Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер пәндер кафедрасы сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негізі пәні бойынша лекциялар тезисі


тақырып. Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері



бет6/10
Дата11.12.2023
өлшемі447,83 Kb.
#137357
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер -emirsaba.org

5 тақырып. Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері
1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері.
2. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері.
3. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

  1. Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауғадайын азаматтардытәрбиелеуқажеттілігіҚазақстанныңбарлық білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр.


Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыдан қайта салмақтау қажет.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық кең мағынасында – бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын ықпал ету. Ауқымсыз педагогикалық мағынада – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен оның нәтижесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір білім алушының соған көзін жеткізу.
Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани сана-сезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру; 2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру; 3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді.
Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:
– білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайларының болмауы;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі;
– білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу;
– білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет [3].
Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас – әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын қалыптастыру.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн.
Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне, өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет. Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор. Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды. Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің негізгі міндеті.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруды құқықтық мәдени тәрбиеден бастаған жөн. Құқықтық мәдени тәрбиелеу – Бала құқығы туралы конвенцияны ратификациялаған мемлекеттің міндетті саяси бөлігі болып табылады. БҰҰ негізгі құжат ретінде қабылдаған, әлемдік қоғамдастық таныған «Бала құқығы туралы конвенция» баланы дербес құқық субъектісі деп жариялайды. Бірақ, бала құқықтарын іске асыруды құқықтық қорғау заңдарын қабылдау және олардың орындалуын қамтамасыз етудің тетіктерін құру арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, барлық қоғамның, ересектер мен балалардың, әрбір адамның баланы өз құқықтары мен міндеттері бар дербес тұлға ретінде тануы маңызды болып табылады.
Құқықтық тәрбие – баланың құқықтық тұрғыдан тәрбиесін қалып-тастыру мақсатында баланың санасы мен әрекетіне мақсатты және жүйелі әсер ету, яғни мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп жасындағылардың терең және орнықты құқықтық білімдер мен сенімдердің болуы мен оларды қалыптастыру дәрежесімен сипатталатын, тұлғаның кешенді сапасын білдіреді, ал оны күнділікті тіршілікте іске асыру қоғам талаптарына сай келеді [5; 6].
Баланың өзін-өзі, өз әрекетін бағалай білмеуі оның рухани сана-сезімін қалыптастыру қиындығының бірі болып табылады. Ол өзін-өзі қайраткер ретінде сезінуі мүмкін (зерделі – зердесіз, әдемі жазады – жазуы шимай), бірақ балалардың өзін тұлға ретінде бағалау тетігі 12 жасқа дейін, кейбіреуінде одан да кеш оянады. Ал рухани әрекет негізінде осы тетік болады. Рефлексия – бұл өз әрекетін сезіну және бағалау қабілеті. Бұл өте құнды қасиет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың рефлекстік құрылымын дамыту тәсілдерінің бірі – баланың өзін әдеби персонажбен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. Біз рухани әрекет туралы атқан кезде біз бағалау критерийлерін қолдануға мәжбүр боламыз. Бұл ретте көбіне адамның өзі емес оның әркез «жақсылық пен жамандық» деген санатпен айқындауға болатын әрекеті бағаланады. Екінші жағынан әрбір адам, оның ішінде бала да өз әрекетін осы эталондармен салыстырады. Алайда, балаға өз әрекетін теріс полюспен салыстыру қиын. Егер бала бұл эталонмен салыстырса, онда көбіне бұл формальды түрде жасалады. Ол әділетсіздік жасай отырып, өзін ақтайтын сылтау табады. Әрекетті бағалау кезінде баланың жаман әрекеті үшін алаңдаушылығын туғызу проблема болып табылады.
Классикалық балалар әдебиеті баланың жас кезден-ақ кітап кейіпкерлерінееліктеу,аумалызамандадұрысбағдаралуынакөмектесетін әрекетін реттеу үшін құнды мәлімет береді. Мұндай жұмысты интерактивті әдістердің жәрдемімен де (ойындар, мультфильмдер, комикстер және т.б.) ұйымдастыруға болады.
72 5-6 жастағы балалар (мектепке дейінгі жоғары жас) өзіне қатысты да басқаларға (достары, туыстары) қатысты да әділетсіздікті толықтай түйсініп, сезінеді. Әділдік сезімі көрінісіне сүйене отырып, баланың кез келген адамның және өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінуіне есеп жасауға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік мүмкіндігі шынайылықтың алуан саласындағы елеулі байланыстар мен тәуелділікті көрсететін түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы саласындағы психологиялық зерттеулердің авторлары өзі, өзінің «Мені» туралы ұғымның құндылығы мен маңыздылығын дәлелдеп берді. Олардың тұтастай «Мен образын» құрудағы, ілгерінде өзін-өзі бағалау қабілетінің пайда болуындағы, өзін-өзі жасампаздыққа бастау қабілетін дамытудағы рөлі көрсетілді [1].
Құқықтық мәдениет бойынша материалды балалардың игеру тиімділігін арттыру үшін: «Баланың құқықтары туралы декларация», «Баланың құқықтары туралы конвенция» сияқты әлеуметтік құжаттар жөнінде әңгіме құру түрінде алдын ала сауат ашу жұмысын жүргізу қажет. Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар барысында оқытудың: көрнекі (бала құқықтары туралы плакаттар, ертегілерге иллюстрациялар, «Баланың құқықтары туралы декларация», «Баланың құқықтары туралы конвенция»), ауызша, ойын, проблемалық оқыту,
практикалық әрекет әдісі сияқты оқыту әдістерін пайдаланған орынды. Қызмет соңында мына тақырыптарға сурет салу конкурсын өткізуге болады: «Мен және менің құқықтарым», «Бақыт қаласы», «Демалысымды қалай өткіздім», «Мен және менің отбасым» және т.б. Білім беру қызметінің мұндай мазмұны өз құқықтары мен міндеттеріне қызығушылықты дамытуға, әлеуметтік әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған [2].
Балаларға тікелей білім беру қызметін олардың қызығушылығына, даму деңгейіне сүйеніп, сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктері мен бастамаларын ескере отырып, құрылуға тиіс. Балалардың өз әрекетіне жауапкершілігі пайда болады, өйткені құқықтар мен міндеттердің нақты шегін айқындай алады. Құқықтық білімдерді өмірде қолдана отырып, балалар өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, өз құрбы-құрдастарымен және ересектермен жанжалсыз байланысуды үйренеді, үйдегі және қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс нормасын игереді.
Кіші мектеп жасындағы баланың елеулі тану қызығушылығын жандандыру,өз-өзіне сенімді болуына, ерік-жігерін, адамдарға қайрымды қатынас қалыптастыру, өзін Жер Шарының және өз елінің азаматы ретінде сезінуіне ықпал ету қажет.
Кіші мектеп жасындағылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауат ашу мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні аясында арнайы сағаттар енгізуге болады. Жасампаз, үйретуші және ойын әрекеттері, тәрбие іс-шараларын, практикумдар мен сюжетті-рөлдік ойындар мейлінше тиімді және пәрменді болады. Бірінші кезекте имитациялық және іскерлік ойындар ұйымдастыру қажет, оның шеңберінде білім алушылар белгілі бір билік өкілеттіктеріне ие болып, оны ойын барысында іске асырады.
Мазмұны бұл жастағы балаларға түсінікті болатын ойын ретінде әртүрлі кейіпкерлерді бейнелеуге болады.
Осылайша мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру тиімділігі рухани тәрбиелеудің жалпы жүйесі аясында төмендегі жағдайларда іске асыру мүмкін болады:
– балаларға адам құқығының ізгілік мәнін, оның міндеттерін, әрекет нормалар мен қағидаларын терең сезінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерінің кешенін пайдалану;
– балалар тобының ізгілік сезімдері мен сыйластық қатынастарын көрсетуді ынталандыратын ахуал жасау;
– педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік ұмтылыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету.
Балалар өз-өзіне сенімді болу, өзін-өзі сыйлау және басқаларды құрметтеу тұрғысынан тәрбиеленуі тиіс. Әрбір бала өзіне қажетті жағдайда жеңіл қолдана алатын өз құқықтарын, міндетін білуге тиіс.
2. Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері. Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек. Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын туғызған жөн. Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс. Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері, жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс.
Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру болып табылады, олар балалардың:
– сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен айыруға;
– сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін уәжді ұғынуға;
– сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі.
Бұл жаста білім берудің этностық компоненті – рухани құндылықтың мазмұны мен маңызын ашуға және жасөспірімдердің ізгілік рухани бағдарын қалыптастыруға назар аудару қажет. Дәл осы ізгілік рухани бағдарлар, егер олар рухани білім беру мен тәрбие жүйесінің бастапқы кезеңінде жасақталса, ол орта сыныптарда құқықтық құбылыстарды, ілгерінді құқықтық сезімдер мен ұстанымдарды әлеуметтік пайдалы бағалау бойынша құқықтық білім беру процесінде қалыптастыру үшін іргетас болуға тиіс.
Осының негізінде, нақ осы орта мектеп жасы білім алушылардың құқықтық білімі жүйесін қалыптастыруда шешуші фактор ретінде қаралады, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандығы мен міндеттері олардың өзегі болып табылады.
Барлық тұтастай мектебі әлеуметтік білім беру және тәрбие жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі ақпаратты алуы және ұсыну тәсілдері болуы мүмкін, олар сынып сағаттары, әртүрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, саясаткерлермен, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; дәрістер; күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына қарсы тұру тақырыбына пікірсайыстар, пікірсайыстар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік сабақтарда азаматтықпен және патриотизммен, мораль және руханилық ұғымдармен байланысты проблемаларды талқылау; кино материалдар көру және т.б. Бұл ретте негізгі екпін қалай көп білуге емес қалай мейлінше дұрыс бағалауға жасалуының маңызы зор.
Білім алушыларға бұл саладағы білімді тереңдетуге және нақтылауға мүмкіндік беретін үлгілік сұрақтар мен тапсырмалар, шығармашылық жұмыстардың тақырыптар және т.б. ұсыну да маңызды. Олар сабақта үй тапсырмасы ретінде талқылау үшін ұсынылуы мүмкін, өйткені олар қосымша әдебиетпен, Интернет ресурстарымен және т.б. жұмыс істеуді талап етеді. Тақырыптарды зерделеу кезінде мұғалім мағыналық екпіндерді дұрыс қоя білуі, оқушылардың сыбайлас жемқорлық проблемасына қатынасын айқындауы, олардың құқықтық сана-сезімі мен жүріс-тұрысын қалыптастыруы қажет.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құқықтық сана-сезімді қалыптастыру бұл кезеңдегі негізгі міндеті болып табылады.
Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қоғамдық өмір таптаурындарын ескеретін қызметтің топтық түріне (имитациялық және іскерлік ойындар) назар аударған жөн. Мұндай тәрбие іс- шараларында білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қолайлы 75 жағдайларды көре-білуді, күнделікті өмірдегі этикалық ауытқушылықтар
мен құқық бұзушылықтарды айқындауды, сондай-ақ оларды жою үшін мүмкіндіктерді іздеуді үйренуге тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қаупі туралы білімі бар азаматтың тұлғасы, сыбайлас жемқорлық көріністерін өз азаматтық құқықтарының бұзылуы ретінде қабылдайтын және бұл құқықтарды қорғауға дайын тұлға жоғарыда аталған барлық әрекетердің нәтижесі бола алады.
3. Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық-тық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына бірте-бірте кірігу жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстанда соңғы жылдары қалыптасқан біршама күрделі қоғамдық-экономикалық жағдай жас ұрпақ үшін бірсыпыра ауыр болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз ықпалын жоғалта бастады және бұл жас азаматтардың ілгерінді құнды бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл жағдайда жастар көбіне өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта бастайды, оған қоса сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола бастайды. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен, іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлық нұсқамасын қалыптастыру қажет-тігі өзін-өзі тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Бұл ретте, студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялардың маңыздылығын сезініп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үшін практикалық біліктілікті игеру қызметіне қатысуы қажет, бұл олардың күрделі жағдайларда ойдағыдай бейімделуінің маңызды алғышарты болуы мүмкін. Осылайша, әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты орнықты азаматтық ұстанымын сіңіру арқылы тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастыру қажеттігі болып табылады. Төменде бұл жүйе алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ тиісті жас топтарымен тәрбие жұмыстарының бағыттары көрсетілген.
Студенттік жастар – қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез қимылдаушы бөлігі. Нақ осылар келешекте өндіріс саласында да, басқару саласында да орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне еліміздің өсіп-өркендеуі мен прогресивті дамуы байланысты болады. Жастардың сыбайлас жемқорлықты проблема ретінде сезінуі және мықты қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тиісті стандарттар мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады.
Құқықтық мемлекеттік құрудың міндеттеріне толық көлемде сай келетін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі рөл жоғары білім беру жүйесіне тиесілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблема айқын әділетсіздік актілеріне сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін мемлекеттік білім беру мекемелерінде басқару қызметінің құқықтық және моральдық-этикалық аспектілерін зерделеуді көздейтін оқу пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті күшейту 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі ретінде көрсетіледі.
Білім беру бағдарламаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлықтың саяси, қоғамдық залалын, оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі. Сондықтан студенттердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының келеңсіз салдарлары мен қалыптасатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным туралы студенттердің білімін молықтыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын (акциялар, қозғалыстар, тренингтер, пікірталастар, конференциялар) жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты жоғары оқу орындары қызметкерлеріне де, тікелей студенттердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс.
Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шешімдерді дербес іздеуіне және сыбайлас жемқорлық, оның себептері мен оған қарсы күрес әдістері бойынша өз пайымдарын таныстыруға, сондай-ақ олардың жобалау қызметіне тартуға үлкен рөл берілуге тиіс.
Барлық жоғарыда көрсетілген мәселелерді қағидатты жаңа ұсыныстарға жатқызуға болмайды. Бірақ оқу-тәрбие процесі шеңберінде тиісті іс-шараларды жандандыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұғымдары мен бағыттары туралы базалық білім беретін теориялық және құқықтық мәселелерді зерделеу студент жастарды мемлекетіміздің заңын құрметтеу, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін қалыптастыру рухында тәрбиелеу үшін қосымша мүмкіндік береді, бұл айналып келгенде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық практикасын барынша азайтуға әкеледі.
Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз беріледі. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас Отан» жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты серпін берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқандарды өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне негізгі сүйеніш жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен, «Қарсы» жалпы республикалық жастар қозғалысымен, «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық жастар қозғалысымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі [4; 5].
Бүгінде «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері бүкіл ел бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде. Патриоттық, мәдени бұқаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жобаларын ойдағыдай іске асыру, қайрымдылық акцияларын өткізу, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу, мемлекеттік тілді дәріптеуге және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі нақты қозғаушы күш болды.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру – бұл тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Қазіргі таңда құқық бұзушылық әрекеттердің, соның ішінде жастардың арасындағы қылмыстық әрекеттердің көбеюі, оның алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың тұлғасына тән құқықтық-адамгершілік санасын қалыптастырудың маңызы зор. Жастар өздерінің психикалық даму деңгейі бойынша тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуімен ерекшеленеді. Криминогендік белсенділер өздерінің қатарына осындай буыны қатпаған жастарды тарту арқылы, олардың санасын бұрмалайды, құндылықтар бағдары мен қажеттіліктер жүйесіне, қызығушылығы мен дүниетанымына кері ықпал етіп теріс сипатқа әкеледі. Бұл олардың құқық, заң категорияларына деген қарсылықтарын тудырып, дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебіне айналады. Осыған орай, жастардың құқықтық санасының бұзылуына жол бермеу, олардың әлеуметтік-құқықтық нормалар мен құндылықтарды игерту мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарына ерекше мән беру керек.
Адамзат қоғамында тұлғалардың қатынастарын реттеп, құқықтарын қорғау заңды түрде жазылған және жазылмаған нормалар арқылы жүзеге асады. Сол нормалардың ішінде (әлеуметтік, адамгершілік, рухани, моралдық, діни) құқықтық норма үнемі жаңарып, дамып отырады, сонымен қатар, азаматтардың қатынастары мен мінез-құлықтарын реттеуде басқаларына қарағанда жүйелі, әрі қатаң.
Құқықтық норманың басты қызметі – әділеттілік орнату. Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік десе, атақты француз педагогы Ж.Ж. Руссо құқықты қоғамдық билік деп түсіндірді. Құқық азаматтардың қоғамдық ортадағы бостандығын қамтамасыз етеді, мінез-құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына әділ жағдай жасайды, әр түрлі қылмыстық ниеттегі адамдардың теріс әрекеттерінен қорғайды, қамқорлық жасайды [18].
Адамдардың жекелік, топтық және ресми қарым-қатынастарын реттеп, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына негіз беретін құрал. Сонымен қатар, құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап, мемлекеттің ішкі-сыртқы қатынастарын қамтамасыз ететін негізгі құрал.
Құқықтық нормаларды тұлға құқықтық әлеуметтену үрдісінде қабылдайды және ол жалпы әлеуметтену үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Құқықтық әлеуметтену процессінде әрбір тұлға өзі өмір сүретін қоғамның құқықтық нормаларын игереді және оны өз мінез-құлқын реттеуде ұстанады. Құқықтық әлеуметтену интериоризация, идентификация, игеру, еліктеу механизмдері арқылы жүзеге асады.
Баланың дүниеге келген күннен басталатын әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизм персонификация және идентификация. Бала сәби кезінен бастап ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі, есейе келе сол көргендерін қайталай отырып әлеуметтік мінез құлық нормаларын қабылдайды. Л.С.Выготский психологияға енгізген «интериоризация» механизмі арқылы әлеуметтену процесінде өзіне қажеттінің бәрін «сырттан ішке енгізу» арқылы әлеуметтік-психологиялық қасиеттерге ие болады. Яғни құқықтық нормалар туралы түсініктерді, білімді, ережелер мен үлгілерді «сырттан ішке енгізу» арқылы құқықтық санасын қалыптастырады. Бала кезінен құқықтық санасы қалыптасқан адам құқықтық нормаларды құрметтейді, өзінің мінез-құлқын әрқащанда соған лайықтап басқарады. А.Н.Леонтьевтің ойынша «игеру» және «өз құндылығына айналдыру» ұғымдары арқылы адам дүниеге келген күннен бастап, айнала қоршаған ортасындағы құндылықтарды, нормаларды игереді және оны өзінің игілігіне айналдырады. Игерілген білім, тәжірибе, құқықтық нормалар оның құндылығына өтіп, болашақта өз әрекеттерін реттеуде белсенді пайдаланады. «Еліктеу»механизмі баланың өзіне ұнаған адамның мінез құлық үлгілерін қайталау арқылы өзінің мінез-құлқын әлеумет ортада реттейді. Еліктеудің оң және теріс жақтары болады. Қай жағын ұстану тұлғаның сана-сезіміне, жауапкершілігіне, тәлім-тәрбиесіне тығыз байланысты[19].
Құқықтық сананың бұзылуына көп жағдайда жайсыз әлеуметтік-психологиялық орта болып табылады. Ондай ортаға арақпен немесе есірткімен адами жолдан тайған отбасы, қылмыс жасап жазасын өтеп жатқан ата-ананың тәрбиесі, толық емес (не анасы, не әкесі) тәрбиесіз отбасы, сырттай жақсы көрінгенімен отбасында баланың құқығын бұзатын отбасылар, сонымен қатар, В.Л.Васильев өз зерттеулерінде әлеуметтік жағдайы жайлы, материалдық қамтамасыз етілген отбасынан шыққан адамдардың құқықтық мәдениетінің төмендігін анықтаған [20].
Тұлғаның құқықтық мәдениеті оның құқықтық санасымен тығыз байланысты. Құқықтық сананың қалыптасуы өзара байланысты үш компоненттен тұрады: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік. Танымдық құқықтық мағынадағы тұлғаның білімі мен біліктілігі; бағалаушылық - құқықтық нормаларға деген эмоциялық қатынасы, ұнайды, ұнамайды деген баға беруі және соған байланысты құқықтық нормаларды ұстануы немесе бұзуымен айқындалады, ал реттеушілік - мінез-құлықты құқықтық нормалар негізінде реттеуге деген ниетпен анықталады. Құқықтық сана - дегеніміз, тұлғалардың құқықтық нормаларға деген көзқарасын, түсініктері мен сезімдердерін, мақұлдауын, жақтырмауын немесе құрметтеуін мінез-құлық арқылы көрінетін күрделі әлеуметтік-психологиялық жиынтық. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Құқықтық сана әлеуметтік қатынастарды реттей, бақылай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мысалы, меншіктің экономикалық санамен қатынастары, тұрмыс жағдайының адамгершілік санамен қатынастары, ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан т.б. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Құқықтың мәдени-тарихи дамуы, реттеу әдістері мен жауапкершілік түрлері туралы түсініктер жастардың құқықтық санасының терең, жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалай түсінесіз


және білім беру мекемесінде қалай қалыптастыруға болады?


2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруға бола ма?
3. Сіздің көзқарасыңызша, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлғасын
қалыптастыру жолдары қандай?
4. Жасөспірім ортадағы сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз салдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет