Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ӛзбекстан бойынша Алматы



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата03.03.2017
өлшемі1,16 Mb.
#6805
1   2   3   4   5

8. Жасауды іске қосу 
 
«Топтаманы 
жасау» 
түймесі 
(13-сурет) 
топтаманы 
генерациялауды ынталандырады.  
 
Кейде топтаманы жинау үрдісі дұрыс жүрмеуі мүмкін. Мүмкін, 
кейбір файлдарды ӛңдеуге болмайды. 
 
Мысалы,  топтаманың  қалған  бӛлшегі  сәтті  генерацияланған. 
Енді оны кӛруге болады. Бірақ онда кейбір құжаттар жоқ.  

86  
Осы жағдайда «An error has occurred and the collection could not 
be  created»  хабарламасы  келеді.  Мұндайда  GLI  сараптау 
тәртібіне  ауысқан  жӛн  (Файл-->Түзетпелер-->Тәртіп,  Ықлас 
білідіруді  қараңыз).  Содан  кейін,  қателіктер  жӛніндегі  барлық 
хаттамаларды кӛріп оны жӛңдеу үшін қайта жинауды іске қосу 
керек.  
 
 
 
13-сурет. Топтамаларды жасау 
 
 
Түзетпеге  «Сараптауды»  орнату  сіздің  топтамаңыздың 
құрылымдық ерекшеліктерінің нақты талдауға, жинау кезіндегі 
мәселелерді шешуге кӛмектеседі. 
 
 
Гринстоунды  пайдалану  тәжірибесі  бар  және  PERL-скриптен 
шығарылу күйін келтіру мен талдауы бар кемшіліктерді жоятын 
және  іздеу  міндеттерін  орындай  алатын  қолданушыларға 
ұсынылады. 
 
Гринстоун  кітапханалық  интерфейсінің  барлық  құралдарына 
қолжеткізуге болады. 

87  
 
Топтаманы  сәтті  жинасаңыз  «Топтаманы  алдын-ала  кӛру» 
ұсынылады. 
 
9. Дайын топтаманы көру 
 
Топтаманы құрып болғаннан соң,  «Топтаманы алдын-ала кӛру» 
батырмасын  басыңыз;  браузер  соңғы  нәтижені  кӛрсетеді. 
Мысалы, (14-сурет). 
 
 
 
 
14-сурет. Кӛрсету қосымшасы таңдалған дайын топтаманың 
мысалы  
 
 
 
Қорытынды.  Тізіліп  шыққан  9  қадам 
электрондық  ақпаратты  жасаумен,  таратумен 
айналысатын мекемелерде сандық кітапхананы 
пайдалану туралы тікелей басшылықты береді. 
Берілген  бӛлімге  қатысты,  оның  ары  қарай 
дамуы  туралы  пікірлеріңізге  риза  боламыз. 
Оны мына адрес бойынша жіберіңіз: 
almaty@unesco.org
    
 

89  
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша еркін бағдарламалық                  
жасақтамасын шолу

91  
 
OpenUSS –университетке арналған жүйе 
 
Кіріспе 
 
Бұл бӛлімде бағдарламалық жасақтамаға шолу берілген. Оны сіз 
www.unescobkk.org/education/ict
 сайтынан оңай таба аласыз. 
 
Бұл  әдістемелік  оқу  құралында  мұғалімдер  сабақ  беру  мен 
оқыту  деңгейін  арттыруға,  сонымен  қатар  әкімшілердің  жұмыс 
істеудің ӛнімділігі мен тиімділігін арттыруға пайдалана алатын 
веб-аспаптар туралы ақпарат бар. 
 
Сипатталған  бағдарламалық  жасақтамадағы  барлық  аспаптар 
нұсқаулармен сүйемелденеді. 
 
Бұл  аспаптарды  жапондық  арнаулы  қор  құрған  (JFIT)  «Сабақ 
беру  мен  оқытудың  тиімділігін  арттыру  үшін  АҚТ-ны 
пайдалану саласында оқытушылардың біліктілігін арттыру және 
дайындау» жобасы аясында Бангкоктағы ЮНЕСКО-ның кеңсесі 
әзірлеген болатын.  
 
Open  Source  University  Support  System  (OpenUSS)  ASP 
(Application  service  Provider)  моделінің  негізінде  электрондық 
оқытудың  тұғырнамасы  болып  саналады.  Бір  немесе  бірнеше 
ұйымға  немесе  мекемеге  OpenUSS-тің  бір  данасы  қызмет 
кӛрсете алады. 
 
OpenUSS  пайдаланушыға  икемділік  береді,  OpenUSS  қосымша 
бағдарламаларына  қатынас  құру  үшін  әркім  ӛзінің  меншікті 
арнасын  (мысалы,  компьютер  немесе  ұялы  телефон)  таңдай 
алады.   
 
OpenUSS,  мәліметтерді  сақтау  сияқты,  оқытуды  басқару 
жүйесінің  (LMS)    негізгі  қызметтерін  қамтиды,  бірақ 
мәліметтердің  мазмұнына  емес,  кӛбінесе  мәліметтердің 

92  
түсініктілігіне жауап береді. Бұл – мыңдаған пайдаланушыларға  
қолдау кӛрсете алатын жоғары-ауқымды  бағдарлама. 
 
OpenUSS  пайдаланушылар  үшін  ақпараттандыру  мен  желідегі 
қарым-қатынастың қазіргі заманғы қызметтерін кӛрсетеді: 
 
 
оқу материалдарын дербес басқару; 
 
жеке курстар үшін e-mail сервері; 
 
арнайы тақырыптық форумдар; 
 
жаңартылатын чаттар; 
 
дербес  қолдау  үшін  жинақы-дискіге  дәрістерді 
мұрағаттау;    
 
пайданушылар тобын ашу және жабу; 
 
білім алушыларға арналған OpenUSS.  
 
Жоғары  білім  алу  кезінде  компьютерлік  оқыту  табысты  болу 
үшін  жедел  әрекеттілік  негізгі  фактор  болып  саналады. 
OpenUSS, 
WAP 
және 
SMS 
сияқты 
жаңашылдық 
коммуникациялық технологияларға негізделеді.   
 
Бұл  студенттер  ғылыми  шаралар  туралы  ағымдағы  ақпаратты, 
үйде,    ұялы  телефон  бойынша  лезде  алуына  мүмкіндік  дегенді 
білдіреді. 
Студенттерге  ауқымды  ақпаратты  тапсырысқа  беру  үшін 
OpenUSS  жеке  дербестелген  динамикалық  ресурстардың 
технологияларымен жасақталған.  
 
Оқушылар  қалаған  интерактивті  курстарға  жазылады  да 
қабылданғаннан кейін ӛздеріне қажетті нақты ақпаратты алады, 
ӛйткені  OpenUSS  университет  (мысалы,  факультет  немесе 
институт)  ұйымдастырған  бӛлімшелердің  кез  келген  санын 
тәуелсіз 
басқара 
алады. 
Студенттердің 
зерттеулеріне 
байланысты кез келген ақпаратқа оған кешенді тәсілді ұсынады. 
 
 

93  
 
OpenUSS нұсқаушысы  
 
OpenUSS  нұсқаушысы  –  вебке  негізделген  жүйе,  OpenUSS 
оқытушыларға    мүмкіндіктердің  кең  жүйесін  ұсынады.  Барлық 
оқу  материалдары  құрылымдалған  дерекқорында  сақталынады, 
веб-сайттың  мазмұны  мен  нақтылығына  қатысты  мәселелер 
ӛткен уақытта қалды.  
 
Дерекқорындағы  деректер семестрдің соңында мұрағаттанатын 
болады,  олар  тасмалдауыштарда  дербес  күйде  таратуға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайда  оқытушының  үйіндегі 
компьютерінен  жаңа  оқу  материалдарын  жариялай  отырып, 
OpenUSS-пен  бірге  қашықтықтан  бірлесіп  жұмыс  істеудің 
жаңашыл  тұжырымдамасы  қолдау  табады.  Бұл  үшін  Интернет 
пен  стандарттық  браузерге  қосылу  қажет.  Осы  негізгі 
үйлесімнен оқу материалдарының барлық түрі – мысалы, слайд-
кӛрсетілім, мәтіндік құжаттар мен электрондық кестелер бірден 
жарияланып және таратылуы мүмкін.   
  
Оқу  материалдарын  басқаруды  кеңінен  автоматтандыруға 
байланысты  OpenUSS  қызмет  етушілермен  жұмыс  істеу 
процедурасын  сезінерліктей  қысқарта  алатын  болады.  Сол 
уақытта 
типтік 
тіркеу 
жазбаларында 
негізделінген 
тұжырымдама  тұрақтылық  пен  ӛзара  байланыстылықтың 
жоғары стандарттарын ұсынады.   
 
OpenUSS  барлық  құрауышты  2  бӛлікке  бӛлетін  компоненттік-
бағытталған архитектураға негізделген: 
 
1. Негізгі компоненттер. 
2. Кеңейтілген компоненттер. 
 
Негізгі  компоненттер  OpenUSS-тің  бас  компоненттері  болып 
саналады.  Олар  Assistant,  Student,  Enrollment,  және  т.б.  сияқты 
домендік-бағытталған eLearning компоненттерді ұсынады. 
 

94  
Кеңейтілген  компоненттер  OpenUSS  жүйесінің  барлық 
домендіктен  тысқара  қызметтерін  қамтиды.  Оған  кіретіндер: 
Discussion,  Chat,  Lecture.  Бұл  компоненттер  қызметтер  мен 
модульдерді жүйеден тыс әзірлеуді оңайлату үшін бӛлінген.  
 
OpenUSS  Enterprise  Java  Beans  (EJB)  негізінде  Java  қосымша 
бағдарламасы  ретінде  жазылған.  OpenUSS-тің  кеңейтілген 
тасымалдаушылығы  бар  аппараттық  ресурстарды  тиімді 
пайдалану үшін жасалған. 
 
OpenUSS қосымша бағдарламалар серверінің технологияларына 
негізделінген,  сонымен  ол  пайдаланушылардан  жоғары 
жүктемелер кезінде тұрақты болып қалады.   
Архитектура  сонымен  қатар  жүйенің  жеке  компоненттерін  әр 
түрлі аппараттық элементтерге үлестіруді қолдайды.  
 
Жүйені жүзеге асыруға пайдаланылатын алғашқы ӛнімдер: 
 
 
таныстырылым деңгейі: Enhydra Servlet Server (немесе 
баламалы); 
 
бизнес-процесс  деңгейі:  JOnAs  EJB  Server  (немесе 
баламалы); 
 
мәліметтер  деңгейі:  InterBase,  PostgreSQL  (немесе 
баламалы) 
 
бӛгде  хостинг  қазіргі  кезде  осы  бағдарламалық 
жасақтама үшін қол жетімсіз. 
 
      Мақалалар мен сілтемелер: 
 
Орнату бойынша оқулық 
        
http://www.campussource.de/software/openuss/download.html
#doku
 
Пайдаланушының құралы:  
http://www.campussource.de/software/
 
OpenUSS үшін SCORM обьекттер: 
http://www.adlnet.org/
 
 

95  
 
    KnowledgeTree  
 
 
 
KnowledgeTree    бұл  құжаттарды  басқаратын    бағдарламалық 
жасақтама.    Ол  сақтауды,  алмастыруды,  байқау  мен  басқаруды 
оңай  қамтамасыз  ету  үшін  жобаланған.  KnowledgeTree  –  ашық 
бағдарлама,  бірақ  кӛптеген  басқа  ашық  бағдарламаларға 
қарағанда,  KnowledgeTree  саудалық  негізде  толығымен  қолдау 
табады,  KnowledgeTree  корпорациялар,  мемлекеттік  мекемелер 
мен  орта  және  кіші  кәсіпорындар,  мектептер  мен  тағы  басқа 
ұйымдардың  құжаттарын  басқаруға  қатысты  мәселелерді 
шешеді. 
 
KnowledgeTree-дің қолданылуы 
 
 KnowledgeTree  ӛзінің  қолданыстағы  қарапайымдылығы  үшін 
мектептерде  үлкен  жетістіктерге  жетті.  Шыққан  кодтардың 
ашықтығы  оңай  кеңейтілмелі,  адамға  қолайлы  болуына 
кӛмектеседі.  
 
Ағымдағы  тапсырмалар  мен  құжаттарды  тексеруге  қол 
жеткізуді  қамтамасыз  ететін  аспапты  панелдің  кӛмегімен 
мектептерде  KnowledgeTree-ді  оңай  бейімдей  алуға  мүмкіндігі 
болады. KnowledgeTree – оңай енгізілетін жүйе.  

96  
 
KnowledgeTree-дің қызметтері: 
 
Құжаттарды KnowledgeTree арқылы сақтаңдар, 
таратыңдар, қараңдар және басқарыңдар 
 
 
 
 
Web,  Windows-тен  KrowledgeTree-ге  кіру.  Microsoft 
Office және WebDAV-ң басқа тұтынушылары; 
 
 
Қолданылуы  қарапайым  веб-интерфейске  Mozilla 
Firefox  и  Microsoft  Internet  Explorer-дің    қазіргі 
түрлерінен еркін кіруге болады; 
 
 
"drag  and  drop"  –  Microsoft  Windows  жұмыс  үстелінен 
құжаттардың қоймасына кіру мүмкіндігі;   
 
 
мәзір  және  құралдарды  басқару  тетігі  арқылы 
Microsoft 
Оffice 
қосымшасынан 
құжаттардың 
қоймасына еркін кіруге болады; 
 
 
Microsoft 
Outlook 
электрондық 
поштасындағы 
ақпараттар  мен  құжаттардың  қоймасына  салынған 
файлдарды сақтау. 
 
 
 
Таратыңдар, басқарыңдар және қорғаңдар  
 
 
 
 
 
Ынтымақтастыққа  жәрдемдесетін,  интранет/экстранет 
веб-негізделген тұғырнамасындағы құжаттар қоймасы; 

97  
 
 
Бір  жолақтық  қарапайым  іздеуді  немесе  қиын  іздеу 
белгісін  жасауды  пайдалана  отырып  құжаттардың 
мазмұнын  (Microsoft  Office,  OpenDocument,  PDF, 
XML, HTML, RTF, мәтін) және метадеректерді іздеу; 
 
 
―check-in" 
және 
―check-out‖ 
кеңінен 
танымал 
тұжырымдамалар  арқылы  жетілдіру  мен  қолданыста 
жеңіл құжаттың нұсқасын басқару; 
 
 
топтар  мен  рольдерге  негізделген  қуатты  қорғаныс 
түрі  құжатты  ашуды  басқарып  және  қолдануды 
басқаруға мүмкіндік береді; 
 
 
құжатпен  жүргізілетін  әрекеттердің  барлығының 
мұқият тексерілуі; 
 
 
мұрағаттық  файлдарды  пайдаланып  немесе  сервердің 
файлдық  жүйесінен  бірнеше  құжаттарды  жүктеу 
мүмкіндігі.  
 
 
 
Контентті әзірлеуде бірігіп қызмет істеңіздер   
 
 
 
құжаттарды  қалыптастыруды  басқарып,  белгілі  бір 
рольдерді  немесе  топтардағы  іс  қимылдарды  орындау 
жӛнінде  хабардар  ететін  жаңа  жұмыс  ағымын 
жасаңыз; 
 
 
жұмыс  барысында    құжатқа  ену  мүмкіндігін  құжат 
керек тұтынушыларға ғана шектеңіз; 
 
 
құжаттардың  немесе  Қалталардың  нақты  түрлеріне 
автоматтық жұмыс тригерлерінің тағайындалуы 
құжаттарды  біріктіру  мазмұны  және  топ  ретінде 

98  
тақырыбы  бойынша  ұқсас  құжаттармен  басқару 
мүмкіндігін береді; 
 
енгізілген  форумдарды  пайдаланып  құжаттарды 
талқылау; 
 
қоймада басқарылатын құжаттар таратқышы бар; 
 
 
құжаттар  мен  Қалталарға  жазылу  технологиясы  
тұтынушыларға  құжатпен  жұмыс  жасағанда  ескерту 
алуына мүмкіндік береді; 
 
 
тұтынушылар  жүйенің  аспаптық  тақтасынан  оларға 
кіру мүмкіндігі болу үшін іздеу үлгісін сақтаңыздар.   
 
 
 
Қойма  құрылымында  өзіңіздің  ұйымыңызды 
көрсетіңіз   
 
 
 
 
тұтынушылардың  тіркелу  жазбасын    топтар  мен 
рольдерін  жасаңыз,  олар    сіздің  ұйымыңыздың 
құрылымы мен жұмыс барысын кӛрсетеді; 
 
 
қалталарды басқарыңыз – топтар мен рольдерге рұқсат 
тағайындаңыз; 
 
 
динамикалық  шартты  анықтаңыз.  Олар  иерархиялық 
әдіске 
емес, 
транзакция 
жайлы 
ақпараттың 
құрамындағы 
құжаттардың 
метамәліметтеріне 
негізделген  құжаттардың  рұқсатын  ерекшелеуге 
кӛмектеседі; 
 
 
сіздің  ұйымыңыз  пайдаланатын  әр  түрлі  құжаттар 
тобына арналған құжаттар түрін дайындаңыз; 
 

99  
 
 
құжаттарға  метамәліметтер  ӛрістерінің  жиынтығын 
анықтап, барлық құжаттарға пайдаланатын етіп немесе 
құжат  түрі  негізінде  тағайындалатындай  жасаңыз. 
Метамәліметтердің  ӛрістері  қарапайым  мәтіндік 
ӛрістер  немесе  түсіп  қалатын  тізім  сияқты  күрделі 
құрылымдар болуы мүмкін.  
 
Құжаттарды  KnowtedseTree  қоймасына  тікелей 
көшіріңіз   
 
 
 
TWAIN-
 
бірге  тіркескен  бейнелеу  құрылғысын 
қолдана  отырып,  KnowledgeTree  Desktop  Imaging 
құжаттарды енгізуге, енгізу нәтижесін кӛруге, құжатқа 
метамәліметтерді қосу мен KnowledgeTree құжаттарды 
жүктеуге  мүмкіндік  береді.  Барлығы  қарапайым 
қолданылатын шеберде; 
   
 
KnowledgeTree 
Desktop 
Imaging  кӛшіру  шебері 
алдыңғы  метамәліметтерді  іске  қосудан  оны  қайта 
пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Кӛшіру  шеберлері 
құжаттардың кӛп мӛлшерін енгізуді қамтамасыз етеді, 
ол қаншалықты мүмкін болса, соншалықты қарапайым 
болады; 
 
 
KnowledgeTree 
Desktop 
Imaging 
сіздің 
PDF 
метамәліметке  енгізген  құжатыңыздың  мазмұнын 
ӛзгерту 
үшін 
нышандық 
оптикалық 
анықтау 
технологиясын  қолданады,  KnowledgeTree  сіздің 
құжатыңызды  индекстеп  құжатта  қарау  мүмкіндігін 
жеңілдетеді; 
 
 
KnowledgeTree  Desktop  Imaging  енгізудің  TWAIN-
бірге тіркескен бейнелеу құрылғысын қолдайды, ол ӛз 
алдында  үстел  мәтіналғысынан  бастап  құжаттарды 
автоматты  түрде  беретін  кәсіби  мәтіналғыға  дейінгі 
құрылғыларды пайдалануға мүмкіндігін береді. 

100  
 
 
Сіздің  ұйымыңыздың  қатынас  шегін  анықтау 
мен  ішкі  құрылымдық  аутентификациясының 
бірігуі  
  
 
пайдаланушылар  мен  топтар  ішкі  мәліметтер 
базасында  немесе  LDAP  дереккӛзінен    жасалуы 
мүмкін;  
 
бір 
серверде 
бірнеше 
аутентификациялық 
провайдерлер қолданылуы мүмкін.   
 
сіздің Microsoft ActiveDirectory ішкі құрылымыңызбен 
KnowledgeTree топтарына сіздің мүшелер сызбаңызды 
үйлестіру; 
 
 
Пайдаланушыларды басқару 
 
 
 
 
бағыталған 
құралдар 
үстелі 
кезекте 
тұрған 
құжаттарды,  тексерілген  құжаттар  мен  тездетілген 
сілтемелерді,  жазылуларды  қарап  шығуға  мүмкіндік 
береді; 
 
 
қосымшадағы  жүйелі  анықтамалы  мәліметтерді 
басқару мен жасау оңай; 
 
 
барлық 
пайдаланушыларға 
қолайлы 
болатын 
сақталынған пайдалы іздеулерді анықтаңыз; 
 
 
ыңғайлы  және  жеңіл  түзелінетін  бағдарламалық 
сәулет; 
 
PHP и MySQL негізіндегі сәулет қосымшаны кеңейтіп, 
түзеткісі  келген  әзірлеушілер  үшін    кедергілердің  аз 
болуын қамтамасыз етеді; 
 

101  
 
 
Portlet және Dashlet тұжырымдамалары KnowledgeTree 
қолданушы  интерфейсін  оңай  жетілдіруге  мүмкіндік 
береді; 
 
 
қолданушы интерфейстің оңай түзелінетін үлгісі және 
i18n (ұлтаралық) сызбалары; 
 
 
күшті  plug-in  сәулеті  –  ядро  триггерінің  қызметін 
ашып  және  барлық  жүйелі  функцияларды  тез  және 
оңай  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Оған  файл 
парсерлері,  құжаттарды  басқару,  жұмыс  барысы, 
қойманың провайдерлері және аутентификация кіреді. 
 
Орнатылуы 
 
Тӛменде  KnowledgeTree-ді  орнату  және  қосуға  керекті  БҚ 
келтірілген:  
- Apache сервер. 
- MySQL.  
Және келесі кезектегі платформа:  
- Red Hat Enterprise Linux 3 и 4 (32-биттік x86).  
- Fedora Core 4 и 5 (32-биттік x86).  
- SUSE Linux Enterprise сервер 9 и 10 (32-биттік x86).  
- Ubuntu 6 LTS (32-биттік x86).  
- Oracle Enterprise Linux (32-биттік x86).  
- Microsoft Windows 2003 Server SP1.  
- Microsoft Windows XP Professional SP2.  
 
 
Мақалалар мен сілтемелер    
 
KnowtedgeTree-дегі  веб-қызметті біріктіру:  
http://people.knowledgetree.com/conrad/2007/04/30/integrating-
into-the-knowledge-tree-web-service.html  
 
KnowtedgeTree Performance White Paper: 

102  
http://www.krowledgetree.com/products/krowledgetree-
performance-whitepaper.pdf  
 
Скриншоттар және демо-бейне:  
http://www.knowledgetree.com/products/screenshotsvideos  
 
Пайдаланушының Кӛмекші құралы және Нұсқаулығы:  
http://www.knowledgetree.com/product5/manuals-and-user-guides  
 
Демо: 
http://demo.krowledgetree.com:8090/login.php
 
 
Gallery 2 
 
 
 
 
Gallery2  –  бұл  суреттердің  алмасуын    қамтамасыз  ететін 
бағдарлама.  Оның  қызметі  оны  ортақ  және  жеке  альбомдарға 
бейімдеуге мүмкіндік береді.  Gallery2 ашық шарты белгісі бар 
GPL  аясындағы  бағдарлама  болып  табылады,    тұтынушылар 
мен  жасап  шығарушылар  бірлестігі    қолдайды.  Gallery2-ні 
кӛшіріп алу мен қолдану тегін. 
  Қолданылуы  
 
Галерея  –  бұл  фотоальбомдардың  топтамасы.  Сіздің  веб-
серверіңізде  бірнеше  Галереяңыз  болуы  мүмкін  және  әр 
Галереяда қалағаныңызша фотоальбомдарды сыйғыза аласыз.  
 

103  
 
Gallery2-ні  үйлесімдеу  және  фотоальбомдарды  басқару  веб-
интерфейс арқылы жүзеге асады.  
 
Gallery2  кескіндерді  ӛңдеудің  бірнеше  түрімен  жұмыс  істейді 
және 30 тілде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. 
 
Gallery2  сайтына  кірудің  екі  түрлі  жолы  бар:  бірі 
пайдаланушы  ретінде  немесе  тіркеу  жазбасы  бар  жеке  тұлға 
ретінде  ӛзгертуіне  болады,  екіншісі  кескінді  және  басқа 
мультимедианы  қарау  ережесінде  суреттерді  пайдалана  алатын 
қонақ ретінде кіруге болады.   
Қолданушылар 
 
Бастапқыдан жүйеде бір пайдаланушы бар, ол – басқарушы. Бұл 
тіркеу  жазбасы  Галереяда  барлығын  жасай  алады.  Әдетте  сіз 
басқарушы  арқылы  басқа  қолданушыларды  жаңадан  шығара 
аласыз.  Қолданушыларға  ӛз    альбомдарын  жасап,  қолдануға 
рұқсат  берілген,  және  де  Галереяда  ӛзгеріс  болса  олар 
электронды пошта  арқылы ӛз бетінше тіркеліп хабарландыруға 
жазыла алады. 
 
 Тӛменде тіркелген қолданушылардың әрекеттері келтірілген:   
 
Альбомдар.  Альбом  –  бұл  галереяның  ішіндегі  суреттер  мен 
фильмдер тобы. Альбомдар бірінің ішінде бірі болуы және жеке 
түрі  де  болуы  мүмкін.  Альбомдардың  нақты  құқықтары  болуы 
мүмкін  және  альбомдардың  иесі  әр  түрлі  пайдаланушыларға 
рұқсат  бере  алады.  Альбомдар  кӛрінбеуі  мүмкін,  тек  жүйеге 
кірген нақты пайдаланушылар кӛре алады. 
   
Келісім  бойынша  орнатудағы  альбомның  иконкасы  бастапқы 
альбомға  қосылған  кескіннің  кішірейтілген  кӛшірмесі,  бірақ 
альбомға  енгізілген  кескіннің  бір  бӛлшегі  болып  немесе  толық 
кӛрсетуге  бағытталған  болуы  мүмкін.  Альбомдағы  суреттер 
қосылған  күні,  түсірілген  күні  негізінде  іріктелуі  мүмкін. 
Альбомның  жойылуы,  кӛшірілуі  немесе  атының  ӛзгертілуі 

104  
мүмкін.  Әрбір  суретті  ашып  отырмай,  барлық  суреттердің 
тақырыпшаларын  бірден  ӛңдеуге  болады.  Түсініктемелерді 
қарау  мен  тексеру  қолайлы  болу  үшін  барлығын  бірден 
кӛрсетуге  болады.  Сонымен  қатар,  егер  альбомға  сұраныс 
қосылса,  нәтижесін  альбом  иесі  кӛреді  немесе  альбом  иесінің 
қалауы бойынша беттің жоғарғы бӛлігінде кӛрсетіледі.  
  
Альбом  сондай-ақ  ерекше  белгімен  белгіленеді  және    альбом 
иесі  альбомды  әр  түрлі  бағыттауы  мүмкін.  Сіз  атауын,  түсін, 
қарпін,  жиегін  ӛзгертуіңізге  болады.  Сіз  сол  сияқты 
иконкалардың  нақ  кӛлемін  және  суреттің  аралықтағы  кӛлемін 
кӛрсетуіңізге  болады.  Альбомдағы  жолақтар  мен  бағаналар 
саны кӛрудің басқа опциялары сияқты реттелінеді.    
 
Сурет.  Егер  сіздің  тиісті  рұқсаттамаңыз  болса,  суреттерді 
альбомға  қосуыңызға  болады.  Әдепкі  орнату  бойынша  енгізу 
әдісі ішқұрылым  шеберінде орнатылған, сонымен қатар мұның 
тағы бірнеше әдістері бар:   
 
zip файлды суреттер мен бейнекӛрсетілімдермен бірге 
жүктеу; 
 
10  суретке  дейін  және  қосымша  сипаттамалары  бар 
файлды бірден енгізу үшін пішінді пайдалану;   
 
Галерея  осы  парақтан  барлық  бейнероликтер  мен 
суреттерді  кӛшіріп  алу  үшін  веб-парақты  кӛрсету 
керек;  
 
Сіздің  веб-серверіңіздегі  қалтаға  барлық  суреттерді 
кӛшіру,  сонда  Галерея  барлығын  тікелей  альбоға 
кӛшіреді;   
 
Жүктеу үшін drag&drop суреттер мен видеороликтерді 
қолдана отырып,  кірістірілген апплеттерді қолдану; 
 
Gallery Remote немесе басқа бір әдісті қолдану.   
 
Сіздің  суреттерді  енгізе  бастауыңызға  байланысты  автоматты 
түрде  оларға  иконка  жасалады,  сол  иконкалар  сіздің 
альбомыңызға қосылып және керек болса кішірейтілген әр түрлі 
кӛшірмелері  қосылады.  Оған  қоса,  оларға  автоматты  түрде 
ерекше белгі қолданылады.   

105  
 
 
Суреттерді  енгізгеннен  кейін,  оларды  басқару  үшін,  сіз  істей 
алатын бірнеше заттар бар:   
 
1. Атауын, тақырыпшасын, маңызды сӛздерді және сіз жүктеген 
басқа ӛрістерді ӛзгерту.  
2. Тек бір бӛлігін ғана таңдап Java-апплеттің кӛмегімен нобайын 
ӛзгерту.  
3. Бірнеше рет 90 градусқа кескінді  бұру.   
4.  Суретті  сол  альбомдағы  басқа  жерге  немесе  басқа  альбомға 
ауыстыру. 
5.  Тек  альбомның  иесі  ғана  немесе  жүйеге  кірген 
пайдаланушылар ғана кӛру үшін суретті жасыру.   
6. Суретті жою. 
7. Сіз таңдаған ерекше белгіні суреттке қосу және т.б.   
 
Альбомдарды  айналау.  Gallery2  сіздің  альбомдарыңызды 
алыстағы  серверлерде  керекті  мӛлшерде  бейнелеп  кӛрсетеді. 
Бұл  сіздің  галереяңызды  ӛткізгіштігі  тӛмен  компьютерде 
жіберуге  кӛмектеседі,  дегенмен  ӛзіңіздің  суреттеріңізді 
ӛткізгіштігі жоғары ISP дереккӛзінен алып тұруыңызға болады.   
 
Қосу.  Gallery2-де  веб-интерфейссіз  әрекет  етуге  арналған 
дистанциондық хаттама бар.  
 
Қашықтықтан жұмыс жасау 
 
Gallery  Remote.  Gallery  Remote  –  Java  бағдарламасын 
қолдайтын  кез  келген  жүйеде  жүктелінетін  бағдарлама. 
Пайдаланушылар  оны  Галереяға  drag&drop  интерфейс  арқылы 
сурет жіберуге қолдана алады.  
  
Галереяға суреттерді жеңіл қосу үшін басқа әдістер де жетерлік, 
соның ішінде Windows XP, Apple's, iPhoto, ұялы телефондарды, 
perl, python, және басқаларды қолдайтын әдістер бар.  

106  
 
Сіздің  галереяңызды  жариялап  және  жаңарту  үшін  оған  RSS 
қолданылуы мүмкін.   
Кірушілер мен қызметтер 
 
Альбомды 
кӛруші 
қолданушылар 
тақтаның 
кӛмегімен 
альбомның  кез-келген  парағының  асты  мен  үстінде  жеңіл 
қозғала  алады.  Әр  альбомға  ӛзінің  ерекше  URL-ін  беруге 
болады. Альбомдағы әр суреттің, ӛз кезегінде, ерекше URL бар. 
Сіз  Галереядағы  нақты  суреттерді  кӛру  үшін  бұл  URL–мекен 
жайын пайдалана аласыз, оған қоса, тұтынушы альбомды қарау 
кезінде келесі қызметтерді пайдалана алады: 
 
Тілдер. Gallery2 30-дан астам тілдерді қолдайды, сіз де қалаған 
тілді  таңдауыңызға  болады.  Gallery2  кӛрушінің  браузеріндегі 
пішім үйлесімінен тілді автоматты түрде анықтай алады, немесе 
пайдаланушыға  ашылма  тізімнен  тілді  немесе  жалаушалар 
суретін таңдау мүмкіндігі беріледі.   
  
Бірегей,  қысқа  URL-мекенжайлар.  Егер  сіздің  серверіңіз 
mod_rewrite-ті  қолдаса  (Apache  модулі),  сіздің  альбомыңыз  бен 
суретіңізде қысқа және жеңіл есте қалатын URL болуы мүмкін, 
мысалы, 
http://example.com/gallery/springbreak/thebeach

                                                           
Кескіндер  терезесіне  қиыстыру.  Gallery2  тұтынушының 
браузерінде  кескіндерді  үлкен  және  браузердің  терезесіне 
сиятындай етіп оның кӛлемін әсерлі ӛзгерте алады.  
 
Суреттерді  басып  шығару.  Gallery2  суреттерді  басып  шығару 
бірнеше  сервистерді  қолдайды,  ол    кірушілерге  сіздің 
галереяңыздан  суреттерді  басуға  тапсырыс  беруге  мүмкіндік 
береді.    
 
Негізгі  сөздер  арқылы  іздеу.  Кірушілер  галереяда  мәтінді 
сиппаттамаларда  немесе  альбомдар  мен  суреттердің  қосымша 
ӛрісінде  іздеуі  мүмкін.  Шақыру  есепшісі:  Gallery2  альбомдар 

107  
 
мен  суреттер  неше  рет  қарастырылғанын  бақылайды  және 
жұмыстардың  қайсысы  танымалы  екенін  білу  үшін  оны  сіздің 
галереяңызда кӛрестеді 
 
Ашық  түсініктемелер.  Кірушілердің  кескіндерге  түсініктеме 
беруіне болады және басқалары оларды қарастыра алады. Тиісті 
құқықтары бар тіркелген пайдаланушылар кескіндерге берілген 
түсініктемелерді  жойып  және  барлығын  бір  парақта  қарастыра 
алады.   
 
Сұрақ-жауап.  Альбомның  иесі  сұрақ-жауап  қоса  алады,  онда 
кірушілер  ӛздеріне  ұнаған  кескіндерге  дауыс  беріп  немесе  әр 
кескін  туралы  не  ойлайтындарын  білдіре  алады.  Нәтижесі 
альбомның жоғарғы бӛлігінде шығады немесе альбомның иесіне 
ғана кӛрінеді. 
    
Слайд-шоу. 
Пайдаланушылар 
альбомдарға 
салынған 
кескіндерді  браузердің  терезесінде  слайд-шоу  түрінде  немесе 
толық бейнебетте кӛрулеріне болады.   
 
Альбомдар  ағашы.  Барлық  альбомдар  мен  интерактивті 
сілтемелері бар оларға кірістірілген альбомдардың ағашы сіздің 
галереяңыздың  бірінші  бетінде  орналасуы  мүмкін,  ол  ӛз 
алдында  барлық  альбомдарға  тез  және  оңай  кіру  мүмкіндігін 
береді.      
 
Gallery2  осы  бағдарламаның  негізін  құрайтын  кӛптеген 
мүмкіндіктерге  ие.  Осы  мүмкіндіктерді  білсеңіз,  Gallery2  сізге 
және  сіздің  мектебіңізге  қандай  мүмкіндік  беретінін  білесіз. 
Онда 
сурет 
алмасудың 
негізгі 
қызметтерімен 
қатар 
бағдарламалық  жасақтаманы  толықтай  пайдалануға  мүмкіндік 
беретін тегіс қамти алатын қызметтер бар. 
Фотоальбомының негізгі ерекшеліктері:   
 
 
жасалуы жеңіл фотоальбомдар;   
 
суреттерді қосудың қарапайым әдістері;   
 
drag &drop құралдары;  

108  
 
альбомдар мен суреттерді басқару және ӛңдеу;   
 
иконкалар 
мен 
кескіндерді 
автоматты 
түрде 
генерациялау; 
 
суреттердің кӛптеген түлерін қолдау.   
 
Жалпы ерекшеліктер: 
 
 
бірнеше пайдаланушыларға дайындық;   
 
пайдаланушылар мен топтарды басқару;   
 
тақырыптар және оларды таңдау мүмкіндігі;   
 
рұқсаттармен жан-жақты басқару;    
 
функционалды қосуға арналған модульдер;    
 
CMS, портал, форум, болг бағдарламалық жасақтамаға 
шоғырлау; 
 
пайдаланушылар  альбомдары  және  қауымдастықты 
құрудың басқа да тәсілдері;   
 
бірнеше 
мың 
пайдаланушыларды 
қолдаудың 
ауқымдылығы;   
 
кескіндерді қорғауға арналған Image Firewall;   
 
құпиялылықты 
қамтамасыз 
етуге 
арналған  
қосымшалардың жоғары қауіпсіздігі; 
 
ағымдағы  бейне,  музыка  және  т.б.  арналған 
мультимедиа; 
 
мекемелерге арналған альбомдардың кең деңгейлері.    
Gallery2 бағдарламасын орнату 
 
Gallery2 орнату үшін келесі талаптарды орындау керек:  
 
1. Web-сервер: Gallery2 Apache, IIS, и Zeus-ті қолдайды. 
 
2.  PHP:  Gallery2-ге  PHP  4.x  немесе  одан  жоғары  нұсқалары 
керек. 
 

109  
 
3.  Мәліметтер  қоры:  Gallery2  MySQL  3.x  немесе  4.x,  5.x, 
PostgreSQL 7.x, 8.x, Oracle 9i и 10g, IBM DB2 8,2, Microsoft SQL 
Server-ді қолдана алады.  
 
4.  Image  Processing  Library:  Gallery2 жұмысы  үшін  NetPBM  9.x 
немесе одан жаңарақ, ImageMagick 4.x немесе одан жаңарақ, GD 
2.x    немесе  одан  жаңарақ,  GraphicsMagick  1.x    немесе  одан 
жаңарағы қажет.   
 
 Тӛменде Gallery2-ге сәйкес келетін хосттардың тізімі берілген:   
  
 
PowWeb: 
http://partners.powweb.com/powweb/index.bml
  
 
DreamHost: 
http://wvw.dreamhost.com/
  
 
VistaPages: 
http://vistapages.com/index-gallery-
splash.php
  
 
 
Мақалалар мен сілтемелер   
  
Gallery2 ерекшеліктері: 
http://lifehacker.com/software/digital-photos/  
Gallery2 оқулығы:  
http://wwv.siteground.com/tutorials/gallery/index.htm  
Gallery2 модульдері:  
http://codex.gallery2.org/Gallery2:Download #  
Gallery2 тақырыптары:  
http://codex.gallery2.org/Gallery2:Downtoad #  
Gallery2 бойынша сұрақ-жауап:  
http://codex.gallery2.org/Gallery2:FAQ
  
Суреттермен алмасу: 
http://www.pcphotomag.com/how-to/sharing-websites/
  
 

110  
 Open Admin for Schools 
 
 
Open  Admin  for  Schools  немесе 
мектепке  арналған  ашық  әкімші 
мектеп  әкімшілігінің  міндеттері 
үшін  пайдалану  құралы  болып 
табылады.  Бұл  GNU  General 
Public  License  лицензиясындағы  ашық  шартты  белгілер  бар 
еркін таратылатын бағдарламалық жасақтама.  
  
 
Берілген  бағдарламадада  тек  веб-интерфейс  қана  бар  және 
орталықтандырылған  серверден  немесе  мектептегі  бір  ғана 
компьютерден  жұмыс  істейді.  Ол  бір  немесе  бірнеше 
орталықтандырылған  құрылымдарды  қолдайды,  бір  мектепке 
ғана жұмыс істей алады.  
 
Қазіргі  таңда  бірнеше  мектеп  бӛлімдері  осы  амалды 
пайдаланады және орталықтандырылған бір серверге 15 мектеп 
қосыла  алады.  Былай  болуы  бағдарлама  сервер  қорының 
тӛменгі  талаптары  мен  желінің  ӛткізу  белсенділігімен 
жобалануына байланысты.    
Open Admin-ді пайдалану 
 
Open Admin for Schools ұйымдастыру жүйесі қарапайым, санат 
бойынша жіктелген жекеленген басқару алаңдары бар. Құрылғы 
мектепке  екі  немесе  бірнеше  виртуалды  веб-сайт  жасауға 
мүмкіндік  береді,  басқарушы  сайты  ("admin")  және  сынып 
сайты ("teacher").   
 
Ұстаз  сайтының  кіру  құпия  сӛзі  болады,  сонымен  қатар  келесі 
кіру  мүмкіндігін  шектеу  үшін  қысқа  мерзімде  ӛтіп  кететін 
cookies-ті  қолданады.  Келесі  сайт,  ата-ана/студент  сайты,  ата-
ана/студент құпия сӛзі ID-нің бақылауында. Мектеп басқа кеңсе 
қызметкерлерімен  де  байланыстырылады,  мектеп  туралы 

111  
 
мағлұмат  алуға  рұқсат  беру  үшін  және  де  тӛртінші  виртуалды 
веб-сайт қолданылуы мүмкін. Әр сайт құпия сӛзбен қорғалған.   
 
Open  Admin  for  Schools-тың  қазіргі  таңда  келесі  ерекшеліктері 
бар:  
 
Демография.  Кӛруге  және  әртүлі  түрде  шығаруға 
болатын  студенттер  мен  олардың  отбасы  жайлы 
мағлұматтарды  сақтайды.  Студенттің  демографиясы 
кең  ауқымды,  сіз  ӛзіңіздің  мектебіңіздегі  оқушылар 
туралы маңызды мәліметтерді қосымша жолақтар қосу 
арқылы 
сақтауыңызға 
болады. 
Бұл 
бірнеше 
функциядағы  үлгілерді  пайдалану  арқылы  мүмкін 
болады.   
 
Қатысушылардың  құрамы.  Қатысушылар  мектеп 
кеңсесіндегі хатшымен немесе сыныптағы мұғаліммен 
белгіленеді,  бұл  бастауыш  сыныптар,  ортаңғы 
сыныптар үшін бір күнде әр түрлі мерзімді белгілеуге 
мүмкіндік 
береді. 
Сонымен 
қатар, 
бастауыш 
сыныптарға  күніне  ӛздігінен  дайындалуға  2  сағат 
береді  (таңертең/кешке),  сол  уақытта  жоғарғы 
сыныптарда пәндерге қатынасуды әр мезгілде жасауы 
мүмкін  (пәндерге  негізделген).  Қатысу  есебі  даму 
есебімен  сәйкестендірілген.  Әртүрлі  қатысу  есебі 
қолайлы,  бұл  мұғалімдер  мен  хатшыларға  қалыпты 
мектеп тәжірбиесінде қолдануға мүмкіндік береді. 
 
Тәртіп.  Студенттер  тәртібін  қадағалаудың  қарапайым 
тәртіп 
модулі. 
Тәртібті 
жүйелеуге 
болады, 
статистикалық  есептері  басып  шығарылады.  Есепке 
қосу ӛзгерістері осы жүйеге жіберіледі.   
 
Есептілік  жүйесі.  Пәндер  бойынша  икемді  есептеу 
жүйесі  (20-ға  дейін)  қатысудың  шапшаң  есеп  берілуі 
т.с.с.  Барлық  есеп  берулер  PDF  есеп  берулер  сияқты 
басылып  шығады  және  онда  мектеп  белгілері  болуы 
мүмкін.  Барлық  пәндерде  ұзақ  анықтама  мәтіндері 
болуы  мүмкін,  және  ерікті  тәртібі  болуы  мүмкін. 
Қатысу  есебінің  үлгісінде  ашық  күндер,  тіркеу  күні, 
болмаған күні және кешігу уақыты болады.  

112  
 
Экспорт/импорт  модульдері.  Студенттерге  басқа 
мектептерге  демографиялық  мәліметтерді  қайта 
енгізбей  ақ  жеңіл  ауысуына  мүмкіндік  беретін  басқа 
бағдарламаларға  мәліметтерді  экспорттау  болып 
табылады.  
 
Қолдау. Saskatchewan SDS XML арқылы шет аймаққа 
студентің  демографиясын,  пәндерін,  тіркелу  белгісін 
тікелей жіберу үшін қолданылады. 
 
Интернет  журнал.  Мұғалімдерге  он-лайн  арқылы 
үйінен немесе мектептен баға немесе рұқсат қою үшін 
жасалған интернет журнал. Онда пәндердің бағаларын 
топтастырып тікелей табелге жіберуге болады.   
Ата-аналарға  қатысу  журналын,  сынып  журналын  (рұқсат 
болса),  және  де  баға  табелін  кӛруге  болады.  Бұл  мүмкіндік 
мектептің бар сайттарына жеңіл енгізіледі.   
 
Интернет күнделік мұғалімдерге ӛздерінің сабақтарын/күндерін 
қарап жоспарлауына мүмкіндік береді.   
 
Жүйе  толықтай  бос  құрылғылар  мен  ашық  алғашқы  ерекше 
белгіні  пайдаланып  жасалған,  және  алғашқы  ерекше 
белгілерімен беріледі.   Барлық жүйе Perl тілінде жазылған және 
MySQL,  SQL  и  PostgreSQL  мағұлыматы  дерекқорында 
сақтайды.  Perl  бағдарламалар  жеңіл  интерпретация  жасалады.  
Олар  ӛте  ӛте  ықшам және  қажеттілік  туған  жағдайда  ӛзгертуді 
енгізуді жеңілдетеді.   
 
Басылым ӛнімі ӛте жоғары сапалы, ӛйткені олар барлық PDF-ты 
Tex/LaTeX беттеу жүйесінің кӛмегімен реттелінеді.   
Ол  кең  ауқымда  Linux-тың  әртүрлі    дистрибутивтерінде 
байқалды      (қосымша  Perl  модульдерінен  басқа  әдепкідегі 
барлық орнатылған қажетті бағдарламалық жасақтамалары бар). 
Барлық  керекті  бағдарламаларды  кедергісіз  пайдалануға 
болады.  Бағдарламалық  жасақтама  кӛп  қызметті  талап  етпейді 
және бірнеше серверлер орталықтандырылып басқарыла алады, 
және  олар  MS  Windows-серверінде  жұмыс  істейді  (негізгі 
құралдар осы тұғырнамада болғандықтан), алайда бұл қосымша 

113  
 
күш (шығын)  пен күтуді қажет етеді.  Adobe Acrobat PDF есеп 
беру дерекқорынан  жылдам реттеліп ӛте жақсы сапалы басылу 
ӛнімін шығарады.   
 
Open Admin for Schools-ты орнату 
 
Open  Admin  for  Schools-ты  орнатып  пайдалану  үшін  келесі 
талаптарды орындау керек:  
1. Apache сияқты веб-сервер. 
2. Perl талдауышы. 
3. СУБД MySQL немесе PostgreSQL.  
4. pdflatex іске қоса отырып Tex үлгісін орнату. 
   
Толық  қызметті  болу  үшін,  қосымша  бағдарламлық  жасақтама 
қажет.   
 
 
Мақалалар мен сілтемелер 
 
Open Admin software: 
http://richtech.ca/openadmin
 
Admin Demo:  
http://bcsa.richtech.ca/
 
Teacher Demo:  
 
http://bcst.richtech.ca/
 
Parent Demo:  
http://bcsp.richtech.ca/
  
Special Ed Demo:  
http://iep.richtech.ca
  
Сұрақтар мен жауаптар: 
 
http://richtech.ca/openadmin
 
 
 
 

114  
Глоссарий 
 
Археологиялық көздер әртүрлі, бірақ оларды екі негізгі топқа 
бӛлуге болады: жазба түрі және бұйымдық түрі. Археологияны 
зерттеу  кезінде  кӛбінесе  жазба  дерек  кӛздеріне  (тастағы 
суреттер  немесе  эпиграфтық  мәтіндер)  сүйенгенімен,  заттай 
дерек кӛздері олардың негізгісі болып қала береді. 
Археологиялық  кӛздер,  олардың  ішінен  ақпаратты  алу  сипаты 
мен  амалы  бойынша  бӛлінеді.  Олар  бірнеше  топта  ұсынылған: 
еңбек  құралы,  қару,  тұрмыстық  заттар,  рухани  мәдениеттің 
материалдары. 
Археологиялық 
бұйымдарды, 
тиісінше, 
адамдардың  ӛмірімен  немесе  олардың    кӛмілген  жерлерінен 
табуға болады. 
 
Археология  –  адамзаттың  ӛткен  шағын  археология  кӛздерінің 
негізінде,  арнайы,  оған  тән  әдістердің  кӛмегімен  зерттейтін 
тарихи ғылым. 
 
АЕБЖ–  ашық  кодтары  бар  еркін  бағдарламалық  жасақтама 
немесе FOSS - Free Open Source Software. 
 
Байыту – топтаманы метадеректермен толтыру. 
 
Басқа  артефактілер  –  бейнелеу,  сәндік,  халық  ӛнерінің  және 
салт-дәстүрдің, 
этнографиялық 
топтаманың 
бұйымдары, 
жабдықтары. 
 
Браузер  –  веб-беттерді  қарауға  арналған  бағдарлама.  Браузер 
HTML кодын талдайды, тег деп аталатын арнайы нышандарды 
табады, және олардағы суреттерді кӛрсету үшін, мәтіннің түрін 
ӛзгерту  үшін,  басқа  веб-беттерге  сілтемелер  жасау  және  т.б. 
үшін  пайдаланады.  Аса  кӛп  танылған  браузерлер:  Internet 
Explorer, Firefox Mozilla, Netscape, Opera. 
 
Веб-бет  –  браузерде  ашылатын  желілік  құжат.  Әдетте  веб-бет 
HTML  форматында  жасалады  және  оның  ішінде  мәтін,  сурет 
және сілтемелер болады. Технологияның дамуына байланысты, 

115  
 
басқа форматта жасалған құжаттар да, мысалы, XML, Flash, PDF 
және т.б.  веб-бет деп аталады. 
 
Гипонимдік өзара байланыс Гипоним — ішкі түрді білдіретін 
ұғымға  қатысты  асанақтырақ  ұғым.  Кӛп  объектілердің 
кейбіреуіне  қатысты,  гипоним  бастапқысына  байланысты  ішкі 
кӛпшілікті білдіретін ұғым.  
Гипонимдердің мысалдары:  
Гипонимдер ӛсімдік ұғымында: шӛп, ағаш, қырыққұлақ, үйеңкі;  
Гипонимдер ғылым ұғымында: физика, химия, антропология;  
Гипонимдер тұға ұғымында: Архимед, жазушы және т.б. 
9
 
 
Гипоним - [< гр. 
hypo
 – тӛменде, астында + 
onyma
 - аты] – 
мағынасы кең сӛзге қатысты аса тар мағынасы бар  лингв. 
сӛз  (мыс.,  «жеке  үй»  сӛзі  қарапайым  «үй»  деген  сӛзге 
қатысты,    ал  «үй»    -  «пәтер  үйге»  қатысты).  Қарсы 
мағынасы - 
гипероним
.  
(Источник: "Словарь иностранных слов". Комлев Н.Г., 2006) 
 
Гринстоун толық мәтінді топтаманы жасауға, құруға және 
таратуға  арналған  сандық  кітапхананың  бағдарламалық 
жасақтамасының кешені. 
 
ДҚБЖ– Дерек қорды басқару жүйесі (біздің жағдайда MySQL, 
PostgreSQL). 
 
Жаратылыстану ғылымы 
– биотоптан немесе геологиялық 
формацияның  ішінен  алынған,  табиғи  жаратылған 
бұйымдар
.  
 
Импорт  –  сыртқы  деректерді  компьютердің  ішкі  қоймасына 
кӛшіру.
 
  
                                                 
9
 
 
http://www.wikiznanie.ru/ru-
wz/index.php/%D0%93%D0%B8%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B8
%D0%BC
  

116  
Қашықтан 
оқыту– 
оқытушы 
мен 
оқушының 
ӛзара 
қашықтықтан  әрекеттесуі,  ол  жерде  оқу  процесіне  тән  барлық 
компоненттері  (мақсаты,  мазмұны,  әдістері,  ұйымдастырылған 
нысандары,  оқыту  құралдары)  және  Интернет-технологияның 
арнайы  құралдарымен  және  интерактивтілікті  қарастыратын 
басқа да құралдармен іске асырылатын компоненттері бар. 
 
Қашықтан  білім  беру-  қашықтан  оқыту  жолымен  іске 
асырылатын білім беру. 
 
Құпия сөз – символдар мен сандарды құпия түрде теру, сайтқа 
қатынасты ашатын логинмен бірге қолданылатын кілт. 
 
Логин  –  бұл  сайттағы  сіздің  бірегей  бүркеншік  атыңыз,  оны 
әрбір рет сайтқа кірген кезде ұзақ аты-жӛнді теріп жатпау үшін 
пайдаланады. 
 
Метадеректер  –  арнайы  сипаттық  ӛрістері  бар  деректер 
жинағының 
сипаттамасы, 
мысалы 
жарияланымдардың 
библиографиялық  спаттамасы.  Гринстоунде  6  жолақ  бар 
(Атауы,  Тақырыбы,    Ұйымдастыру,  Тілі,  Негізгі  сӛздер, 
Алфавиттік кӛрсеткіш). 
 
Moodle - Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment 
- (модульді объектілі-бейімделген динамикалық оқу ортасы). 
 
Метадеректердің 
жинағы 
– 
кітапхана 
жолақтарның 
сипаттамасы:  автор,  құжаттың  немесе  кітаптың  аты, 
шығарылған жылы, негізгі сӛздер. 
 
Музеолог – бұл мұражай топтамасының ақпараттық каталогын 
жасайтын  компьютерлік  бағдарлама,  бір  сӛзбен,  электронды 
каталог. 
 
Өнер мәнінің куәлігі  (Object ID) – бұл ӛнер бұйымдары және 
табиғат жаратылысы туралы деректерді тіркеп отыруға арналған 
пайдалануға ыңғайлы стандарт. 

117  
 
Панно (фр. panneau лат. тілінен pannus — матаның бӛлшегі) — 
сәндік  сипаттағы  сурет  туындысы,  әдетте  қабырғаның 
(қабырғалық  панно)  немесе  тӛбенің  (плафон)  белгілі  бір 
аймағын  тұрақты  түрде  толтыруға  арналған;  барельеф, 
қашалған,  жабыстырылған  немесе  сол  мақсатқа  қызмет  ететін 
керамикалық композиция. 
Ғимараттың  сыртқы  қабырғасында  түсті  плиткалардан  немесе 
фрески  техникасында  жасалған  Панноны  кейде  мураль  деп 
атайды. 
 
Сандық кітапхана– топтама (коллекция) жиынтығы. 
 
Тезаурус  (грек.тілінен  —  қазына)  қазіргі  лингвистикада  — 
жалпы  және  арнайы  лексика  сӛздігінің  ерекше  түрі. 
Тезаурустер, әсіресе электрондық форматта, жеке пәндік саланы 
сипаттау  үшін  қолданылатын  аспаптардың  бірі  болып 
табылады. 
 
Топтама  –  атауымен  біріктірілген  жарияланымдардың 
жиынтығы. 
 
Тегтер  бұл  белгілер,  оны  сіз  ӛзіңіздің  web-сайтыңызды  қалай 
кӛрсету керектігі жӛнінде браузерге кӛрсету үшін пайдаланасыз. 
Барлық  тэгтің  форматы  бірдей:  олар  "<"  белгісімен  басталып, 
sign ">" белгісімен аяқталады.  
Ашушы  және  жабушы  тегтердің  арасына  орналастырылған, 
ішіндегісінің барлығы тег құрамы болып табылады. 
HTML-да  да  тэгтер  бар,  олар  ашушы  және  жабушы  болып 
табылады.  Бұл  тэгтерде  мәтін  болмайды,  олар  белгі  болып 
табылады, мысалы, жолды тасымалдау былай кӛрінеді: 
 
Триптих  (грек.-  екінші  қосылған)  –  ортақ  бір  тақырыптағы 
бейнелеу  ӛнерінің  шығармасы  (жиірек  –  сурет  ӛнерінің 
шығармасы,  сирегірек  -  графиканың  немесе  рельеф  түріндегі 
мүсіннің  шығармасы),  үш  жеке  бӛліктен  тұрады.  Триптихтің 
ортаңғы  бӛлігі  әдетте  мазмұны  мен  ӛлшемінің  мағыналық 
жағымен ерекшеленеді. 

118  
 
 
 
Форум  –  бұл  сайттағы  қарым-қатынас  түрі.  Фор
у
мдағы  әрбір 
хабарламаның  ӛз  авторы,  тақырыбы  және  ӛзіндік  мазмұны 
болады. Тиісінше, форумдар тақырыптарға бӛлінеді, және сіздің 
әр  жауабыңыз  белгілі  бір  тақырыпта  жалпы  ашылған 
талқылаудың  бӛлігі  болады.  Форум  тақырыптарының  аясы 
шектелмеген.  Форумның  тағы  бір  ерекшелігі  –  нақты  уақыт 
ішінде  жауап  беру  міндетті  емес.  Тақырыптар  мен  жауаптар 
шектелмеген уақыт бойы сақаталады.  
 
Чат – ағылшынша аудармасы – сӛйлесу. Чат Интернеттің тағы 
да  бір  қосымшасы,  желіде  нақтылы  уақытта  интерактивті 
сұхбаттасу. 
 
ЧАВО – Жиі қойылатын сұрақтар  
 
Электрондық 
пошта 
немесе 
e-mail 
– 
Интернеттегі 
электрондық  пошта  жәшігі,  ол  арқылы  пайдаланушы 
электрондық хаттарды жібере алады және ала алады. Жәшіктің 
мекенжайы 
былай 
кӛрсетілуі 
мүмкін: 
qwerty@mail.kz, 
zhanna77@mail.ru немесе demo_demo@gmail.com. Оны кӛптеген 
пошта серверлерінде жылдам және тегін ашып алуға болады. 
 
Экспорт – ішкі деректерді сыртқа пайдалану үшін кӛшіру.   
 
PDF форматы– бұл құжаттың әмбебап форматы, ол әріптердің, 
форматтаудың,  түстің,  суреттің  дәл  сыртқы  түрін  сақтауға 
мүмкіндік  береді.  PDF  форматындағы  құжаттарды  Adobe 
Acrobat  Reader  тегін  бағдарламасын  пайдалана  отырып қарауға 
және  басып  шығаруға  болады,  оны  Adobe  (
www.adobe.com

фирмасының  серверінен  жүктеп  алуға  болады.  PDF  форматы 
платформаға  байланысты  емес.  Файлды  қарау  және  басып 
шығару  үшін,  бастапқыда  құжат  жасалған  қосымша  қажет 
етілмейді. 

119  
 
Бұл форматқа кез келген құжатты  немесе сканерленген суретті 
түрлендіруге  болады.  Бірақ,  мұны  жасау  үшін,  кӛп  жағдайда 
ішінде  Adobe  Acrobat  Distiller  және  Adobe  Acrobat  Writer  бар 
Adobe Acrobat-тың толық пакеті қажет етіледі. 
 
HTML  тілі  (HyperText  Markup  Language)  -  (гипермәтінді 
белгілеу тілі) бұл құжатта қай элементтер және қалай орналасуы 
керектігін  анықтайтын  веб-бетті  беттеу  жүйесі.  Біз  қарапайым 
мәтіндік құжатпен жұмыс істеп отырмағанымызды кӛрсету үшін 
HTML-құжат  термині  пайдаланылады.  Осы  тәріздес  құжаттар 
браузерді басқару арқылы ашылады. 
HTML-құжаттар  кез  келген  мәтіндік  ӛңдегіштің  кӛмегімен 
немесе  арнайы  HTML-ӛңдегішімен  және  конвертерімен 
жасалуы  мүмкін.  HTML-құжатты  жасау  үшін  пайдаланылатын 
ӛңдегішті  таңдау,  тек  әр  автордың  ыңғайлылық  ұғымына  және 
жеке құмарлығына байланысты. 
 
XML  тілі  (ағыл.  eXtensible  Markup  Language  —  белгілеудің 
кеңейтілетін  тілі.  XML  —  мәтіндік  формат,  ол  құрылымдалған 
деректерді  сақтауға  арналған  (дерек  қордағы  файлдардың 
орнына),    бағдарламалардың  арасында  ақпарат  алмасуға 
арналған,  сондай-ақ  оның  негізінде  белгілеудің  аса  арнайы 
жасалған  тілдерін,  кейде  оны  сӛздік  деп  атайды,  (мысалы, 
XHTML).  XML  тілі  SGML  тілінің  оңайландырылған  кӛпшілік 
түрі болып табылады. 
XML  тілін  жасау  мақсаты  ақпаратты  ӛңдейтін  әртүрлі 
жүйелердің  арасында  құрылымдалған  деректерді  беру  кезінде, 
әсіресе  мұндай  деректерді  Интернет  арқылы  беру  кезінде, 
сыйысымдылықты қамтамасыз ету болған.  
 
 

Document Outline

  • Мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет