Қазақстан беделді халықаралық



Дата28.09.2022
өлшемі1,77 Mb.
#40690
Байланысты:
СӨЖ 8-апта


Орындаған:
Қабылдаған:
СӨЖ 8-апта
Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар

«Қазақстан беделді халықаралық

«Қазақстан беделді халықаралық

ұйымдар мен байланыс жасай отырып,

еліміздің қауіпсіздігі мен халықаралық

беделін көтерді»

Н.Ә. Назарбаев


Халықаралық ұйымдар
БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы)-1945 жылы құрылды. Штаб пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Құрамында 188 ел бар.(2000 ж)
ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы)-1946 жылы құрылды. Штаб пәтері Париж қаласында орналасқан. Құрамында 183 ел бар.
ЕО(Еуропалық одақ)- 1957 жылы құрылды. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамында Аустрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Франция, Финляндия, Швеция елдері бар.
АСЕАН(оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы)-1967 жылы құрылды. Штаб пәтері Джакарта қаласында орналасқан. Құрамында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Вьетнам, Бруней, Лаос, Мьянма, Камбоджа елдері бар.
ОПЕК(Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы)-1960 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Ливия, Алжир, БАӘ, Венесуэла, Габон, Индонезия, Катар, Кувейт, Нигерия елдері бар.
МАГАТЭ(Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік)-1987 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында 120-ға жуық ел бар.
НАТО(Солтүстік Атланттық келісім ұйымы)-1949 жылы құрылған. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамынды АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Канада, Люксембург, Исландия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония елдері бар
Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінде.
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазсқатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.

«Джигсо» әдісі
Элиот Аронсон бойынша

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет