасалған. Соңғы үйсін кезеңінде зергерлік заттарға түстітастардан көз салу кеңінен қолданылды. Соныменқатар, тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектенбұйым жасау ісі дамыған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет