Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


 Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу



бет25/45
Дата10.04.2023
өлшемі466,2 Kb.
#80920
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескертк

57. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. 
Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған "қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын "жергілікті шенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынудан бас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін.
58. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
18671868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.
Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.
1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Далакомиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Далакомиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.
Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.
Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (18351865 жылдары) тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет