Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының пайдалы илік, техникалық, тағамдық, эфир майлы, дәрілік өсімдіктүрлері. Эфир майлы өсімдіктер және олардан алынған эфир майларының шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олар өте кеңінен парфюмерияда, косметикалық өндірісте медицинада пайдаланылады; Мысалы иіс сулар, кремдер және тағы басқалары шығарылғанда барлық өндірілетін эфир майларының 90 сол парфюмерия- косметология өндірісінде падаланылады.
Микробтарға қарсы, инсектицидті, фунгицидті қасиеттеріне байланысты эфир майлы өсімдіктер және олардың майлары халықтық және ғылыми медицинада кеңінен пайдаланылады.
Эфир майларымен емдеу өте тиімді болғандықтан оларды ғалымдар ерекше терапия, ароматотерапия деп атады. (Павлов, 1942, Лушников, 1943 және т.б.)
Эфир майларының фармацевтикалық өндірісте дәрілік препараттарды өндіруде маңызы зор. Мысалы препарат “Энатин” құрамында Андыз тамыр , айр (Acorus calamus- Айр, ирный корень) және жалбыздың (Меnta- Мята) майлары болады.Препарат “Артемира” құрамында жусанның, жалбыздың және шабдалының майлары болады. Аталған препараттың спазмаға, зәр айдаушы өт айдайтын әсерлері бар.
Тамақ өнеркәсібі әртүрлі өнімдер шіруден және зеңнің (плесень) пайда болуынан үлкен шығынға ұшырайды. Ал эфир майларын пайдаланып ол процесстерге тосқауыл қоюға болады.
Дермотофиттер (Дерма-кожа-қабық) және зеңдер теріні және ішкі органдарды әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Бұл ауруларға қарсы медицинада тиімді дәрілер шектеулі .
Кейбір эфир майлы өсімдіктер және олардың мүшелері тағам ретінде пайдаланылмағанымен тамаққа қосса оған ерекше дәм береді. Ондай өсімдіктерді хош-иісті өсімдіктер деп атайды. Ол өсімдіктердің хош-иісті болатыны олардың құрамында эфир майы, гликозидтердің және басқада химиялық қосылыстардың болуына тікелей байланысты. Ондай хош-иісті қасиет беретін заттар әртүрлі вариантта пайдаланылуы мүмкін.
Ет және еттен жасалынған өнімдерге хош-иісті заттар эфир майлары, майонездің, соустардың және салат тұздығы жиынтығы ретінде пайдаланылады.
Көптеген эфир майлы өсімдіктер микробтарды өлтіретін қасиетіне байланысты консервантор ретінде пайдаланылады. Мысалы: Саз қызанақ (ledum palustre-Багульник болотный), Көкбас жұпаргул (Origanum tyttanthym –Душица мелкоцветковая)
Құйып жасайтын ет консервлеріне, колбаса және кулинариялық өнімдерді жасағанда өсімдіктерді түгел немесе ұнтақ түрінде пайдалануға болады.Мысалы шатыргүлділер жемістері, ерінгүлділер жапырақтары
Жемістен жасалған хош-иісті препараттарға эфир майлары қосылады.
Қазіргі кездері конфеттер массасына әртүрлі эфир майлары мысалы раушан, қалампыр, кардамон, жалбыз, лимон, апельсин, шалфей және т.б. өсімдіктердің эфир майлары қосылады.
Нан өндіретін өндірістерде әртүрлі хош-иісті өсімдіктер пайдаланылады. Мысалы: кәдімгі анис (Anis vulgare- Анис обыкновенный), Кориандр (Сoriandrum), Тмин (Carum), Кәдімгі құлмақ (Humulus Lupulus –Хмель обыкновеный), Көкнәр (Papaver), Бәйшешек (Crocus)
Парфюмерияда және сабын өндіретін өндірісте қарағай (Pinus- Cосна), Шырша (Piceae- Ель), Арша (Juniperus- Можжевельник), Аиыр (Aсаrus- Аир), қайың (Вetula- Береза), Раушан (Rosa- Роза), Жалбыз (Menta-Мята) кеңінен пайдаланылады.
Эфир майлы өсімдіктер негізінен Қарағайлар (Pinaceae- Сосновые), Кипаристер (Cupressaceae - кипарисывые), Астралар (Asteraceae- Астровые), Селдерейлер (Apiaceae- ceлдерейные), Тауқалақайлар (Lamiaceae- яснотковые) тұқымдастары өкілдері.