Байланысты: аза стан аума ында ы тас асырыны археологиялы ескерткіштер е
58. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері. І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. «Қазақтар өзі отырған жерін ежелден басып алып пайдаланғаны негізінде өзінің меншігі санайды, – деп жазды Ә. Бөкейхан өзі де-факто редакторы болып шығарған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы кезекті санында. – Қазақтар көші-қон ісін өз орнына қоя алатын күш табылатын Мемлекеттік Думаға ғана үміт арта алады. Білек күшінің құқы бар кезде, 12, 27 тамыз және 19 қыркүйек жарлықтарына сай шаруаларға сатылуға арналған патша әулетінің меншікті жері, жеке-меншікті жер (дворян-помещиктердің меншікті жері – С.А.), кабинет жері секілді қазақ жері де жекеменшікті дворян жерлерін қорғауға қызмет етеді» І Мемлекеттік Дума құрамындағы мұсылман фракциясы. СПб, Таврия сарайы, 1906 ж. Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – өзінен өзі халықтың қолына өтеді [11, 1-б.]. Қазақ өкілдерінің жер мәселесінен кейінгі екінші көздегені – қазақтың барлық 9 облысы мен Астрахан гүбернесіне қарайтын Бөкей ордасына, сондай-ақ Алтай өңірінің Бийскі және Змеиногорск болыстарына – Дума мақұлдаған заң жүзінде генерал-губернаторлық, ояз және крестьян бастықтары институттарын жауып, оның орнына жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін – земство енгізу болды. Оның себебі: егер Ресейдің ішкі еуропалық бөлігінде земствоға ұқсаған мекемелер болса, Сібір мен Дала облыстарында әлі күнге дейін қоғамдық өзін-өзі басқарудың сағымы да болған жоқ. Ә.Н. Бөкейхан ол туралы: «Қазақтар өзінің жер мүддесін қорғауды талап етеді. Ол мүдде «Ақмола мен Семей облыстарына көшіріп қоныстандыруды уақытша тоқтат» деген қағази нұсқаумен қорғалмайды... Ол тек қана... конституция мен халық билігі болған да ғана мүмкін», – деп мәлімдеді Бір сөзбен айтқанда, І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды.Думаның қазақ депутаттары 1906 жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлерінің үлгісімен дербес әскери қолбасшылығы бар ұлттық атты әскер жасақтау, «Қарқаралы құзырхатында» жазылғандай, қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз пен баспахана ашу, жергілікті әкімшілік (земство жиналысы, басқармасы) пен соттың ісқағаздарын және ұлттық мектеп-медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде жүргізу, қазақтың ұл-қыздарын кәсіби оқу орындары (гимназия, училище, семинария, т.б.) мен ЖОО-да оқыту үшін «қазақ капиталы» есебінен стипендиялар тағайындау, жатақханалар (пансиондар) салу және т.б. маңызды мәселелерді, әсіресе жер мәселесін көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең маңыздысы: І және ІІ Думада осы ұлттық мәселелердің көпшілігін, әсіресе жер, земство мәселесін шешуге толық мүмкіндік болды. Өйткені І Думада кадет партиясының 161 депутаты, Еңбекшілер партиясының 107, поляк колосы, украин, эстон, латыш, литва және т.б. ұлт топтарын қамтитын автономистердің 70 депутаты, түркі-мұсылман халықтарының 25 депутаты болды. Ашығын айтқанда І Думадағы 511 дауыстың кемінде 338-і – самодержавиеге қарсы партиялар мен ұлттық топтардың үлесінде болды. Ә.Н. Бөкейханның 1905 жылдан кадет партиясының мүшесі, 1906 жылдың маусымында І Думаға кадеттердің Семей облыстық қазақ бөлімінен сайланғанын, І және ІІ Думадада түркі-мұсылман халықтарының депутаттары мұсылман фракциясына бірігіп, кадет партиясының фракциясына қосылғанын ұмытпау керек [17, 16-б.]. І Думаның спикері (төрағасы), оның екі орынбасары әрі хатшысы болып Ә.Н. Бөкейханның партияластары әрі достары С.А. Муромцев (№16 фото), князь П.Д. Долгоруков, Н.А. Гредескул және князь Д.И. Шаховской сайланды ІІ Думада патшалыққа қарсы солшылдар тіпті басымырақ болды. Кадеттердің саны екі есеге жуық қысқарып 98 депутат, Еңбекшілдер – 104, автономистер – 76, түркі-мұсылмандар – 37, ішінде 6 қазағы бар, барлығы – 315 дауысқа ие болды. ІІ шақырылымның спикері және хатшысы болып тағы да кадет өкілдері Ф. Головин (№ 18 фото) мен М. Челноков, екі орынбасары болып партияға кірмеген солшыл депутат Н. Познанский мен Еңбекшілдер өкілі М. Березин сайланды. ІІ Думада олардың қатарын енді социал-демократтар 65, эсерлер (эС-эР – социал-революциялық – әлеуметтік-төңкеріс партиясы – С.А.) 37 депутатымен толықтырып, 500-дей дауыстың 427-сіне жетті [18, 92-б.]. Алайда аталған мәселелердің бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған Мемлекеттік Думаның 1906 және 1907 жылдарғы І және ІІ шақырымдары 72 және 102 күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда күштеп таратылды. ІІ Дума таратылған күні император ІІ Николай өзі шығарған «Негізгі мемлекеттік заңдардың» 87-бабын өрескел бұзып, сайлау ережесінің жаңа нұсқасын шығарды [19]. Ресейдің либералдық қауымы жаңа ережені «3 маусым төңкерісі» деп бағалады. Екі Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: «Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» законымен сайланған адамдардың мұжық депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да тастады» [20, 2-б.]. Бір сөзбен айтқанда, Ресей императоры ІІ Николай үкімет басына өзі де ірі жер иесі –помещик болған П.А. Столыпинді тағайындау арқылы, біріншіден, өзінің абсолюттік билігінің бас тірегі болып келген дворян-помещиктер табына сүйене беретінін айқын аңғартты. Екіншіден, «3 маусым» заңы Думадағы халық үнін, яғни бұқара халық пен оның өкілдерінің дауысын өшіріп, көнбіс, жетекшіл тап – дворяндар мен шенеуніктердің, сондай-ақ көпестер мен өнеркәсіпшілердің көнбіс бөлігінің дауысын күшейтті. Осылайша Дума бұқара халықтың орнына, күштілер мен байлардың сөзін сөйлейтін болды. Соның нәтижесінде заңнамалық үдеріс бюджетті және тағы басқа маңызы жоқ заңдарды мақұлдау талас-тартыссыз өтетін болды да, азаматтық құқық және бостандыққа, қазақ сынды кең-ба тақ жері бар халықтың саяси құқықтарын шектеуге қатысты заң жобаларын Дума елемей ысырып қоятын болды. Реакцияшыл премьер-министр П. Столыпиннің ауқымды жоспарынан бір ғана реформасы – аграрлық реформасы жүзеге асты. Қазақ жерінің есебінен. Атап айтқанда өзі сияқты дворян-помещиктерінің жерлерін меншігінде қалдырып, миллиондаған жерсіз мұжық-шаруаның мұқтажын қазақ жері есебінен қанағаттандырды. Отаршыл Ресей империясының әкімшілігі 5 млн-нан асқан (саны жағынан Ресей халықтарының арасынан 5-нші болды – С.А.) қазақ халқын сайлау құқынан айырумен қатар, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерін қудалады. Атап айтқанда Алаш көшбасшысы Ә. Бөкейхан өзі сайланған І Думаны таратуға наразылық ретінде «Выборг үндеуіне қол қойғаны және таратып-насихаттағаны үшін» 3 ай түрме жазасына кесіп, абақтыда 3 айдың орнына 8 ай отырып шыққан соң [21, 105-б.], өзін саяси айдауға жіберуін күтпей, алдымен С.-Петерборға, одан Самарға эмиграцияға кетті [22, 4-б.]. Ж. Ақбайұлы алдымен Саха-Якутияға (23), одан Түркістанға жер аударылды, А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы Семей түрмесіне жабылып, босатылысымен бірі өз таңдауымен Орынборға, екіншісі Түркістанда бас сауғалап жүріп, 1913 жылы ғана Орынборда «Қазақ» газетін шығара бастаған А. Байтұрсынұлына келіп қосылды. «Алаш» жетекшілері халқының сайлау құқын қалпына келтіру, саяси-экономикалық мүддесін 1907-1912 және 1912-1917 жылдары жұмыс істеген ІІІ және IV Дума құрамындағы кадет (№19 фото), мұсылман (№20 фото) және Сібір депутаттары фракциялары арқылы қорғауға мәжбүр болды. Ол туралы «Қазақ» газеті жарыққа шыққан 1913 жылғы бір мақаласында Қыр баласы былай жазды: «Өткен жылы (1912 ж.) ІІІ Дума тарқарда Дума өз үйін түзетуге ақша бермек болып закон жобасы қаралған еді; сонда Қазан депутаты Мақсұдов (№21 фото) сөйледі: «Сіздер Думаның үйінің төбесін түзетеміз деп отырсыздар, әуелі Думаның өз төбесін түзетіңдер. Түркістаннан, қазақ жерінен Думада бір депутат жоқ. Осы облыстарға депутат беріңдер» деп. Биыл (1913 ж.) Мәскеу депутаты Шепкин (№22 фото) осы жоғарыда закон қаралғанда сөз сөйледі: «Бұ қалай, Түркістанның, қазақ жерінің сөзін Забайкал, Харкоб депутаты тұрып сөйледі, бұлардың өз депутаты қайда? «Үшінші июнь» ақсақ законын түзету керек», – дейді» Қысқасы, қазақты саяси құқынан айырған «3 маусым» заңын бұздыра алмаса да, Алаш жетекшілері Дума мен оның депутаттарының көмегін мейлінше кең пайдаланды. Мысалға олардың талап-тілегі бойынша, Ресей патшасы қазақтың дербес атты әскер жасақтауынан сескеніп, І Дүниежүзілік соғыстың Батыс майданына қара жұмысқа алынсын деген 1916 жылғы «25 маусым» жарлығын шығарды. Сол жылдың жазында Ә. Бөкейхан IV Думадағы мұсылман фракциясы Бюросына қазақтың ресми өкілі болып кіріп, қазан айында қазақтың екінші өкілі етіп М. Шоқайды алдырады [28, 4-б.]. Ондағы мақсат: қазақ жігіттерін Батыс майданға қара жұмысқа алуын 1916 жылдың соңы – 1917 жылдың басына қарай созу, майданға алынған жігіттердің жұмысын жеңілдету, екіншіден – «25 маусым» жарлығын өрескел жүзеге асыруға қарсы көтерілген 1916 жылғы халық толқуын аяусыз басып-жаншыған үкіметтің әрекетін Дума депутаттары – А. Керенский, Қ. Тевкелев арқылы парламенттік тергеуге алып, әшкерелеу болды.Қорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы қазақтың «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының қалыптасып, нығайып, алға қойған стратегиялық мақсат-міндеттерін жүзеге асыруына Ресей Мемлекеттік Думасының қосқан үлесі, алатын орны өте зор болды. Алаш зиялылары мен жалпы қазақ қоғамында «халық билігі» («демократия»), «парламентаризм», «құқықтық мемлекет», «жергілікті өзін-өзі басқару» (земство) сынды демократиялық ұғымдардың берік қалыптасуына ықпал етті. Мемлекеттік Думаның 300 ғасырдан астам билеп-төстеп келген Романовтар әулетін тақтан бас тартуға көндіріп, 1917 жылғы Ақпан төңкерісін жүзеге асыруға қосқан үлесі тіпті шексіз еді. 1917 жылы саны 6,5 млн-нан асқан қазақ халқының сайлау құқын қайтарып берген Уақытша үкіметті жасақтаған да IV Дума болатын.
59. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көпұлтты мемлекет болған Ресей империясының тарихи дамуының басты ерекшелігі – Ресей империясындағы мұсылмандардың басым көпшілігінің түркі тілдес халықтардан құралуы. «Сенімде бірлік» идеясы түркі халықтарына тән ортақ ерекшеліктер мен олардың тарихи ортақтығымен тығыз байланысты. Ресей империясының түркі тілдес мұсылман халықтары тең экономикалық және саяси құқықтарға ие болмағандықтан, бірігу арқылы ұлттық мүдделерін қорғау қажеттілігін сезінді. Бұл түркі тілдес мұсылман халықтарын өркениетті әлемге қосу мақсатында олардың білім беру және мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған жәдитшілдік идеологиясында көрініс тапты. XIX ғасырда Ресей қоғамында белең алған әлеуметтікэкономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер жәдитшілдік идеологиясының негізін қалыптастырды. XX ғасырдың басында жаңа идеологиялық үрдіс ретінде пайда болған жәдитшілдік Ресей империясының түркі тілдес мұсылман халықтарының шоғырлануына серпін беріп, әлеуметтік жұмылдыру мен коммуникациялардың дамуына, сондай-ақ қоғамның бір геосаяси кеңістікте интеграциялануына себеп болды. Осы мағынада жәдитшілдік қозғалысын тілдерді жаңғырту және білім беруді реформалау арқылы дәстүрлі өмір салтында кейбір өзгерістер енгізуге бағытталған әрекет ретінде қарастыруға болады. Жәдитшілдіктің негізін 1800-1840 жылдары татар ағартушылары қалаған болатын. Мысалы, XIX ғасырдың бірінші жартысында Габденнасыр Курсави (1776-1812) және Шигабутдин Марджани (1818-1889) сияқты көрнекті татар ағартушылары Бұқара мен Самарқанд медреселерінде схоластикалық білім беру реформаторлары болды. Ибраһим Халфин (1773-1823), Хусаин Фаезханов (1821-1866) және Исмаил Гаспыралы (1851-1914) Ресей империясының мұсылман қауымы арасында білім беру саласында реформа жасауға шақырды. Қазақ зиялылары арасында қазақ халқының дамуын тек ағарту мен білім беру арқылы жүзеге асыруға болатынын пайымдаған Шоқан Уәлиханов, Салық Бабаджанов, Мұса Шорманов және Ыбырай Алтынсаринді атап өту қажет. Жәдитшілдік қазақ қоғамының ұлттық даму жолдарын түсіну және табудың маңызды кезеңіне айналды. Білім реформасы басты тақырыпқа айналды. Қазақстанда жәдитшілдік идеясының таралуын XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымы қолдаған болатын. Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Ғұмар Қарашев сынды көрнекті тұлғалар білім беру саласына жаңа әдіснаманы (усули-жәдит) енгізудің белсенді жақтаушылары болды. Мысалы, Ғұмар Қарашев (1876-1921) бұл жайлы мынадай пікір өрбітті: «Ешбір халық көшпе халінде жүріп, өнерлі, білімді ел бола алмады. Керісінше, тарихта білім мен өнер тек отырықшы өмірге көшіп, медреселер мен мектептер салынғаннан кейін және әлеуметтік өмірге тәртіп пен заңдылық енгізілгеннен кейін келген». Жәдитшілдік қозғалысы діни мектептерде Еуропалық білім беру элементтерінің біртіндеп енгізіле бастауына ықпал етті. Мәселен, 1907 жылға қарай Жетісу облысында 15 орыс мектебінде 222 оқушы оқыса, 243 мұсылман мектебінде 6076 оқушы білім алды. Бұл жағдай патша үкіметінде үлкен алаңдаушылық туғызды. Үкімет Орынбор, Уфа және Қазан қаласында басылып шыққан қазақ тіліндегі материалдардың мазмұны отарлық билік үшін зиянды деп ойлаған, сондықтан усули-жәдит мектептерді ресми билік үшін зиянды деп санап, олардың қызметіне үзілді-кесілді қарсы болды. Осылайша, Түркістан генерал-губернаторлығы Полиция басқармасы мұрағатындағы есептердің бірінде (1914) Міржақып Дулатовтың (1885-1935) Орынбордағы «Уақыт» баспаханасынан жарық көрген «Оян қазақ» кітабы «қазақ халқын орыстарды қуып, қазақ мемлекетін қалыптастыруға шақырады» деген жазуларды оқуға болады. Алайда, іс жүзінде Дулатовтың «Оян қазақ» өлеңі отандастарымызды жаңа өмірге, басқа халықтардан жақсы нәрселер үйренуге және ғылым мен білімге ұмтылуға шақырады. Басқа да маңызды еңбектер арасында Ахмет Байтұрсыновтың (1873- 1937) «Маса» атты өлеңдер жинағын атауға болады. Халықтың мүшкіл халі мен сауатсыздық деңгейіне арналған еңбек білім, ғылым және мәдениет туралы жазылған. Әлихан Бөкейхановтың (1866- 1937) «Тұр қазақ» атты еңбегі де халықты білім және мәдениет деңгейін арттыру арқылы белсенділік танытуға шақырады. Жәдитшілдікті қолдаған қазақ ағартушыларының қызметін қарастырғанда, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының білім беру іс-шаралары арқылы халықтың білімге деген қызығушылығын оятып, айналасында болып жатқан оқиғаларға бейтарап қарамауына ықпал жасағанын атап өткен жөн. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Олар «Қазақ», «Қазақстан» және «Айқап» сияқты ұлттық газет-журналдарда адамдарды білім алуға шақырып, өркениет пен қазақ халқының қалыптасуына зор үлес қосты. Жәдитшілдік идеологиясы тұрғысынан қазақ ағартушылығының міндеттерін тұжырымдамалық деңгейде айқындаған зиялы қауым мен ағартушылар жайлы айтқанда ұлы ағартушы және философ Абай Құнанбаевты (1845-1904) атап өту қажет. Абайдың Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин, Достоевский, Чернышевский, Спенсердің «тәжірибесі», Льюистің «Позитивті философиясы» және Дрейпердің «Еуропаның зияткерлік даму тарихы» атты шығармалармен танысуы оған орыс және Еуропа мәдениетімен жақындасуды қамтамасыз еткен мәдени реформатор болуына, әрі араб-мұсылман философиясының негіздерінің бірі болып табылатын ағартушылық либералдық исламның негізінде ағарту идеяларын уағыздауына мүмкіндік берді. XX ғасырдың басындағы көптеген қазақ ақындары Абайдың ағартушылық идеяларынан шабыт алды. Қазақ ақыны Әндібаев («Менің жастық шағым», 1907) жазғандай: «Егер Мұхаммед пайғамбардың өсиеті бойынша шеберлік пен білімге ұмтылатын болсақ, көшбасшымыз қазақ болар еді, жеріміз нашарлап, малымыз азаймайтын еді, ешкім де жерімізді тартып алмайтын еді». Бірақ «Бұл қиындықтарды күшпен емес, тек білім арқылы еңсере аламыз ба?». Тағы бір ақын Муштак («Қарлығаш», 1911) өзіне «Білімнің арқасында қазақтардың көзі қайтадан ашылады ма және жауға қарсы шыға алады ма?» деген риторикалық сұрақ қойып, былайша жауап беруде: «Адамдар білімді болса, оларды ешқандай жау алмайды»; «Біліммен қаруланған және ізгі істер істейтін адамды ешкім жеңе алмайды». Осылайша, жәдитшілдік XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ ағартушылығына үлкен әсер етті. Бұл жағдай қазіргі таңда даму жолында тарихи таңдау алдында тұрған қазақ қоғамы үшін үлгі бола алады
60.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды.Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым–салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу–ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті. Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт–азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды. Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол – 1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт–азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғыеға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүнкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады. Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас–аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ « Алаш » партиямының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалық көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман–есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б. ) серіктерімен бірге майданға (реквизициаланғандармен) атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуыекі талай еді. 1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал–губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық, ауылдық) қызметкерлері, жергілікті (бұратана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүнкіндік берді. 1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды.Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді.Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды.Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды.Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.