ЕурАзЭҚ шеңберінде тәуелсіз Қазақстан экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысын күшейтті. 2009 ж. маусымда Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметінің басшылары ДСҰ-ға бірыңғай кеден кеңістігі ретінде, яғни Кеден комиссиясы атынан кіру келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден Одағы өз қызметін бастады. 2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады. 2009-2014 жылдары Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен сауда айналымы 24 млрд. долларды құрады.