Досыңмын деп aт береді, Жем іздеген жаныма



бет1/4
Дата19.12.2023
өлшемі32,31 Kb.
#141014
  1   2   3   4
Байланысты:
АЛҒЫС АЙТУ


Досыңмын деп aт береді,
Жем іздеген жаныма.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
Нағыз достар, бір-ақ, қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталаған.
Сол қойманың бір түкпірін,
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді, іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.
Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық жан керек.
Ішкі сырды мысал етіп,
Біраз ғана жырлайын,
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.
Сарыарқаның бір тауы бар –
Бір тауы бар сымбатты.
— Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ бір биік.
Шын суретті бейне жұмбақ,
Тұрғандай көп сыр жиып.
Шыңды айналған құзды шаттар,
Құзды шаттар аққан су,
Сылдырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Сөзім мысал, достым, тыңда.
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар, сол бір шыңда,
Сол бір шыңда қойма бар.
Қойма шыңның нақ басында,
Нақ басында қақпасы.
Алтын жазу қақ басында,
Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада қымбат жасау,
Қымбат жасау сақталған.
Текшелеген сымдап жасап,
Сымдап жасап қақталған.
Бір сандық бар емес түрде,
Емес түрде көрнекті.
Бір түкпірде беті перде,
Беті перде өрнекті.
Бір сандық бар, ол сандықта,
Ол сандықта бір сандық.
Сырдың кілті қол сандықта.
Қол сандықта сыр сандық.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген сыршылым.
Жібек талдап түйін түйген,
Түйін түйген түршілім.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көңіл ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай
Алтын сарай қойманы.

1926 жыл, 26 ақпан. (Экспресс)




Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!

Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген апатай,
1000 алғысын айтады күнің кеп!

Немере ыстық екен баласынан,
Аташым, артықсың сен бар асылдан.
Алғысты бір өзіңе жаудырамын,
Көзіңнің санадың артық қарасынан!

Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам,
Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!

Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!

“Ағайын тату болса, ас көп” деген,
Жақсылықта əрқашан бірге жүрген.
Ағайын, бауырларға 1000 рахмет,
Қиналғанда бір-бірін демеп жүрген!

Ұстазым - сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!

Дос дегенің- бауырың, ол сырласың,
Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.
Шын достыққа тең келмейді ештеңе,
Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!

Серігім бар өмірлік жан жолдасым,
Отбасыңа қашанда сен қорғансың.
Алғыс айтып əрқашан жүрем саған,
Разы болып Аллахым өзі қолдасын.

Балаларым-бақытым да байлығым,
Сендер барда ұмыт болар қайғы-мұң.
Алғыс айтып Жаратқаннан тілеймін,
Жүректерім көрмесе екен қайғы-мұң.

Әріптестер, жұмыста бірге жүрген,
Ебін тауып арасында ойнап-күлген.
"Ұстаз" деген ұлық атқа лайық жандар,
Алғысымды жаудырдым сіздерге мен.

Шəкірттерім, болашағым, арманым,
Қанат қағып биіктерге самғағың.
Сендерсіңдер болашағы елімнің,
Шексіз алғыс айтамын мен, жандарым.
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс - әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым - қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым - қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.
Слайд: «Жаныңда жүр жақсы адам.......»
Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той - томалақта адамдардың бір - біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.

— Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

«Автограф» ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет)
Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.
1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тәрбиелік шара жүктеу
Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену) ақырын музыка ойнатылып турады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыныз..осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.
Жаймен көзінізді ашуға болады.
І-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер! «Алғыс ай
Жолында жүк қалдырмас нар болғаның үшін,
Аяулы анама жар болғаның үшін.
Бір түйір қаның ем, далаға тастамай..
Сəбилік шағымнан бар болғаның үшін..
Алғыс айтамын, ƏКЕ.!
Он екі мүшемді сау етіп, тапқаның үшін,
Үкілеп үмітімді жаққаның үшін.
Отқа күйдірмей, суға түсірмей,
Етегіңе салып баққаның үшін.
Аналық бақытты таңдағаның үшін,
Қылдай қиянатқа бармағаның үшін.
Маңдайыңды төсеп машақаттарыма,
Бар ғұмырыңды бізге, арнағаның үшін..
Мың алғыс, АНАШЫМ.!
Ниеті ыстық, қадірі бөлек,
Жүрсе екен дəйім, Тəңірім жебеп.
Қиналып барсам құшағын ашқан,
Ағайындарымның əрбірі керек.
Анамның көзі, əкемнің ізі,
Құрсақта бірге, қабірі бөлек...
Көп алғыс, БАУЫРЛАРЫМА.!
Мені осы шексіз құрметке бөлеп,
Қатарларына қосқанға, АЛҒЫС.!
Дүние деген дүрмекте демеп,
Жанымда болған достарға, АЛҒЫС.!
МЕХНАТ ТЕМІРТАСҚЫЗЫ
Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!

Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген апатай,
1000 алғысын айтады күнің кеп!

Немере ыстық екен баласынан,
Аташым, артықсың сен бар асылдан.
Алғысты бір өзіңе жаудырамын,
Көзіңнің санадың артық қарасынан!

Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам,
Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!

Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!

“Ағайын тату болса, ас көп” деген,
Жақсылықта əрқашан бірге жүрген.
Ағайын, бауырларға 1000 рахмет,
Қиналғанда бір-бірін демеп жүрген!

Ұстазым - сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!

Дос дегенің- бауырың, ол сырласың,
Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.
Шын достыққа тең келмейді ештеңе,
Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!

Серігім бар өмірлік жан жолдасым,
Отбасыңа қашанда сен қорғансың.
Алғыс айтып əрқашан жүрем саған,
Разы болып Аллахым өзі қолдасын.

Балаларым-бақытым да байлығым,
Сендер барда ұмыт болар қайғы-мұң.
Алғыс айтып Жаратқаннан тілеймін,
Жүректерім көрмесе екен қайғы-мұң.

Әріптестер, жұмыста бірге жүрген,
Ебін тауып арасында ойнап-күлген.
"Ұстаз" деген ұлық атқа лайық жандар,
Алғысымды жаудырдым сіздерге мен.

Шəкірттерім, болашағым, арманым,
Қанат қағып биіктерге самғағың.
Сендерсіңдер болашағы елімнің,
Шексіз алғыс айтамын мен, жандарым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет