Жеміс-жидектіөсімдіктер. Жеміс-жидек дақылдары - шырынды және құрғақ жеміс-жидекті өсімдіктер. Жеміс-жидекті дақылдардың жемісі 6 топқа бөлінеді. Олар: шекілдеуікті (алма, долана), сүйекті (шие, алхоры), жидекті (қарақат, жүзім) жемістер. Сондай-ақ жаңғақты (талшын, жаңғақ), цитрусты (мандарин, апельсин) және субтропиктік (құрма, інжір) жемістер. Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік-шығысында алма, алмұрт, алхоры өсіріледі. Ал солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында тошала, қарақат, долана, шәңгіш, шетен өседі.
Таңқурай - қосжарнақтылар класы раушангүлділер тұқымдасына жататын биіктігі 1,5 м шала бұталы дақыл. Қазақстанда таңқурайлардың жемісі ірі, бірнеше іріктемелері өсіріледі. Ақ күлтелі гүлдерінде өте көп аталықтар мен аналықтар орналасады. Жемісі - қызыл, кейде сары көпсүйекті. Сондықтан жемістің бұл түрі жидек деп саналмайды. Жемісі тәтті, хош иісті. Пісіп жетілген кезде гүлтабаннан және тостағанша жапырақшадан оңай ажырайды. Жемісінде 11 %-ға дейін қант, 0,3%-ға дейін илік заттар, С, А, В витаминдер бар. Тұқымында 22% мөлшерінде май болады. Таңқурай егілген 1 га жерден 100 килограмға дейін бал алынады.
Таңқурайды тамыр атпасынан және тамыр қалемшесінен өсіреді. Көктемде немесе күзде қатардағы ара қашықтығын 30-50 см алшақтықта отырғызады. Қатар аралықтары 2,5-3 м болуы қажет. Түсімін жақсартыл, оларды тозаңдандыру үшін омарта пайдаланылады. Отырғызылған таңқурай түптері қалыптаса бастайды. Әр түпте 8 - 1 0 өркен қалдырыл, нашар өскен өркендерді жұлып алады. Жемістерін көтере алмай, сабақтары иілмеу ішін қатарластырып сүйеніш қазық қағады. Жемістердің пісіп жетілуі біркелкі емес. Сондықтан жемісті әрбір 2 - 3 күн сайын жинап алған жөн. Жемісі жалпы 20 күнде пісіп жетіледі. Таңқурайдан 2 айға дейін жеміс жинауға болады. Жемісін жейді, сондай-ақ одан тоспа, компот, шырын дайындалады.
Жерсіндірудің Қазақстан биоресурстары өнімділігін арттырудағыролі. Жерсіндірудің Қазақстан биоресурстары өнімділігін арттырудағы рөлі?
Жерсіндіру –жануарларды олар мекендемеген экожүйелерге қоныс аударуы. Сирек кездесетін немесе құрып кетуге жақындаған түрлерді қорғап сақтап қалу үшін және адамдардың қажетін өтейтін түрлердің барынша кең таралуына жағдай жасау үшін қолданылады;
ағзаның өз аралынан тыс жерлердің орта жағдайларына бейімделуі;[1]
организмдердің жаңа орта жағдайына бейімделуі. Өсімдіктерді жерсіндіруде климаттық факторлардың (ауа температурасы, ылғалдылығы, жауын-шашын және жарық мөлшері, т.б.), топырақтың түрі мен оның құрамындағы микрофлораның, сондай-ақ өсімдіктердің өздеріне тән ерекшеліктерінің маңызы зор. Өсімдіктерді жерсіндіруде жеке түрлердің географиялық және жіктелімдік гибридизациясы пайдаланылады. Жабайы өсімдіктермен будандастыру, қайталанған ұрпақтарды өсіру, телітуші ағашқа егу, суғару, тыңайтқыштар енгізу, өсіретін және дамытатын реттегіштер арқылы әсер ету жұмыстары орындалады. Ауыл шаруашылығында жерсіндіру мәдени өсімдіктердің жаңа аудандарға таратылуын тікелей байланысты. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктер көптеген аймақтарда мыңдаған жылдар бойы өсіріліп келеді. Жүзім, өрік, шие, т.б. жеміс ағаштары, шай бұтасы, шырын жемісті өсімдіктер (апельсин, мандарин, грейпфрукт, т.б.) эвкалипт, бамбук, т.б. бірте-бірте солтүстік аудандарға ауысты. Жерсіндіруге байланысты негізгі жұмыстарды ботаникалық бақтар мен жерсіндіретін көшеттіктер (питомниктер) жүргізеді.
Жануарларды жерсіндіруде ауа райының ерекшеліктерінен басқа азыққа бәсекелестіктің, маусым кезінде жерге таласудың, жыртқыштар мен ауру қоздырғыштардың маңызы зор. Әдетте, жаңа жерге қоныстанған түрлер сырттан қысым, бәсекелестік көрмесе тез бейімделіп кетеді. Сырттан әкелінген малды жергілікті малмен будандастыру арқылы өнімділігі жоғары түрлер алынады. Мысалы, қазақтың ақбас сиыры, алатау сиыры, қазақтың қылшық жүнді қойы, т.б