«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Қазақстанның кәсіптік-аңшылық құстары түрлері (қазтәрізділер). Тиімді пайдалану және



бет36/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Қазақстанның кәсіптік-аңшылық құстары түрлері (қазтәрізділер). Тиімді пайдалану және қорғау.
Құстар — омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
алғашқы құстар – археоптерикс;
тісті құстар;
қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;
қырлы төсті құстар.
Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты - шалшықты және су құстары деп те бөліп жатады. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Ендігі кезекте біз Қазтәрізділерге келетін болсақ,Қазақстанда 16 туысы, 40 түрі бар. Басқа құстардан айырмашылығы: мойны ұзын, құйрығы қысқа, аяғы 4 башайлы, алдыңғы үшеуі жарғақты келеді. Тұмсығы жалпақ, шеті жұқа, ұшында мүйізді түбіртік "тырнақшасы" болады. Қауырсындары қалың, тығыз, денесінің бауыр жағында мамық көп болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған. Көбі суда жақсы жүзеді. Қ. т. сүңгуір құстар, көптеген түрі 40 м тереңдікке дейін сүңги алады, тағы бір ерекшелігі - суыққа (температура - 110˚С-қа дейін) төзімді (қаз бен үйрек). Салқын және қоңыр-жай аймақта кездесетін көп-теген түрі - жыл құсы. Ұя басу үшін наурыз - сәуір айларында ұшып келіп, қазан — қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Каспий теңізінен Жерорта теңізіне дейінгі шалғай аймақтарда қыстайды. Ұясын үй маңындағы жерлерге, таяз су бетіне, ағашқа, інге, кеуекке, жартасқа салады. Ұясына мамық, шөп төсейді. 5 — 20 жұмыртқа салып, оларды 20 — 40 күндей басады. Жыныстық жағынан 2 — 4 жасында жетіледі. Құрақ өркенімен, өсімдік тамырымен, ұсақ балықтармен және омыртқасыз су жәндіктерімен қоректенеді.

Қазтәрізділердің 9 түрі (қызылжемсаулы қарашақаз, қутұмсық, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмәр шүрегей, алакөз сүңгуір, дөңтұмсық тұрпан, қара тұрпан, ақбас үйрек) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет