Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады, бұлардың негізгі бағыттарына: жүйелік басқарушылық ұйымның өзгеруі мен жағдайларды болжаулары және диагностикалау, басқарушылардың іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыру, жетекшінің өз іс-әрекетін оңтайлы ету.
Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, басқарушылық ойлары мен миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен қатар, оның өз ішінде қабылдаған басқару ережелері мен принциптерін зерттейді.
№1практикалықжұмыс Тақырыбы: Ғылыми білімдер жүйесіндегі басқару психологиясының алатын орны
Мақсаты: басқарудың қоғам өмірінде алатын орны мен роліне және басқару психологиясының теориялық негіздеріне назар аудара отырып, оныңқоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде адамдардың жүріс-тұрысын басқару мақсатында психологиялық білімдерді қолдану қажеттілігіне көз жеткізу.
Басқару психологиясының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар зерттеулерін салыстыра отырып, басқару психологиясының даму кезеңдеріне салыстырмалы сараптама жасаңыз.
Бақылауғаарналғансұрақтар:
Басқару психологиясының теориялық негізі, пәні және мақсат-міндеттері
Қоғам өмірінде басқарудың атқаратын ролі
Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде адамдардың жүріс-тұрысын басқару мақсатында психологиялық білімдерді қолдану
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Ахтаева Н.С. Басқару психологиясы: оқу құралы / Н.С. Ахтаева, А.И. Абдигапбарова, З.Н. Бекбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2018 – 452 б.
2. Умбиталиев А.Д. Басқару психологиясы: оқу құралы / А.Д. Умбиталиев, К.Б. Сатымбекова, Ғ.Е. Керімбек / Алматы: Экономика, 2017. – 464 б.
3. Алшынбаева Ж.Е. Басқару психологиясы: оқу құралы. – Қарағанды: ҚарТУ баспасы, 2021. – 88 б.