Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет14/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Аумағы: 3 000 000 км²
Халқы: иран халықтары, қара-моңғолдар, түркі тайпалары, соның ішінен көбінесе қарлұқтар
Династиясы: Қарахандықтар
Қаған:  840–893Білге Күл Қадыр-хан (тұңғышы) - 1205–1212Мұхаммед, Боғра хан (соңғысы)
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды. 

Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, билік екі тайпалық топ – жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлініп, мемлекет Шығыс және Батыс деген екі иеліктен (хандықтан) тұрды. Оларды өз қағандары басқарды. 


23.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы
Қыпшақтардың шығу тегі
«Қыпшық» сөзінің шығуы жайында əр алуан жорамал, аңыздар бар. Ал этнонимнің қалыптасу төркінін дəл анықтаудың тақырыпқа берері көп. Оны жаңа қырынан ашып, бар болмысымен жарқырауына жол ашады.
Кезінде араб, еуропа саяхатшылары «қыбчақ», «қыпшақ» деп жазғанымен, ол сөздің байыбына бармаған.
«Қыпшақ» сөзінің этимологиясына əлсіз меңзеу алғаш рет «Оғыз-намеге» түскен. Оғыз туралы аңыз б.ж.д. мыңжылдықтарға иек артатын өте көне аңыз. Ал бізге жеткен «Оғыз-наме», нұсқасы — оқиғалық желісі, тайпалық құрылымы, жəдігерліктің тілдік ерекшелігіне қарағанда X ғасырда қайта құрастырылған нұсқасы деп шамалауымызға болады. Яки қыпшақ қауымы айдай əлемге белгілі болған кезде хатталған. «Оғыз-наме» қыпшақ есімін ағашпен байланыстырған..
Қыпшақтар туралы екінші жазба дерек Рашид-ад-Диннің «Джами ат-Тауарихында» кезігеді. Кітап 1300–1311 жылдар аралығында түзілген. Онда қыпшақтардың шығу тегіне меңзейтін екі дерек
бар. Бірінде қыпшақ атты ұлдың өзеннен ағаш салмен өтіп жатқанда туғаны баяндалады да, Репозиторий КарГУ екіншісінде Итбарақ еліне сəтсіз шабуылдан қайтып оралар жолда қыпшақты ағаштың қуысынан тауып алған. Шежіреде «қыпшақ» сөзіне төмендегідей түсінік берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет