5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
САҚТАР ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДЕРЕККӨЗДЕР БАР?
Б.з.д. І мыңжылдықтa қазіргі Қазақстан аумағында тарихта «сaқ» атауымен белгілі болған тaйпaлаp өмір сүрген.
Сақтар бүкіл Қазақстан аумағын қамтыған.
Сақ тайпалары туралы дереккөздер археологиялық (заттық) және жазбаша деректер болып бөлінеді.
Сақ тайпалары туралы кездесетін деректер
Заттай
Жазбаша
Тарихтың атасы Геродоттың «Тарих» кітабы
Есік обасынан табылған «Алтын киімді» адам
Ежелгі жазба дереккөздеріндегі сақтарға қатысты мәліметтер, негізінен, ежелгі парсы сына жазбалары және грек авторларының еңбектерінде кездеседі. Себебі сақ тайпаларының парсы және грек мемлекеттерімен байланысы болған және олар сол кездегі саяси оқиғаларда елеулі рөл атқарған.
Парсы патшаларының сына жазуындағы сақтар жайлы мәліметтері
Ежелгі грек және рим авторлары – Арриан, Полиен, Диодор, Плиний, Ктесий, Помпей Трог, Птолемей, Страбон сақтар туралы мәліметтер қалдырған.
Птоломей
Страбон
Помпей Трог
Плиний
Диодор
Грек деректерінің ішінде б.з.д. V ғасырда жазылған Геродоттың «Тарих» атты еңбегі ерекше құнды мәліметтер береді. Геродот сақтардың массагет атты тайпасы туралы мәліметтер қалдырса, басқа грек авторлары дай, аргиппейлер, аримаспылар және т.б. туралы да деректер келтіреді.