Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштер ерте палеолит бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз., Жамбыл об. Шақпақата мен Арыстанды. Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда
Байланысты: аза стан аума ында ы тас асырыны археологиялы ескерткіштер е
1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштер ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл об. Шақпақата мен Арыстанды. Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда. Қазанғап, Тәңірқазған. Орналасуы: Оңт. Қаз. ОРТА ПАЛЕОЛИТ Обалысай Орналасуы: Жезқазған, Мұзбел Орналасуы: Орт. Қаз.,Қанай. Орналасуы: Шығ. Қаз.,Ш.Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ Орналасуы: Арыстанды өз. бойында. КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ. Батпақ.Орналасуы: Орт. Қаз.,Шульбинка.Орналасуы: Шығ. Қаз. Семізбұғы.Орналасуы: Орт. Қаз, Қарабас, Ангренсор.Орналасуы: Орт. Қаз.,Бұқтырма, Шүлбі.Орналасуы: Шығ. Қаз.,Ащысай.Орналасуы: Оңт. Қаз,Майбұлақ.Орналасуы: Жетісу. МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ) Мичурин, Явленко.Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы. Дүзбай.Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.,Тельман.Орналасуы: Атбасар маңы. Ерейментау.Орналасуы: Ақмола.,Әкімбек, Қарағанды.Орналасуы: Қарағанды маңы.,Қызылсу.Орналасуы: Маңғыстау НЕОЛИТ.150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.,Жезқазған өңірі.,Усть-Нарым.Орналасуы: Шығ Қаз.,Зеленая Балка, Қарағанды.Орналасуы..: Орт. Қаз.,Пеньки.Орналасуы: Солт. Қаз,Сексеуіл.Орналасуы: Қызылорда обл., Железинка.Орналасуы: Солт. Қаз. Қараүңгір. Орналасуы: Қаратау. Энеолит Ботай. Орналасуы: Солт. Қаз., Шебір.Орналасуы: Маңғыстау
2.Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді. Алгашкы баспанасы Үңгір алғашқы кәсібі Терімшілік Жеміс жидек терумен әйелдер айналысты терімшілік - Егіншілікке көшті егіншіліктен - аңшылыққа аңшылықтан – малшаруашылығына көшті Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған мамонт, бизон, жабайы жылқыларды аулады - ер адамдар
3 Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы. Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.
4. Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады. 5,Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
6. Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. 2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. 7.Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. 8.Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік және ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзіне айналды десек те болады. Қазақстанның тым континентті климаты, жыл мезгілдеріндегі жауын-шашынның әрқилылығы, ауа-райының аумалы-төкпелілігі, яғни, табиғи-климаттық ерекшеліктері қазақ халқының шаруашылық құрылымы мен материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттары мен сипатын анықтап берді. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі табиғатты пайдалану мен шаруашылық әрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Тіршілік ортасына бейімделу мен өмір сүрудің ерекше әлеуметтік-мәдени типіне жататын мұндай ортада көшпелі мал шаруашылығы қарқынды дамыды, халықтың басым көпшілігі жыл мезгілдеріне қарай ауысып отыратын көшпелі өмір салтын ұстанды. Төрт түлік малды жыл бойына өрісте, жайылымда бағу көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі болды. Бұл бір жағынан су қоры мен жем-шөптің аздығына байланысты қалыптасты. Сол себепті мал басын сақтау мен көбейту үшін қазақтар жыл мезгілдеріне қарай көшіп-қонуға мәжбүр еді. 10 Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.Сармат тайпаларының қалыптасуы өте ерте заманнан басталады. Сармат тайпалары алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған.Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде б.з.б. III және б.з. IV ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай арасын мекендеген.Сармат тайпалары б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Бұл тайпаның аты б.з.б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Олар б.з.б. үшінші және б.з. төртінші ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген. Олар алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Б.з. IV ғ. ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударған. 11.Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтак кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды5. Меде билік ет-кен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сый-лық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі төлеп тұрды. 12. Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады.Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және тағы басқа қалалар. 13 Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді.Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен. Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI 14.Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген.аңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған.. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген. 15.Түрік қағанаты — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. 16.Батыс Түрік қағанаты (Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған, Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды. 17. алас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты 18.Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды. Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді. Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды. 19.IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл оғыздардың жаңадан әр үрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі. Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды. Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері күл-еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған. Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады. X ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Әли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс cалынған алым-салық оғыздардың наразылығын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Ақырында XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады 20 Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы ҚараханидтерҚарахан мемлекеті (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет. Қазақстан және Орта Азияның картасы(12 ғасырға дейін Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды 21.Қыпшақтардың саяси гегемониясының Қазақстан аумағына таралуы. Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: он бірінші ғасырдағы Оғыз мемлекетімен соғыстар; Хорезм шахымен және Қарахан әулетімен күрес; сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Қыпшақ хандары оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шегарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді.Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі оларда байланыс желісінің жетілгені болды. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін.Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырған. Қыпшақтардың мұсылман дінін қабылдауы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді. 22.Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық және мәдени-интерактивтік факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы ортағы (түркі тіліндегі «ортақ» деген сөзді сол дәуірлердегі барлық халықтар қолданған), яғни серіктесі болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында ерекше орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан. Мыңжылдықтардың өркениет жады мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды. 23 Моңғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық әрекетінде, тұрмыс-тіршілігінде, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорық болды, бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218-інші жылы қайта басталды. Шыңғыс хан өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, оның діни қудалауларына, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға мойынсынып, өз әскерлерімен оның қарамағына өтті. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды 24 Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. 25. амар әд-Дин Алтын Ордадағы билікті қолына алған Тоқтамыспен және Ақ Орда билеушілерімен Темірге қарсы одақ құрды.Әмір Темір 1389 жылы Моғолстанға және 1390-1391 жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға жорықтар жасады. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алады. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналады 26.Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енед 27.Әбілқайыр хан (1412 жыл – 1468 жыл) — өзбек ханы. Жазба деректерде Әбілқайыр қаған, Ұлы хан, Бузург хан, Хазірет Бузург хан деп айтыла береді.1428 ж. 16 жасында Әбілқайырды Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті өз қолына алысымен Дешті Қыпшақтағы саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды. Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұт-Қожа ханды талқандады. 30 – 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмет хан мен Махмұт хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (Әбілқайыр хандығы)Әбілхайыр ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Әбілхайыр ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж. Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңіліс тапқан соң, ашық күреске айналды. 1457—59 ж. аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты тайпалармен Шу өңіріне көшіп барып жеке Қазақ хандығын құрды (Жәнібек хан және Керей хан). 28.Қазақ-ноғай қарым-қатынастары (15 – 17 ғасырлар) – екі халықтың саяси және этникалық байланыстары. Қазақ хандығының сыртқы байланыстарында Ноғай ордасы елеулі орын алады. Қазақтар мен ноғайлар этн. жағынан өте жақын. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты мекендеген туыстас ру-тайпалардан құралды. Екі ел қарым-қатынастары әр кезеңде әр түрлі сипат алды. 15 ғасырдың ортасында қазақтар мен ноғайлар бірге тізе қосып, Шайбани ұрпағы билеген Әбілхайыр хандығын құлату үшін соғысты. Әбілхайыр хандығы құлаған соң, қазақтардың күшеюінен қорыққан ноғай билеушілерінің бірі Мұса би Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбаниді жақтап шығады да, оны Қыпшақ даласының ханы етіп көтеруге талпыныс жасайды. Бұған жауап ретінде Қазақ хандығының билеушісі Бұрындық хан 50 мың әскерімен ноғайлар мен Мұхаммед Шайбаниға қарсы жорық ұйымдастырды. Олардың арасында шайқас болып, Бұрындық Мұсаның ағасы Хорезмиді өлтіреді, бірақ шайқаста жеңіске ноғай әскері жетеді. Алайда ноғай билеушілері Мұхаммед Шайбанидің күшеюінен қорқып, оның хан болуына қарсы шықты. 15 ғасырдың 80-жылдары қазақтар мен ноғайлар Мұхаммед Шайбаниға қарсы Түркістан аймағында бірігіп күресті. Ноғай билеушілерін Едіге ұрпақтарының бірі Хамза бек басқарды. Қазақ хандығының тегеурініне шыдамаған Мұхаммед Шайбани Орта Азияға кеткен соң, олардың арасында ортақ мақсат болмай, Қазақ-ноғай қарым-қатынастарында енді ел мен жер үшін күрес орын алады. 29.Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.Жүз» ұғымының мәні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нәрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді. XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды. Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды: тайпалар мен рулардың (жүздерді құраған) өз басқарушылары болды (билер, батырлар), яғни билеушілер сол рудан болуы керек еді. Тайпалар мен рулар тек этникалық форма болып қана қойған жоқ, сонымен қоса оның мүшелерінің шаруашылық-саяси қауымдастығы да болып саналды. Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерін қамтыды. Негізін қалаған рулар: үйсін, қаңлы, дулат, жалайыр, албан, суан, шапырашты т.б. Орта жүз Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Орта жүздің шегарасы Арал теңізі мен Торғай өзенінен бастап, шығыста Ертіске, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, оңтүстік шегарасы Сырдария, Шу өзендері, Балқаш көліне дейін, солтүстік шегарасы осы күнгі Омбы, Түмен облыстарына дейін барады. Осы кең далада Орта жүздің негізгі тайпалары – қыпшақтар, арғындар, наймандар, керейлер, қоңыраттар өмір сүрді. Жүздерге бөлу тегі тайпалар арасындағы қатынастарды реттеу үшін ағалық (үлкендік) және кішілік сыйластық, құрмет тұтуға байланысты пайда болуы тиіс. Тұрмыстық және қоғамдық өзара қатынастарда да қазақ рулары осы тәртіп бойынша бөлінген . 30.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды. 32.Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. XVIғ басында қазақ хандығында Қасым хан 1511-1518ж билік етті.Қасым хан өмірінің сұлтандық дәуірі – 1511 жылға дейін Қазақ хандығының күшеюі мен Сыр бойы үшін жүргізілген күрестер жылдарыназақ хандығы өзінің Сыр бойындағы иеліктерін сақтай отыра, оңтүстікте Мауереннахрмен Ташкент өңірінде шектеседі. Түркістан аймағы XVI ғасырдың бірінші ширегінің соңына дейін Дешті Қыпшақпен бірге біртұтас саяси, экономикалық, этникалық, мәдени кеңістік құрайды. Жетісудың, Сырдария өзенінің орта ағысы бойының Қазақ хандығы құрамына енуі қазақ халқының этникалық аумағын біріктірудегі үлкен жеңіс болды.Содан бүкіл дешті Қыпшақ ханы атанады. 33. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.Хақназардың хандығы шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі башқұрттар аймағына дейін созылып жатты.Хақназар хан қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. 34.Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Қазақ-Жоңғар соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған. Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқына тигізген ең ауыр шабуылы деуге болады.Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.Сол кездегі қазақ батырларының көрсеткен ерліктері, қазақ халқының бірлігі «Аңырақай» шайқасында жеңіске жетуге себеп болды. Бұл оқиға қазақ есінде мәңгі қалатын өшпес із болмақ. Болашақ ұрпаққа үлкен сабақ болмақ. Қазақтардың қайтпас қайсарлығы, еліміздің осындай бейбітшілік күнде өмір сүріп жатқанымыздың жемісі. Ақтабан шұбырынды оқиғасының мәңгі тарихта қалуы ұлы жеңіске жетуінің, ұлы дала болуының бейнесі ретінде есте сақталады.Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасының басталуы мен аяқталуы туралы деректерді жинақтай келе Абылай ханның даналығының арқасында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтағанын көреміз. Жоңғар елінің ішкі алауыздығын тудыру арқылы, сыртқы қорғаныстарын әлсіретіп жаулап алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 35.Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі – жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай – ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе – жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралық көзге түскендерді де, барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын.18 – 19 ғасырларда қазақ хандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және Кенесары батыр атанды. 18 ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. 19 ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай – ақ Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт – азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды. 36. Түркі халықтары мен басқа халықтар арасында тарихи таным, білім – ауызша сөйлеу дәстүрінде пайда болды. Tарихи аңыздар — әр халықтың тарихи білімінің ең қызықты, есте қаларлықтай нысаны. Тарихи аңыздар пайда болған сәттен бастап халықтың тарихи сұраныстарына қызмет етіп, халықпен бірге жұмыс істейді. Тарихи аңыз, белгілі бір кейіпкердің қатысуымен белгілі бір оқиғаға байланысты пайда болған тарихи поэма уақыт талаптары мен талаптарына сәйкес, баяндаушылар мен тасымалдаушыларға байланысты өзгерістерге ұшырайды. Халық ауыз әдебиеті материалдарын тиімді пайдалана білу. Eл тарихы мәселелерін дұрыс түсіндіруде бірден-бір айқын, дұрыс жол. Қазақ халқы ауызша тарих пайда болуы және дамуының барлық кезеңдерінен өтті, және бұл процесс әртүрлі жанрларда көрінді аңыз айту;Хроникасы;классикалық және лиро-эпостық жырлар ;тарихи поэма;Әрине, аталған төрт жанрдың соңғысы апогея немесе тарихи баяндау тарихындағы ең шарықтау шегі деп айтуға болады. 38. Ордабасы жиыны, Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты үш биге ескерткіш орнатылған. 39.Қалмақтармен соғыста жекпе-жектер бірнеше күнге, тіпті айға дейін созылатын. Жекпе-жек – әскери өнердегі жауынгерлердің жетістіктерін айқындайтын батырлар айқасының төресі.әрбір халықтың ертеден қалыптасқан әскери өнері мен жауынгерлік дәстүрлері болады. Елін, жерін көздің қарашығындай сақтау, өзіндік саяси, қорғаныс стратегиясын қалыптастыру кез-келген мемлекет үшін аса маңызды. Көшпенді халықтың жауынгерлік дәстүрі мен ұрыс жүргізу жолдары жаһандық әскери ғылымның қалыптасып дамуына үлкен септігі тиді. Бұны қазір көптеген тарихшы-ғалымдар мойындап, мәлімдеп жүр. 40.Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жатқан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды. 1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді. Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын. 1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. 41.Абылай өзінің негізгі күшін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағытталды. Қалден Церен -қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасындағы тақ таласын тиімді пайдаланып, олардан қазақ жерін қайтарып алды.Жоңғар мемлекетін жоюдың басталған кезінде қазақ билеушілері мен Қытай үкімет билігі арасында жер қатынастарына байланысты шиеленісті дау туды. Қазақ басшылары Жоңғария жерінің бір бөлігін оның байырғы қожайыны болып табылатын қазақтарға қайтарып берілуін талап етті. Бірақ Қытай үзілді –кесілді бас тартты.1761жылы Қытай боғды хан ы Аягөз өзенінің оңтүстүк бөлігіне көшіп-қонуға тыйым салды . Абылай қытайлықтармен келіссөз жүргізуді күшейте түсті . Соның нәтижесінде 1767ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қайтарып беруге мәжбүр болды. Абылайдың қырғыздармен де қарым-қатынасы күрделі болды. Қырғыз жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап тыныштықтарын алды. Абылай екі рет шабуыл жасап, үшіншісінде келісімге келіп қырғыз манаптарының балаларын аманатқа алып, көптеген қырғыздарды айдап алып келді. Олардан екі болыс ел құрап, атығай руының арасына қоныстандырды. Абылай ханның бұл шаралары қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнауына үлкен себебі болды.Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жәгері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды. 1778 ж Ресейдегі патша үкіметі Абылайды бір ғана Орта жүздің ханы деп таныды. Бірақ ол ант қабылдау рәсіміне барудан бас тартты. Абылай хан былай деп санады: мені билеуші хан етіп халық сайлайды, олай болса орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант беруге тіпті де міндетті емеспін деп білді.Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. 1759 жылы патша үкіметінің әкімшілігі Әбілмәмбетті тағынан тайдырып, оның орнына өзінің отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде етті, бірақ Абылай сұлтан одан бас тартты. 42. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды.Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. 1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды. 43. Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді. Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. 44.Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері. Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан.