Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды
Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы
1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. 1137 жылы кдрақы-тайлар Ходжент қаласы жанында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады. Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжүк сүлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдап кейін Елюй Дашы өзін ең жоғарғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. Қай-тар жолда гурхан әскерлері Бүқараны оңай басып алып, Баласағүн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бүқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Қарахандар әулетін қарақытай-лар өз боданына (вассал) айналдырды. Осы ұлан-байтақ өңірді мекендеген халықтар, соның ішінде түрік тайпалары мен ұлыстары Қарақытай мемлекетінің құрамына кірді. Қарақытайлар өзіне бағынған үлыстардың хандарын және аймақтардың билеушілерін өкімет басынан тайдырмады. Олар Қарақытай өкіметіне бодан ретінде бағынды да, өз биліктерін жергілікті жерлерде жалғастыра берді. Қарақытай өкіметі олардан тек алым-салық алуды ғана білді. Алым-салықтың екі түрі болды. Оның бірі - үй басынан алынатын бір динар түтін салығы, екіншісі, егіншілер өнімінің оннан бірі көлемінде алынатын астық салығы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |