«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Мәдениет Қаратайұлы Көкеновтың Қазақстанның «Ботаникалық ресурстану» ғылымының дамуына қосқан үлесі, еңбектері



бет59/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Мәдениет Қаратайұлы Көкеновтың Қазақстанның «Ботаникалық ресурстану» ғылымының дамуына қосқан үлесі, еңбектері.
Мәдениет Қаратайұлы Көкенов – биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі.
1990-1994 - осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
1962 - ҚазПИ-ді қазіргі ҚазҰПУ бітірген.
1976-1977 - Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі және
Негізгі ғылыми еңбектері ботаникалық қортану, өсімдік дүниесін қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған

Қызанақ[томат, помидор (лат. Solanum lycopersicum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.


Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссель қырыққабаты, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат – қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері – жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 – 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 – 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 – 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 – 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 – 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 – 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат – құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 – 900 ц. өнім түседі. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз.
Сәбіз (лат. Daucus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин құрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының езбесінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді). Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді сорпаға не соусқа әзір болардан 15—20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Сәбізге май қотанда, оның құрамындағы каротині еріп, жақсы сіңеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет