Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы



бет16/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ГЭК НОВЫЙ

Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.

Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарымқатарының бірі

  1. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.

Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “Меркіттер” атауы Мэргэд (Мерген – түбір сөзі де, “д” – тунгус-моңғолша көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер болған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (Байкал) Селенга өзенңнің орта бойы Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген. Үш меркіт одағы (Мэә-Ли-Зи) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Меркіттер көрші наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (керейлер) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. Шыңғыс хан бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен Меркіттер болды. Олар 1178 жылы Тэмужиннің (Шыңғыс хан) жаңа түскен келіншегі қоңырат қызы Бөртені қолға түсірді. 1179 жылы Шыңғыс хан Меркіттер ордасына тұтқиылдан шабуыл жасады. Бұл тарихта Бугур-Кегер шайқасы деп аталды. Осы шайқастан кейін Меркіттер Орталық Азиядан ығыстырыла бастады. Тоқтыбек бастаған Меркіттер 1205 жылға дейін моңғолдарға қарсылық көрсетіп, қазіргі Солтүстік Қазақстан жеріне шегінді. 1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыс ханның ұлы Жошы Ырғыз өзені бойында қыпшақтармен соғысып, Хорезм шаһәскерлерімен кездесті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет