Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер пәндер кафедрасы сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негізі пәні бойынша лекциялар тезисі


тақырып. Жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік



бет7/9
Дата22.04.2022
өлшемі0,54 Mb.
#31872
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
7 тақырып. Жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік

1. Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері.

2. Әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері.

3. Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері


1. Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері.

Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптік жаза қолданудан көрініс табады. Тәртіптік жауапкершілікке еңбек тәртібін бұзған жағдайда (себепсіз жұмысқа келмеу, еңбектік міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) еңбек шартымен жұмыс істеп жүрген еңбеккер тартылады. Мемлекет қызметкерлер үшін лауазымдық өкілеттілік шегінен шығу мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау да тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Тәртіптік жазаның ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметінен босату сияқты түрлері бар. Мемлекет қызметшіге бұларға қоса тәртіптік жаза ретінде қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілуі мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылмас бұрын еңбеккерден жазбаша түсініктеме алынады және тәртіп бұзушылықтың деңгейі, оны жасау кезіндегі мән-жайлар және еңбеккердің біліктілігі мен мінез-құлқы ескерілуге тиісті. Бір тәртіп бұзушылыққа бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық немесе қаулы еңбеккерге жарияланады. Мұндай бұй-рық немесе қаулыны шағымдау тәртібі еңбек заңнамасында белгіленген. Кейбір қызметкерлер санатына қызмет ерекшелігіне орай тәртіп жарғысына сәйкес арнайы тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін. [1]

2. Әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері.
Ағымдағы жылдың 5-ші шілдесінде елбасымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы жаңа Кодексіне қол қойылды. Ол 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енеді, ал 281 б. 5 т. 8 п. 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әрекет етеді. Жаңа Кодекс 920 баптан тұрады, 760 бап қайта өңдеуге ұшырады, жаңа 62 бап енгізілді, 128 бап алынып тасталды.

ӘҚБтК 676-681 б. «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық» 34 тарауы 6 баптан тұрады, жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсеткені үшін, бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған тұлғаны жұмысқа қабылдау, сонымен қоса сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттік органдар басшыларымен шаралар қолданбағаны үшін, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданғаны үшін жауапкершілік көзделген.

Осылайша, осы құқық бұзушылық санатынан қаржылық бақылау шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік көздейтін бап алынып тасталды.

Одан басқа жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін 50-ден 100 АЕК айыппұл болса, ал жаңа Кодекс бойынша 200 АЕК айыппұл көзделген, заңды тұлғалар үшін 1-ші тарау бойынша 100-ден 500 АЕК айыппұл – 700 АЕК өсті, 2-ші тарау бойынша заңды тұлғаның әрекет етуін тоқтату – 1500 АЕК ауыстырылды.

Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар алғаны үшін айыппұл екі есе өсті 300 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін.

Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы, сонымен қоса бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған тұлғаны жұмысқа қабылдағаны үшін 50-ден 100 АЕК болса, жаңа Кодексте 100 АЕК көлемінде айыппұл көзделген.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық

Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады [5]. Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демок-ратиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабының

1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады [2].

Бұл ретте, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық арасындағы салдардың ауырлық дәрежесі бойынша нақты бағытты жүргізу қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлық сипаттағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін ұлттық заңнамадағы нормаларды белсенді дамытуды, қылмыстық жауапкершілік шараларының алдында алдын алу шараларының басымдығын дәлелдеп отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық мінез-құлық стандарттарын тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік ықпал ету шараларының көмегімен тұрақты қолдау керек. Мұндай шаралар қылмыстық жауапкершілікке қарағанда тиімдірек, өйткені оларды қолдану жедел рәсімге байланысты; мемлекет тарапынан елеулі материалдық шығынды және құқық қорғау органдарының күш-жігерін талап етпейді; мемлекет ұстануы тиіс жазалау-тәрбие саясатының негізгі қағидаттарының біріне толық сәйкес келеді, жаза неғұрлым тиімдірек болса, соғұрлым ол тезірек қолданылады. Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолдану процесі ұзағырақ болса, ол жазасыз қалады деген ықтималдық көп болады [6, 47-52-бб.].

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік құқығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде әкімшілік-деликт құқығы қаралады, оның дамуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты. Мұндай заңдардың негізіне, Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы, тікелей қолданыстағы заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын анықтайтын конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілік-құқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады. Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде, Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады. Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің, (бұдан әрі – ӘҚБТК) «Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды (2-тармақ).

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бірқатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар.

Бірақ айта өту керек, жауапкершіліктің басталмауы осы нормаларды бұзу белгіленген қағидалар мен тыйым салуларды толықтай елемеуге әкеледі. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жатады: белгілі бір мемлекеттікқызметшіүшінморальдық-этикалықтүсінікбойыншамүмкін емес нәрсе, егер ол өзінің әріптестері үнемі солай әрекет етсе, мүмкін болып табылады. Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады [8, 1-б. 25-бап]. Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтардан айырмашылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрқашан қасақана әрекет түрінде жасалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамын ескере отырып, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деп мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның немесе оған теңестірілген тұлғаның қоғамға әдейі қауіпті әрекеті, өзінің өкілеттігін екі ретін іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін сол тұлғаның пайдасына материалдық игіліктерді жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз алудан көрінуі, сондай-ақ

егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері түсіндіріледі.

Бұл ұғым сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың материалдық мазмұнын, заңдық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашады және сол арқылы қоғамдық қауіптілік, құқыққа қайшылық, жазалану, кінәлілік пен қол сұғушылық объектісі ретіндегі оның белгілерін айқындайды [6, 47-52-б.].

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:

– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);

– мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап);

– заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап);

– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап);

– мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап);

– бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681-бап).

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы. Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және

өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті жағы және субъективті жағы.

Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам [8, 26, 28, 30-34 баптар].

Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъек-тінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) мәслихаттардың депутаттары;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі.

Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болыпкөрсетілгенұйымдардатұрақты,уақытшанемесеарнаулыөкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады.

Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады.

Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады [2, 3-баптың 4-тармағы].

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 12) тармақшасында мемлекеттік қызметші ұғымына анықтама берілген, «мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы» [9].

ҚР ӘҚБтК 28-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа: әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға жатады. Бұл ереже негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне де қолданылады. Сыйақы берушінің мүддесі үшін құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін лауазымды адамға сыйақы беретін субъект 16 жасқа толған жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болуы мүмкін. Заңды тұлғаның әкімшілік жауапкершілігінің ерекшелігі заңды тұлғаның атынан құқыққа қарсы сыйақыны заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органы атынан өзге жеке тұлғаның ұсынуын білдіреді.

ҚР ӘҚБтК 29-бабына сәйкес, осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік және өзге де заңмен көзделген жауапкершіліктен оның есі дұрыс емес болуына байланысты босату үшін негіз ретінде тек сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы болуы мүмкін. Егер әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған оның адамның есі дұрыс емес екендігі белгілі болған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылуға жатады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 1-бабы 12) тармақшасы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мемлекеттік қызметшілер болуы мүмкін емес.

Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың объектілері мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың қызметтік өкілеттігін жүзеге асыруының белгіленген тәртібі болып табылады. Сонымен қатар, әрбір нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа уәкілетті тұлғалардың мемлекет функцияларын орындауына байланысты оның тікелей объектісі болады. Мысалы, мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың заңды және жеке тұлғаларға ақпаратты ұсынуының белгіленген тәртібі; осы адамдардың өзге де тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жәрдемдесуінің белгіленген тәртібі және т. б.

Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың объективті жағы әрекет етуімен (мысалы, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару заңсыз кірістер алуы) немесе әрекетсіздігімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдар басшыларының шара қолданбауы) сипатталады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталады: кінәлі адам өзінің қоғамға қауіптілігін және өзі жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігінің және оны жасағысы келетін істің заңға қайшы екенін сезінеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың кейбір құрамдарына мақсат және мотив тән. Бірде-бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық абайсызда жасалмайды.

Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының аса қауіпті нысандары болып табылатын, ең көп таралған құқық бұзушылық қатарына мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруын, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның жеке немесе заңды тұлғалардан заңсыз материалдық сыйақы алуын жатқызуға болады.

Әкімшілік жауапкершілік және оның түрлері әкімшілік құқық бұзушылық құрамының элементтеріне жатпайды, заңды жауапкершілік түрі ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі болып табылады. Жекелеген мемлекеттік міндеттерді атқару тәртібі туралы заңдарға сәйкес, (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесі, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының қызмет өткеруі туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзге де ықтимал құқық бұзушылық субъектілері туралы) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көрсетілген субъектілер сыбайлас жемқорлыққа байланысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді және өзге де әрекеттерді жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және өзге де көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодекс негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады, бірақ олардың мәртебесі туралы тиісті заң актілерінде белгіленген арнайы рәсімдер алдын ала сақталады.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-де әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күнгі айлық есептік көрсеткіштің қатаң бекітілген көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза ғана белгіленген.

Бірінші сатыдағы соттың судьясы немесе апелляциялық сатыдағы соттың судьясы жеке тұлға жасаған (мүліктік игіліктер түрінде сыйақы алған немесе берген) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде, егер осы тұлғаға қатысты оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар болса және мұндай жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар жоқ болса, әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы қысқартуға құқылы екенін ескеру қажет [8, 819-баптың 2-бөлігі]. Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың мөлшерін қысқарту көзделмеген.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодексте жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік жазаның өзге де негізгі немесе қосымша түрін қолдану мүмкіндігі көзделмеген.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау қағидасы ҚР ӘҚБтК-нің 7-тарауымен реттеледі. Оларға сәйкес әкімшілік жаза:

– ҚР ӘҚБтК-нің 676–681 баптарында белгіленген санкциялар шегінде сот қолданады;

– әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке тұлғасына сәйкес, әділ болуы тиіс;

– жеке тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамның сипатын, айыпталушының жеке басын, ескере отырып, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, мүліктік жағдайын, мән-жайларын ескере отырып, жеңілдететін және ауырлататын жауапкершілік жүктеледі;

– заңды тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, ұйымдық-құқықтық нысанындағы жаза қолданылады;

– бір тұлға екі немесе одан да көп әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке қолданылады;

– егер адам бір мезгілде бір судья қарастыратын бірнеше әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, Кодекстің 44-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік айыппұлдың үш мәрте мөлшерінен аспауы тиіс;

– әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға, егер оны жасау күнінен бастап бір жыл өтсе, ал заңды тұлға – егер оны жасау күнінен бастап үш жыл өтсе, жауаптылыққа тартылмайды [8, 62-баптың 2-бөлігі]. Қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, егер тұлға әрекеттерінде әкімшілік сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылық белгілері болса, бұл тұлға қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты ұзаққа созылғаннемесежалғасқанәкімшілікқұқықбұзушылықүшінесептелетін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі қолданылмайды.

Егер бұрын жасалған әрекет үшін әкімшілік жаза қолданылған күннен бастап бір жыл ішінде жаңа іс-әрекет жасалса, тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты қайтадан жасаған болып саналады. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны судья шығарған күн құқықтық мәннің қайталану белгісін білдіреді.

Осы адамды әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы судьяның қаулысы толық орындалған күннен бастап бір жыл ішінде тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасаған болып саналады. Қаулы әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен орындалуы мүмкін, олжалақысынанәкімшілікайыппұлсомасынұстапқалужолыменнемесе жеке, үлестік немесе бірлескен меншік құқығындағы құқық бұзушыға тиесілі мүлікті өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.

ҚР ӘҚБтК-де қосымша әкімшілік жаза ретінде әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу қарастырылған, бірақ әкімшілік жазаның сол түрі үшін Кодекстің тиісті баптарымен санкция көзделген жағдайда жүзеге асырылады [8, 41-баптың 1-бөлігі 3) тармағы, 45-бап].

Алайда, әкімшілік сыбайласжемқорлыққұқықбұзушылықүшінсыйақы мәні (негізсіз баю) болып табылатын мүлікті тәркілеу көзделмеген.
3.Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық

2003 жылы қабылданған БҰҰ Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі нормативтік құқықтық актіні білдіреді, онда әлем елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнамасын әзірлеу бағдарлары мен бағыттары көрсетілген. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 6-бабында сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп құрамында көрсетіледі.

Осы жағдайда көптеген елдердің қылмыстық заңнамасы көлемін ұлғайту үрдісіне ие болды. 1997 жылы қабылданған және 2014 жылдың соңына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 393 баптан [10], 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекс 467 баптан тұрады [11].

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі

Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді мемлекет, бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жекелеген адамдардың немесе адамдар тобының мүддесі үшін пайда мен артықшылық көру мақсатында пайдалануды көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті нысандары қылмыс ретінде сараланады.

Қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа 21 қылмыс құрамы жатқызылған, Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясында 17 құрамы болды. 15-тарауда «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» 11 қылмыс құрамының 9-ы сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған. Бұл тарауда сыбайлас жемқорлық қылмысқа ҚР ҚК-нің 363-бабында «Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу» және 371-бабында «Салғырттық» көздел-ген қылмыстар жатқызылмайды. 6-тарауда «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа екі қылмыс жатқызылған: 1) сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі 2-тармағы); 2) алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы). Екі жағдайда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар.

8-тарау «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» алты сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамын қамтиды: 1) жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 215-бабының 2-бөлігі 3-тармағы); 2) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (ҚР ҚК 216-бабы 2-бөлігі 4-тармағы); 3) қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 4) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 5) экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 6) рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 2-тармағы). Барлық жағдайларда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар.

11-тарауда «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа бір қылмыс жатқызылған: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруы, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен, жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен ұштасса» (ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі 3-тармағы).

16-тарауда «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа үш қылмыс жатқызылған: 1) билікті теріс пайдалану; 2) билікті асыра пайдалану; 3) биліктің әрекетсіздігі (ҚР ҚК 450, 451-баптары, 452-баптың 2-бөлігі 2-тармағы).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 3-тармағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың толық тізбесін айқындайды. Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсаттарда пайда көру үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың мұндай анықтамасы БҰҰБ асассамблеясы 1979 жылы17желтоқсандақабылдаған құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық Кодексінде қамтылған.

Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың қауіпті және көп тараған көріністерініңбіріболыптабылады. ҚРҚК 366-бабының 1-бөлігінесәйкес, пара алудың объективтік жағы мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы болып табылады.

Қарастырылатын қылмыстың объектісі қалыпты, заңмен регламенттелген мемлекеттік билік қызметі және онымен байланысты мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделері болып табылады. Қосымша объект – азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері.

Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал арқылы) және жасырылған (25%-ға жуығы заңды іс-әрекеттер сияқты, қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.)

Қорқытып алу тәсілдері: 1) пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіре алатын іс-әрекеттерді жасау қаупін төндіріп, пара талап ету; 2) оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды салдарын болдырмау мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі жеткізуі (рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс қалу).

Пара беруші өзінің заңды мүдделерін қорғап, пара беруге мәжбүр болған жағдайда, яғни пара беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде Параның айтарлықтай мөлшері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. (ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясында айтарлықтай мөлшер қарастырылмаған).

Аталған баптың 3-бөлігінде параның ірі мөлшері үш мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес, аса ірі пара он мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары ақша сомасын құрайды, бұл параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Айыппұл мөлшері тек сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ғана емес, жалпы бүкіл Кодекс бойынша ұлғайды, соған қарай жаза түрлері де өзгерді.

ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігінде орташа ауырлықтағы қылмысқа жататын пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл осы іс-әрекет бойынша ҚР ҚК 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған 1997 жылғы редакциясында, жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Қолданыстағы кодексте бас бостандығын шектеу жазалау шарасы ретінде көрсетілмеген, мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу міндетті сипатқа ие.

Алдыңғы 1997 жылғы ҚР ҚК-де айыппұл тек 311-баптың 1-бөлігінде көрсетілсе, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ҚР ҚК-де айыппұл 366-баптың барлық бөліктерінде қарастырылған. Сонымен, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмысқа жататын қылмыс үшін, яғни қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалса параалғаныүшінпараныңсексенеселенгенсомасымөлшеріндеайыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2015 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысына қатысты, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша айыппұл түрінде жаза бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде қолданылды және 1 миллиард 100 миллион теңгеден аса соманы құрады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және оларға ұқсас қылмыстарды шектеу

Белгілі бір қылмыстың басқа да қылмыстармен ортақ белгілері әрқашан болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дұрыс ажырату, оларды өзге де ұқсас қылмыстардан ажырата білу, іс-әрекетті саралау, тиісінше, жазалау шарасы мен оның мөлшерін таңдау үшін маңызды болып табылады.

Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы), көбіне сәйкес келеді: 1) сол бір объектіге байланысты; 2) тек тікелей ниетпен жасалады; 3) оларда бірыңғай субъект – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға, оған теңестірілген, немесе лауазымды адам. Бірақ, сонымен қатар осы құрамдарының елеулі айырмашылықтары да бар: 1) теріс пайдалану құрамы материалдық (салдары қажет), ал пара алу құрамы формальды (алған сәттен бастап, пара берушінің пайдасына қатысты оның іс-әрекетіне немесе салдарына қарамастан); 2) лауазымды теріс пайдалану тек өз құзыреті шегінде (өз құқықтары мен міндеттері шеңберінде), парада заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) немесе ықпал ету болуы мүмкін.

Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) параға коммерциялық сатып алудан (ҚР ҚК 253-бабы) ерекшеленеді. Субъектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында коммерциялық немесе өзге де ұйымның басқару функцияларын орындайтын адам, ал ҚР ҚК 366-бабында – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам.

Объектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы болып табылмайтын коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметі. Олардың пәндері сәйкес келеді – бұлар ақша, материалдық құндылықтар. Объективті жағынан айырмашылығы бар, атап айтқанда коммерциялық сатып алу кезінде сатып алу процесі іс-әрекетті жасағанға дейін жүргізіледі, ал пара алу кезінде жасағанға дейін (параға сатып алу) және одан кейін (сыйақы) болуы мүмкін. Коммерциялық сатып алуда делдалдық жоқ.

Сондай-ақ, пара алуды (ҚР ҚК-нің 366-бабы) заңсыз сыйақы алудан (247-бабы) ажырату қажет. Заңсыз сыйақы алу кезіндегі субъект – бұл мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйымның қызметшісі.

Пара алуды (ҚР ҚК 366-бабы) және алаяқтықтан (ҚР ҚК 190-бабы) ажырату ерекшеліктері, пара алу кезінде құрамының объектісі – мемлекеттік қызмет және басқару мүдделерінен, ал алаяқтық кезінде – меншіктен тұрады, және алаяқтықтың объективті жағы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікке ие болу болып табылады. Алаяқтық бойынша құрамның субъектісі – 16 жастан бастап кез келген тұлға, ал пара алу кезінде –мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған теңестірілген, немесе лауазымды тұлға.

Пара алу немесе беру кезінде делдал мен сыбайластың айырмашылығы мынада, делдал екі тараппен, ал сыбайласы тек қана біреуімен жұмыс істейді.

Маңыздылығы аз болғаны үшін жауапкершіліктен босату шарттары Маңызы аз болуына байланысты пара деп саналмауы үшін бір мезгілде мынадай шарттар болуы тиіс: 1) сыйлықтың, қызметтің құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс; 2) сыйлықты, қызметті және және т.б. бiрiншi рет алуы; 3) сыйлық, қызмет, және және т.б. ретіндегі пайданы тараптар арасындағы алдын ала уағдаластық болмаған кезде алу; 4) мүдделі тұлғаның пайдасына бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн сыйлық, қызмет және және т.б. алу. Осылардың ең болмағанда біреуі жоқ болса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс.

Параның қауіптілігі оның сомасында емес (шағын немесе үлкен), оны алу фактісінде. ГФР, Швейцария, Испания және басқа да көптеген Еуропа елдерінде оның маңыздылығының аздығы бойынша бөлінбейді, онда пара-параға сатып алу (алдын ала келісілген) және алдын ала уағдаласпай заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара-алғыс (сыйлық) болып бөлінеді. Тиісінше, пара-алғыс үшін жаза пара-параға сатып алуға қарағанда төмен болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шаралары бойынша шетелдік тәжірибе, бағыт-бағдары және перспективалары. Қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы кез келген өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік-экономикалық, криминологиялық факторларға, қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесіне байланысты болады. Мысалы, Корея Республикасының ҚК 129-бабында пара алғаны және пара алуға уәде еткені үшін, ал 130-бапта – пара бергені және пара беруге уәде еткені үшін жауапкершілік қарастырылған. Француз Республикасы ҚК-нің 433-1 және 433-2-баптарында пара алуға уәде еткені және пара бергені үшін жауапкершілік көзделген, ал қылмыс мәні ретінде мемлекеттік наградаларды, лауазымдарды, мердігерлікті алу немесе табыстау қарастырылған. Швецияның ҚК 20-тарауының 2-бабында қызметшінің пара қабылдауға уәде еткені үшін жауапкершілік көзделген. АҚШ-та жария қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлық субъектілері және коммерциялық парақорлық субъектілері деп бөлу қарастырылған, соңғысына адвокаттар, дәрігерлер, бухгалтерлер, коммерциялық бірлестіктер директорлары жатады. Америкалық заңнамаға сәйкес, партиялық лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілермен қатар жауап береді, өйткені қоғамдық қызығушылықтың бұл саласы мемлекеттік мүдделермен тығыз байланысты.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияларды ратификациялауы қылмыстық заңнамаға елеулі толықтырулар енгізуді және жеке өзі немесе делдал арқылы параға уәде еткені және ұсынғаны үшін жауапкершілікті белгілеуді, сыбайлас жемқорлық үшін аса ұзақ ескіру мерзімін белгілеуді, сыбайлас жемқорлық презумпциясы институтын енгізуді талап етеді, бұл ретте, кінәсіздігін дәлелдеу ауыртпалығы күдіктінің өзіне жүктеледі, жеке сектордағы және басқа да сыбайлас жемқорлықты реттейтін нормалар көрінісін білдіреді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 1131 қаулысымен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді, оның мөлшерлері: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; 3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Грамота мен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты: 1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген; 2) айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Адамды көтермелеу туралы материалдар көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде қалыптастырылады және уәкілетті органдарға жіберіледі, көтермелеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде төлем жүргізіледі.

Уәкілетті орган адам ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда, грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы мәселені қарастыруы мүмкін.

Жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауап береді.
Бақылау сұрақтары

1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы, олардың сипаттамасы.

2. ҚР ӘҚБтК-ке сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы, олардың сипаттамасы

3. ҚР ҚК сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы, олардың сипаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет