Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер пәндер кафедрасы сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негізі пәні бойынша лекциялар тезисі


тақырып. Әр түрлі салалардағы жемқорлық әрекеттер үшін моральдік-этикалық жауапкершілік



бет8/9
Дата22.04.2022
өлшемі0,54 Mb.
#31872
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8 тақырып. Әр түрлі салалардағы жемқорлық әрекеттер үшін моральдік-этикалық жауапкершілік

1. Қоғамдағы моральдық-этикалық жауапкершілік.

2. Жанұядағы моральдық-этикалық жауапкершілік.

3. Еңбек ұжымдағы моральдық-этикалық жауапкершілік


Мақсаты: Адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт ретәнде Мораль , ал зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын этика түсінігін студенттерге тұсіндіру.
1.Сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық саласына тарап кеткені белгілі. Қоғамдағы орын алып отырған осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатуы ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел келешегіне, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян әкелетіні аян. Яғни осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ өте маңызды мәселе екені айқын. Және де бұл бағытта билік, оппозиция, тағы басқалар деп бөлінбеуіміз қажет. Өйткені қоғамның әр мүшесі өзінің тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешу кезінде еріксіз сыбайлас жемқорлықтың ықпалын сезінетіні шындық. Қарапайым халық арасында еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюын тек биліктегі адамдардың ашкөздігімен ғана байланыстырамыз. Бір қарағанда пікір дұрыс сияқты болғанымен, қоғам өмірін бір ғана қырынан бағалау шындыққа қиянат әкелуі мүмкін. Өйткені билікте қызмет істейтін адамдардың әрекеттері олардың білімдері мен рухани тәрбие алу деңгейі және өмірге деген көзқарастары мен ұстанымдарының әр алуан болуына байланысты, сондықтан да олардың барлығы дүниеқоңыздықтың құлы деп ұғу — адасушылық. Сонымен қатар, билік жүйесіне қатысы бар адамдардың сол жүйеде орын алатын келеңсіз құбылыстардың құрбаны болу мүмкіншілігі барын да естен шығармау қажет. Қазіргі қалыптасып отырған билік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тамыры мемлекеттің даму бағытын таңдау кезіндегі жасаған биліктің қадамдарына байланысты екенін де жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін осы құбылыстың пайда болуы мен оның табиғи дамуының негізін түсіне білу қажет. Яғни сыбайлас жемқорлықтың тамырын анықтау үшін адамзат өмірінің даму заңдылығымен байланыстыратын терең ғылыми сараптама негізіндегі тұжырымдама қажет. Бұл — ғалымдардың міндеті.

Сыбайлас жемқорлық адамзаттың алғашқы қарапайым қауымдастықтан өтіп, қүрделі тайпалық қоғамдық бірлесулердің пайда болуы мен адамдардың әлеуметтік жікке бөліну үдерісінен бастау алады. Алғашқы қоғамдық бірлесулердің өмірге келуі адамдардың әлеуметтік жікке бөлінуі мен адамзат өмірін-дегі материалдық және құқықтық теңсіздіктің пайда болуына алып келгені белгілі. Соның салдарынан байлық иелері мен байлығы жоқтар арасында жаңа қарым-қатынастар пайда болған. Яғни тайпалық қоғам ішінде өктемдік жүргізуші топтардың көмегі мен рахымына ие болу үшін соларға тәуелді, кіріптарлардың оларға сый-сияпат көрсету мен тартулар жасау салт-дәстүрі пайда болды. Қоғамның даму сатысы биікке көтеріліп, мемлекеттің жетілу деңгейі өскен сайын бір кездегі қарапайым салт-дәстүрдің мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырап, қазіргі кезеңдегі келеңсіз құбылыс сыбайлас жемқорлық деңгейіне жеткені белгілі.

Бұл құбылыстың даму шегіне жетуіне тікелей ықпал жасайтын капитализмнің негізгі заңы екені белгілі. Яғни сыбайлас жемқорлық тамырының терең жайылуы пайда табу мен баю үрдісіндегі еңбекті қанау және адамдардың құқықтарын шектеу деңгейінің өсуіне тікелей байланысты. Сонымен қатар осы құбылыстың етек жаюына қоғамдық сананың рухани кедейленуі мен адами құндылықтардың жойылып, қоғамның азғындыққа душар болуы да ықпал етеді. Еуропадағы капитализмнің дамуы кезеңінде ХVIII ғасырдан бастап сол замандағы рухани, адами ұстанымдарды қорғауға байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген күрестің салдарынан оның даму деңгейі ХХ ғасырға дейін тежеліп келді. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап сыбайлас жемқорлықтың жанданғаны белгілі, яғни жаһандану үдерісінің басталуымен байланысты сыбайлас жемқорлық дамуы шегіне жетіп отыр. Либералды капитализмнің (бақылаусыз нарықтық экономика) қаржылық институттардың (банктердің) әлемдік экономикаға диктат жүргізуі транснационалдық компаниялардың дамуына алып келді. Олардың дамуы сыбайлас жемқорлықтың бүкіл дүниежүзінің елдерінде терең тамыр жаюына және дамып келе жатқан елдердің табиғи байлығын аз ғана шоғырланған алпауыт мемлекеттердің емін-еркін пайдалануына жол ашты. Соның салдарынан дүниежүзі елдері көлеңкелі қаржылық экономиканың (теневой банкинг) ықпалымен өмір сүруге мәжбүр болып отыр. Халықаралық қаржылық тұрақтандыру Бюросының (Bloomberg) мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде көлеңкелі банкинг индустриясы үш есеге өсіп, 41 триллион долларды құраған. Дүниежүзілік көлеңкелі банкинг индустриясы көлемі қазіргі кезеңде 67 трлн. доллар болып отыр. Әділетті демократиялық деп үлгі тұтып отырған АҚШ-тың өзі әлемдегі көлеңкелі банкинг көлемінің 35 пайызын құрайтыны белгілі. Осы әлемдегі көлеңкелі банкингтің мөлшерін Қазақстанның бір-жылғы бюджетімен салыстырып көрсеңіз, онда көп нәрсені ұғуға болады. Әлемде аз ғана алпауыт мемлекеттер осы көлеңкелі экономика арқылы әлемдегі барша елдерге саяси және экономикалық экспансия жүргізіп отыр. Олар осы жолды пайдалану арқасында дүниежүзіндегі мемлекеттердегі биліктердің қалыптасуы мен әрекеттерін үнемі бақылауда ұстау мүмкіншілігіне ие болып отыр. Басқаны айтпағанда, тіпті ірі еуропалық мемлекеттердің өзінде билік басына кімнің, қалай келуіне, қанша отыруына тікелей ықпал жасайтыны белгілі.

Осы құбылыстың дүниежүзіндегі елдердің өміріне етене кіргені сондай, әрбір дамып келе жатқан мемлекет өзінің халықаралық аренадағы орны мен билік басындағылардың беделін көтеруге осы жолды пайдаланып, ұлттық байлықты ысырапқа түсіретіні белгілі. Әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі үнемі өсу үрдісінде дамып келеді. Сыбайлас жемқорлықты тек қатаң заң қабылдап, ауық-ауық шаралар өткізумен жеңу мүмкін емес. Оны әлемдегі елдердің оң бағасын алып отырған Сингапур, Оңтүстік Корея сынды тағы басқа елдердің осы құбылыспен күресу тәжірибесі көрсетіп отыр. Ұлт мүддесін шын қорғап, әділетті мемлекет болып, осы келеңсіз құбылыстың құрбанына айналмау үшін, тек ғылыми тұрғыдан өз мемлекетінің жүретін жолын анықтай отырып, әлемдік жетістіктерді талғаммен, өз халқының ерекшелігі мен рухани байлығына ыңғайландыра отырып сараптама негізінде қабылдау қажет. Негізгі бағыт — қоғамдық сананы, жасанды саяси бағыттардың ықпалынан қорғай отырып, тарихи қалыптасқан ұлттың рухани құндылықтары мен әлемдік өркениеттің адами тиімді тәжірибесімен ұштастырған ұстанымның негізінде қалыптастыру қажет. Қазіргі заманда орын алып отырған адамзаттың рухани құлдырау үдерісінен келешек ұрпақты сақтап қалудың жолын әлемнің екінші ұстазы болған, әлемге әйгілі данышпан бабамыз Әбу Насыр әл Фарабидің өсиетінен іздегеніміз дұрыс болатын шығар. Осыдан мың жылдай бұрын ұлы бабамыз: «Адамға ең әуелі тәрбие бермей, білім және ғылым берсең, ол жүрген ортасына опат әкеледі» — деп айтып кеткен.



2.– «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. – Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады. – Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады. – Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық. Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма? Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адамдардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты қалай бағалайды және қабылдайды? Отбасы сыбайлас жемқорлықты моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат, асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития анық. Ең алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті жағдайларға қарай мүмкін емес. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдықадамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді. Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай, жалпыға ортақ төзбеушілік ахуалы жасалмайынша, моральдық айыптау, отбасы деңгейінде барлық азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған. Соңғы кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын мойындау қажет. Жұртшылық барған сайын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланған, мемлекет пен халық алдында өз міндеттемесін бұзған адамдардың атын біліп жатыр. Әркім сіңірген еңбегіне қарай алатыны белгілі, сонымен бірге тек заңды қолданып, бұл проблеманы шешу алмайтынымыз да айқын. Басқаша деңгейдегі шаралар қажет. – Тәрбие аясында адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік сияқты құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі көбі адал, парасатты болу пайдалы емес, кейде бұл қасиеттер жеке өмірінде проблемаларды шешуге және өмір сүруге кедергі келтіреді деп санайды. Бұдан өзге, ешкім «елден ала бөтен», «өздерінің арасында бөтен» болғысы келмейді. Осы тұрғыда қалыптан тыс сана мен мінезқұлық қалыптасады, соңында сыбайлас жемқорлыққа әлеуметке қарсы құбылыс ретінде қарауды қояды. Ең бастысы, қоғамда осы құндылықтарға деген сенімге селкеу түсіп, оның жақтастарының саны барған сайын азаяды. Оның есесіне көбінің санасында сыбайлас жемқорлық пен парақорлық феноменінің халық дәстүрлері мен салтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орнығады. – Осындай тұжырымдармен келісу қиын, себебі ешбір ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер адамның сыбайлас жемқорлық теріс қылық жасауға итермелемейді. Пара беру мен алу әрқашан моральдықэтикалық нормалар мен халықтың түсінігіне қарама-қайшы келетін әлеуметтік зұлымдық ретінде талқыланып, қабылданатын. Сондықтан жеке тұлғаның жеке, психологиялық ерекшеліктерін жалпыға ортақ деңгейге экстраполяциялау дұрыс емес және тіпті зиян. Демек, тұлғаның сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың түп-тамыры, себептерін индивидтің ұлттық ділінен емес, керісінше рухани-адамгершілік әлемінен іздестіру қажет. Сол кезде бәрі орнына түседі. Бұның бәрі балалық шақта іргесі қаланып, содан кейін жас кезінде дамиды және біртіндеп тұлғаның жеке мінез-құлқының орнықты стереотипіне айналатыны сөзсіз екеніне көз жеткізе аласыз. Сондықтан отбасы бұл мәселемен мақсатты бағытталған түрде айналысуы, өмір ерте сатысында индивидтің мінез-құлқындағы және санасындағы жағымсыз әлеуметтік ауытқуларды түзетуге тиіс. Әрине, тәрбиелеу оның міндеттері, сонымен қатар әдістері мен құралдары тұрғысынан біршама қиындайды немесе бұл жерде кезекті ұрпақтың санасына «қандай да бір «нормалардың» минимумын сіңірумен қатар, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге рухани алғышарттарды құра отырып, сыбайлас жемқорлыққа мықты иммунитет қалыптастыру туралы сөз болады.

– Гедонизм құндылықтарын тарату да ерекше алаңдаушылық туындатады. Әдемі, алаңсыз өмір, рахат пен ләззат, жасампаздық еңбекке белсенді түрде қатыспай-ақ ырду-дырду өмірді көрсету қоғамның псевдоидеалдарын жасайды. БАҚ «гламур» құндылықтарын тарата отырып, тұтынушылық психологиясын қалыптастыру көзіне айналуда. Бұл туралы Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында былай деп жазды: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады» [1]. – Егер ұлттық мәдениеттің мысалын алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен ісәрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек. – Жоғарыда айтылғандарға орай мынадай қорытынды шығаруға болады: – өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын арттыру қажет; – отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет; – адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс.


Бақылау сұрақтары:
1. Отбасылық тәрбие, дәстүрлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті қалыптастыруда қандай орын алады?

2. Адамгершілік құндылықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізі ретінде.

3. Отбасының қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі әлеуметтік жауапкершілігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет