Лекция Қазақ асср ның құрылуы алғышарттары 1937 ж репрессия 3Сталиндік қуғын-сүргін



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі37,98 Kb.
#21572
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы 6 лекция


Темірбек Нұрбек

Лекция 6

Қазақ АССР ның құрылуы

6.1 Қазақ АССР ның құрылуы алғышарттары

6.2 1937 ж репрессия

6.3Сталиндік қуғын-сүргін

6.1 Қазақ АССР ның құрылуы алғышарттары

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1925—1927), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.

Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.

С.Меңдешев (1882-1937)

Толық мақаласы: Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы; 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары; 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы; 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Ә.Т.Жангелдин(1884-1953) Толық мақаласы: Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин 1915 жылы коммунистік партия мүшесі; 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары; 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы; 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.

А.Байтұрсынұлы(1873-1937) Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы; 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі; 1937 жылы репрессия құрбаны болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет