Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды.
Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді. 1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды.
Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылғадейін өмір сүрген мемлекет.
Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» шықты. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин,С.Меңдешев, Б.Қаратаевтар болды
ҚырАКСР-ның құрамына: Семей облысы; Ақмола облысы, Торғай облысы;Орал облысы; Закаспий облысының Маңқыстау уезі Астрахан губерниясы енді
1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. 1925 жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды. Автономия 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді және Ресей Советтік (Кенестік) Федеративті Социалистік Республикаға (РСФСР) тәуелді болды. Ал 1936 жылдың 5 желтоқсанында автономия республикалық денгейге көтереліп, Қазақ Советтік (Кенестік) Социалистік Республика (КазССР) деп аталды да, бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың біріне айналды.