«Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметттік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы



бет1/7
Дата02.11.2022
өлшемі42,06 Kb.
#46970
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Басқару психологиясы практикалык жумыс


ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметттік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы




Н.С. БАЙЖУМАНОВА
«Басқару психологиясы» пәні бойынша
практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау



барлық білім беру бойынша оқитын магистранттарға арналған


Қарағанды 2021


Кіріспе



«Басқару психологиясы» пәні барлық техникалық, экономикалық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистранттарға арналған.

«Басқару психологиясы» пәні базалық пәндер циклінің ЖОО компонентіне кіреді.

Басқару бір уақытта өнер мен жаңа ғылым болып саналады. Ғылым ретінде, басқару өз кезегінде білімдердің жинақталған жиынтығы мен олардың әдістерінің болуын талап етеді. Басқару психологиясы адамдардың басқа адамдарға әсер ету табиғатын, топ және жалпы қоғамды түсіну мен олардың механизмдерінің әсер етуі мен оларды жетілдіру құралдарын қамтамасыз етеді.

Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол – басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар зерттеу обьектісінің спецификасына сәйкес басқару обьектісіне белсенді әсер ету әдісі мен жүйесін құрастырады, және зерттелініп отырған болжауларды анықтайды.

«Басқару психологиясы» пәні қазіргі жағдайдағы психикалық құбылыстардың жүйесі, мінез-құлықтың психологиялық айнымалылары мен адамның саналы іс-әрекеті туралы ғылыми негізделген түсініктерін меңгеру, оларды басқару процесінде қолдануды мақсат етіп қояды.

Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті – психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет