Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер пәндер кафедрасы сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негізі пәні бойынша лекциялар тезисі


тақырып. Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының этникалық ерекшеліктері



бет6/9
Дата22.04.2022
өлшемі0,54 Mb.
#31872
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6 тақырып. Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының этникалық ерекшеліктері

1. ҚР этникалық мәдениеттеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік.

2. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ҚР ұлттық қауіпсіздігінің факторы ретінде
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріҰлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ерекшеліктерні оқып білу және Сыбайлас жемқорлықтығ алдын-алу ережелерін анықтау


  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да, практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді. З. Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді [1, 19-20-бб.].

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін осы параграфта белгілі бір этностық топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық тұрғысынан елдің біртұтас халқының мәдениеті мен ділдігі қарастырылды. Бұл тәсіл біртұтас ұлт – Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Алайда, Қазақстан сияқты көп этносты және көп конфессиялы қоғамда этносаралық ықпалдасу және саралау ретінде құндылықтар мен нормалар жүйесі қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік пен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде сақталатын әр алуандықты айқындайды.

Елбасы атап өткендей, ҚХА қазақстандықтардың санасында бірлік ұғымын қалыптастыратын институт болып табылады 130 этнос өкілдері өмір сүретін ел жағдайындағы этносаралық және конфессияаралық өзара әрекеттесудің қазақстандық үлгісі – бұл, сөзсіз ел басшылығының және күллі қазақ қоғамының қол жеткізген үлкен жетістігі. Қазіргі заманғы қоғам үлкен қиыншылақтарға тап болды. Олар ұлтаралық, мәдениетаралық қайшылықтар. Осындай жағдайда ұлтаралық келіссөз құру өзектілігі артып кетері анық. Қазақстан халқы ассамблеясы – елде этносаралық қарым-қатынастарды дамыту және конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында құрылған бірегей институт. Түбірлері әрқилы, ұлттары бөлек, діні мен дүниетанымы өзгеше халықтарды бір ту астында біріктіре алған елдің негізгі құрылымы. Әр азаматтық айқын даралығына қарамастан, бізді ортақ ойлар мен мақсаттар біріктіреді. Ең алдымен бұл – Отанға деген махабат, елде бейбітшілік пен келісімді сақтау. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын ел Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Кеңес Одағы ыдыраған тұста ұлтаралық жанжалдардың алаңы болады деп болжанған Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені.

Осындай болжамдардың болуы да орынсыз емес, себебі сол уақытта бірқатаркөп ұлтты елдерде –Әзірбайжандаармяндар мен әзірбайжандар, Өзбекстанда түріктер мен өзбектер, Абхазияда грузиндер мен абхаздықтар, Қырғыстанда қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық шиеліністер орын алған болатын.

Әр түрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, бір жерге тоғыстыру үлкен саяси шеберлікті талап етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм.

Елімізадамзат үшін ең қымбат қазына– ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.

Еліміздегі 130-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты.

Қазіргі уақытта Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндеттерінің негізінде Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы әзірленді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылған болатын.

Бүгінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесіне айналды.

Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру соның негізінде қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыруҚазақстан дамуының негізгі кепілі бола алады.

Барлық қазақстандықтарел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек, Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты.

Жалпы, ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші.

Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім – еңмаңызды жетістіктердің бірі жәнеұлттықмәселелердің ғылымишешімінің нәтижесі.

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар [2].

Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау, әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген.

Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған.

Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан. Аталған қасиеттер сол немесе өзге де дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады.

Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құн-дылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.

Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л. В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар [3].

Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын, ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине, еңбек, білім, теңдік пен толеранттылық құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына қарсы тұрады.

Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі мінез-құлық нормаларына жатқызылады – «асар» және басқалар, олар достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді:

«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры», «Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың», «Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың», «Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды», «Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең», «Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды», «Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары); «Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы); «Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады» (орыс мақалы).

Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі. «Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме?

Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілікиесіменсаналы адамоныайналасындағыларқалайқабылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді.

Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.

Мысалы,


«Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол»,

«Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы); «Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы);

«Кедей болсаң да, арың таза болсын»,

«Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары); «Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы); «Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол»,

«Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны» (күрд мақалы);

«Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс мақалдары).

Ар, намыс, ұят – честь, достоинство, совесть – қазақ жігіттері мен қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін» [3, 151-б.]. Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді.

«Орталық Азия мен Қазақстан жағдайындағы еңбек ең алдымен, мал шаруашылығымен, мақта өсірумен, жер өңдеу, бақша өсіру, жібек шаруашылығы, халық қолөнеріне байланысты. Атақты егінші, ВАСХНИЛ құрметті академигі Т. С. Мальцев «тұрмыстық мәдениет, халықтың рухани өмір салты мыңдаған жылдардың жер өңдеу өркениетінен туындаған. Барлық адамгершілік канондары, моральдық ұғымдар, тіпті тұтас дәуірдің көркем талғамы адамның жер анаға – қара жерге деген қатынасына негізделген. Егінші мен малшының қиын еңбегі, нанға құдайындай қарау, мақта мен малға ұлттық мақтаныш нысаны ретіндегі қатынас – осының бәрі балалардың бойында еңбекке және еңбек адамдарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиеледі» деп әділ атап өткен [4].

Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең; адамдық борышын орындай отырып, еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді» [5].

Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді. Бұл ой халық даналығында көрініс табады:

«Іскерге – нан, жалқауға – ұйқы», «Ағаш жемісімен, адам ісімен жақсы», «тер төгіп еңбек етсең, дәмді тағам ішесің» (башқұрт мақалы);

«Адалдық пен еңбек сый-құрметке жетелейді, айла мен өтірік масқараға жеткізеді», «Жақсы еңбек етсең жаның да тыныш болады», «Жұмыста туғаның болмайды», «Адал еңбек игілікке әкеледі» (қазақ мақалдары);

«Жас кезіңде – еңбек, қартайғанда – зейнеті» (қырғыз мақалы); «Еңбек етпесең қоянды да ұстай алмайсың» (татар мақалы);

«Өзенге суды көктем құяды, адамның бағасын еңбек арттырады» (өзбек мақалы);

«Еңбек етпесең зейнетін көрмейсің» (күрд мақалы); «Ақ саусақ адам бөтеннің еңбегін жақсы көреді», «Шеберлік пен еңбек бәріне қол жеткізеді», «Пеш емес, кең дала тойдырады» (орыс мақалдары).

Білім мен ілім көп этносты қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесінде ерекше орын алды. Білім аға ұрпақтан өскелең ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі.

Білім адам мен қоғамның табысты даму тәжірибесін көрсете отырып, маңызды ақпарат береді, ақырында оның дамуына белсенді ықпал етіп, қайтадан практикаға қайтып келеді.

Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде ерекше орын алады. Білім мен еңбек ажырамайды: еңбекпен білімге қол жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан Қазақстан этностарының дүниетанымында білім байлық, әлеуметтік капитал ретінде қабылданады:

«Білім байлықтан жақсы», «Алтынды іздеме, білім алуға тырыс» (қазақ мақалдары);

«Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады», «Құс қанатымен, адам білімімен күшті», «ілім тамыры ащы, ал жемісі тәтті (орыс мақалдары); «Байлық таусылады, білім азаймайды», «Ақыл-ойдан артық байлық

жоқ» (өзбек мақалдары);

«Ілім – алтын: шірімейді, ал байлық – қоқыс: шіріп кетеді» (күрд мақалы).

Мақал-мәтелдердің басқа тобы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кеңдігі мен тереңдігі және оны әлеуметтік кесел ретінде қабылдау туралы дәлелдейді, халық оны мойындай отырып, оны айыптау арқылы онымен күресуге тырысады. «Балық басынан шiридi» – «Рыба гниет с головы», «Адамды билік/тақ өзгертеді» – «Человека кресло/власть портит», «Құдайын ұмытқан» – «Бога забыл», «Иманы жоқ» – «Креста на них нет».

Парақорлықты, сатып алу, ұрлық жасау мен сатқындықты айыптау жазушылар мен ақындардың шығармаларынан табуға болады. Оның жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады. Үшінші қара сөзінде Абай былай дейді: «... әрі-беріден соң сырты-мызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп,

қызметке болыстық, билікке таластық» [5, 144-б.].

Одан әрі бесінші сөзінде халықтың әрекетсіздігіне қынжылады: «Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен... Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? <...> Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. [5, 149-150-бб.]. Осындай кәдімгі сыбайлас жемқорлықтың себептерінің бірі ретінде ұлы ақын кедейшілік және пайдакүнемдік пен атақ құмарлықтан көреді.

Бұл жерде бір ғана жол бар – білім мен еңбек: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды» (оныншы сөз) [5, 143, 144, 161-бб.]. Отыз жетінші сөзінде ол осы екі қасиеттің – еңбек пен білімнің қаншалықты жоғары бағалатынын нақты айқындап береді: «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық;Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. [5, 212-б.]. Ашкөздік пен еңбексіз баюды айыптау, еңбек пен оқу-білімге шақыру алыс және көрші халықтардың батырлары туралы тарихты кеңінен тарату арқылы даладан далаға берілетін. Ұлы Абай Шығыстың көптеген халқына танылған және халық ауыз әдебиетінде ойып тұрып орын алған грек қаһарманы Александр Македонскийге арнаған «Ескендір» поэмасында былай деп жазады [5, 257-б.]:

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.

Өзінің басқа «Масғұт» поэмасында Абай былай дейді: «Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық.» [5, 261 -б.].

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегі-лердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психо-логиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді.

«Сондай-ақ халық ертегілерінде басты персонаж ретінде жануар-лар – жылқылар, түйелер, ешкілер, қойлар, бүркіттер алынады, қоғам-ның материалдық өмір жағдайларына байланысты. Үй жануарлары образында әдеттегідей, адам сияқты сөйлейді, халық аллегориялық нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды» [4].

Қасқыр персонажы көптеген ертегілерде дөрекі, қатал адаммен, қоян – қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен ұқсастырады. Мысалы, «Қаңбақ шал мен түлкі» қазақ ертегісіндегі шалдан күн сайын балығын тартып алатын және біреудің еңбегімен күн көретін түлкі айлакерлік пен сараңдықты сипаттайды. Аралар мен құмырсқалар (кейбір ертегілерде есектер мен түйелер) еңбекқор адамның прототипі және оқырман немесе тыңдаушының нақты өмірде еңбекке және еңбекшілерге құрметін тәрбиелеп, жалқаулық, ақымақтық пен көргенсіздікті мазақтайды.

Көріп отырғанымыздай, ұлттық мәдениет адамдарды адамгершілік тазалығы мен арына, әділдікке, адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа шақырады. Ол әрқашан да парақорлықты, ашкөздікті әдепсіз құбылыс, әділдікті, моральдық адамгершілік нормаларын бұзу ретінде айыптайды. Бұған дәлелді Абайдың «қара сөздерінен» табуға болады, ол өз халқына қызмет етудің маңыздылығын атап өтеді. Бұл ретте қызмет адал, риясыз болуы тиіс. Адал, әділ, алдамайтын еңбек, жоғары идеалға қызмет ету – діншіл іс. Ар-ождан, адалдық, сатылмаушылық – адамшылықтың, ізгіліктің негізі, ол қазіргі заманғы адамды тәрбиелеудің негізі болып табылады.

Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс.

Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым орындаушылық, кәсіби құзыреттілік жеткіліксіз. Барған сайын ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда.



2. Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Қазақ елінде XVI ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның негізіне әдет-ғұрып құқығы енгізілді. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы XVIІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде «Жеті жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды. Т.М. Культелеевтің айтуы бойынша, сол кезде қазақтың әдет-ғұрып құқығы үш негізден тұрды: әдет-ғұрып, сот билерінің тәжірибесі және би съезд ережелері. Сол кезеңде Қазақстанда сот қызметін қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізінде хандар, сұлтандар және билер атқарған. Ханның сот талқылауы, соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды. Сот талқылау үшін ол «хандық» деп аталатын сыйақының белгілі сомасын алып отырған. Хан әдет-ғұрып құқығының негізінде соттаған, әдет-ғұрып құқығындағы ақтаңдақтарды өзінің құқық шығармашылық қызметімен ауыстырып отырды. Осылайша, ханның сот шешімі әдет-ғұрып құқығын толықтырды және құқықтың жаңа нормаларын құруға алып келді. Әдет-ғұрып құқығы бойынша, судьяларға тарту, сыбаға және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады. Сондықтан, феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан, қиындатқан. Д`Андренің «Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында»: «Ордада әрбір сыйлы адам, лауазымды тұлға болса да, сыйлық алуына болады» деп көрсеткен. Осы жазбаның басқа нұсқасында, «мұндай тұлға сыйлық қабылдаудан бас тарта алмайды» деп айтылған. Қазақстанда құқық жүйесінің қалыптасуының келесі кезеңі, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруіне объективті әсер етті. Бұл Ресей отаршылдық саясатын бекіту және империя шекарасын кеңейту кезеңінен басталды. Ресейге қосылған кезеңде Қазақстанның сот құрылымы екі қосарлас жүйе ретінде қолданылып жүрді: — жергілікті ұлттық сот – билер соты, қазақтар арасындағы болмашы қылмыстық және азаматтық істерді талқылады. Олар әдет-ғұрып құқығы және шариат негізінде әрекет етті; — жалпы империялық сот мекемесі — қазақтардың ерекше маңызды қылмыстық істерін және басқа халықтар өкілдерінің арасында туындаған барлық істерді талқылады. II Екатеринаның басқару кезеңінде парақорлық үшін санкция I Петр кезеңіндей қатал болмады. Осы уақытта билік органдарында сыбайлас жемқорлықтың таралуы көбейді. II Екатерина осы қылмысты жүзеге асырғаны үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Жазалау шарасының қаталдығы және кең қолданылуы қылмыстың бұл түрінің санын азайтпады. Сондықтан, Ресейде сұғанақтықпен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді. 1845-жылы Ресейге қылмыстық және атқарушылық жаза туралы Ереже қабылданды. 1903-жылы Ресейдің «Қылмыстық ережесі» әзірленді. 1885-жылғы «Қылмыстық және түзеу жазасы туралы ережелердің» лауазымды қылмыстары туралы барлық нормалары осы ережеге автоматты түрде көшірілді. Алайда, 1903-жылы Ереже заңды күшіне енген жоқ. Қайта құрудың революциялық сипаттамасы Ресейде капиталистік қатынастың дамуын тоқтатты. Патша үкіметінің барлық заңдары, соның ішінде қылмыстық заңдар 1917-жылы күшін жойды. 1917-жылы қазан айында мемлекеттік құрылыстың және басқару нысанының ауыстырылуы сыбайлас жемқорлық құбылысын алып тастамады. 1918-жылы 8 мамырдың «Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес үкіметінің бірінші құқықтық актісі болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады: Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 80 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды. Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін қате түсіндірді. Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды: парақорлық; сұғанақтық; қорқытып алу; мемлекеттік мүлікті ұрлау. Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады. 1997-жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды. 1998-жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000-жылы 28 сәуір, 2001-жылы 8 маусым, 2001-жылы 12 шілде, 2002-жылы 9 тамыз, 2003-жылы 27 қыркүйек, 2007-жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді). Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998-жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет». 2005-жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006-жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қорыта айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз. Бүгінгі таңдағы, Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей: 1.Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру; 2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру; 3.Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру; секілді мәселелерді қарастырса, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймағанмен біршама азайтар едік.
Бақылау сұрақтары:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай? Ол неден көрінеді?

2. Ұлттың салт-дәстүрлері сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы тұра алады ма, бұл үшін не істеу қажет?

3. Сыбайлас жемқорлықтың этностық тамыры, мәдени алғышарттары бар ма?

4. Біздің қоғамда ар-ұяттылық пен әдептілік қалай бағаланады?

5. Халықтың дәстүрлеріне құрметтеу сыбайлас жемқорлық көрінісі

болып табыла ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет