Алкалоидты өсімдіктер Темекі (Табак- Nicotiana), Көкнәр (Мак опийный- Papaver), Шәй (Чай- Theaceae). Алкалоидтар - өсімдіктерде кездесетін, органикалық азотты қосылыстардың бірі. Олардың физиологиялық әсері өте күшті. Ол адам мен жануарлар үшін күшті у болып табылады. Бірақ аздаған дозаларда дәрі ретінде пайдаланылады.
Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай. Алкалоидтарды анықтау және бөліп алу үшін көптеген тұнбаға түсіру және түсті реакциялар қолданылады. Мысалы, бірқатар алкалоидтар фосфорлы молибден қышқылы, танин, пикрин қышқылдары арқылы тұнбаға түсіреді. Алкалоидтардың барлығы кристалдық тұздар құрады. Бұл тұздарды алкалоидтарды бөліп алу үшін және оларды тазарту үшін қолданады.
Алкалоидтардың шығу тарихы Алкалоид деген ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс ғалымы Карл Мейсснер болатын.
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.
Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез
Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті
Көкнәр(лат. Papáver) – көкнәрлер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар.[1] Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі (P. somnіferum) жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе Көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[2] Апиын (Опий) — көкнәрдің піспеген кездегі сүтті сөлінің ауада қатайғанда беретін қоспасы. Күшті наркотик.