Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Шаруашылығы. Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы .Егін шаруашылығы , Кәсіпшілік,қолөнер.Астанасы



бет14/79
Дата06.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#113138
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   79
Байланысты:
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескертк-emirsaba.org

Шаруашылығы.
Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы .Егін шаруашылығы ,
Кәсіпшілік,қолөнер.Астанасы: Жанкент.Ірі қалалары: Жент, Сығанақ
Тіл(дер)і: Оғыз тілі . Діні: Тәңіршілдік,
кейін оғыз тайпалары исламды қабылдады.
Аумағы: 1,000,000км².Халқы: Оғыздар, Қимақтар, Құмандар, Бұлғарлар, Хазарлар, Қыпшақтар, Қарлұқтар


  1. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.

Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда 9 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.


Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.
8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.
656-ыншы жылы Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840-ыншы жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді.
Гардизидің баяндауынша қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Мемлекеттің орталығы Ертістің жоғарғы жағында орналасты.
Осылайша Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды.
Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары болды. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түркі әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан тоғыз-оныншы ғасырларға қатысты табылған заттар, жазулары бар қола айналар да көрсетеді.
Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты. Олар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгада қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.
Тоғыз-он бірінші ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. Әл-Идрисидің дерегіне қарағанда олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарында орналасқан. Әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады.
Оныншы ғасырдың аяғы, он бірінші ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды: Бірінші, Өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Екінші себебі, он бірінші ғасырдың басында көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар..
Қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және құман тайпаларының бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Он бірінші ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет