2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО)–Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылатын одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітсе, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Еуразиялық экономикалық одақ саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылды.