Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы



бет13/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы.

Араб тарихшысы әл-Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадыр-хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен “ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым-салық төлеп тұруға міндетті болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр-ханның балалары) жүргізген. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды. Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.

  1. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.

Оғыз Жабғу мемлекеті (766 жыл – 1055 жыл) — ЫХ ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқ пен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді.  Этникалық және тайпалық құрамы. 
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет