Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ӛзбекстан бойынша Алматы


Мұражайға  еңгізілген    заттар  кескіндерін  кері  кодтаудың



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі1,16 Mb.
#6805
1   2   3   4   5

 
Мұражайға  еңгізілген    заттар  кескіндерін  кері  кодтаудың  
кілті   
 
Мұражайға  енгізілген  әр  артефакт  пен  әр  суреттің  ӛзінің  коды 
болады.  
 
Ыңғайлы болу үшін артефакт пен кескін жазбасындағы кодтың 
алғашқы  нышандары  сәйкес  болуы  керек,  бұл  қолданушыға 
жеке  графикалық  файлдарды  сәйкестендіріп,    олардың  нақты 
қатыстылығын анықтауда қолайлы.  

61  
 
Сурет  саны    ғылыми  құжаттану  мен  зат  сәйкестілігі 
талаптарына сәйкес алынады.  
 
Мысалы: CSMRK_KP_3232_4_01.JPG,  
CSMRK_KP_3232_4_01_11.JPG,  
CSMRK_KP_3232_4_01_22.JPG, мұндағы 
 
CSMRK – мұражай коды (ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы). 
 
KP_3232_4  –  Мұражайға  түскен  заттардың  Бас  Кітабы  не  КП 
3232/4 бойынша экспонаттың. Мұнда мүліктік нӛмірдің бӛлшегі 
болады. 
 
Екіжақты  зат  (медальдар,  тиындар):  01  –  алдыңғы  жағы;  02  – 
артқы жағы. 
 
Үш  ӛлшемді  зат:  01  –  алдыңғы  жағы;  02  –  артқы  жағы;  03  – 
қырынан. 
 
11  –  зат бӛлшектерінің  бірі  немесе 22  –  зат  бӛлшектерінің  бірі; 
т.с.с.  
 
jpg – jpeg форматтағы кескіні бар файлдың кеңейтілімі. 
 
 
Қазақстан облыстық мұражайларының коды:  
 
 
KOMGIK  –  Қарағанды  облыстық  тарихи-ӛлкетану 
мұражайы; 
 
 
AOIKM 
–  Атырау  облыстық  тарихи-ӛлкетану 
мұражайы; 
 
 
AOKRIKM  –  Құрманғазы  аудандық    тарихи-ӛлкетану 
мұражайы (АО – Атырау облысы; К – Құрманғазы; R – 
аудандық); 
 

62  
 
KZIKM  –  Қызылорда  облыстық  тарихи-ӛлкетану 
мұражайы; 
 
 
KZJRIKM  –  Жаңақорған  аудандық  мәдени-тарихи-
ӛлкетану  мұражайы  (KZ  –  Қызылорда  облысы;  J  – 
Жанақорған; R – аудандық; К – мәдени); 
 
 
KZSHRIRJM  –  Ы.Жақаев  атындағы  Шиелі  аудандық 
күріш  егу  тарихының  мұражайы  (KZ  –  Қызылорда 
облысы,  SH  –  Шиелі;  R  –  аудандық;  I  –  тарихи;  R  – 
күріш егу; J – Жақаев; М – мұражай); 
 
 
PAIKM  –  Павлодар  облыстық  тарихи-ӛлкетану 
мұражайы; 
 
 
PALIBYM    –  Бұқар  жырау  атындағы  Павлодар 
қаласының әдебиет және ӛнер мұражайы (В – Бұқар; Ү 
– жырау; М – мұражай); 
 
 
SEIKM 
–  Семей  облысытық  тарихи-ӛлкетану 
мұражайы; 
 
 
VKEMZ 
– 
Шығыс 
Қазақстандағы 
сәулет-
этнографиялық табиғи-ландшафты қорық-мұражай; 
 
 
VKEMZ_KP_###_### - негізгі қор үшін; 
 
 
VKEMZ_KPNV_###-### - ғылыми-кӛмекші қор. 
 
Тезаурустар  мен  нормативті  алфавиттік  тізім  (кейде 
нормативті  тізім  деп  аталады).  Онда  топтама  заттарын 
индекстеу  үшін  орнатылған    терминдер.  Бұл  сӛздіктердің 
ақпаратты  тиімді  іздеуді  жүзеге  асыру  мен  индекстеу  және 
координацияны қамтамасыз етуде маңызы зор. 
Тезаурус  –  терминдердің  реттелген  иерархиясы.  Ол  түпкі 
терминнен  басталады.  Тезаурус  түріне  байланысты  терминдер 
үш ӛзара байланысқа біріге алады: 

63  
 
 
 
берілген  терминнің  нақтырақ  терминмен  бірігуі 
(ипонимді ӛзара бірігу); 
 
 
бұрыңғы жер бӛлшегі болып табылатын географиялық 
жер  атауының  тӛмен  деңгейлі  жер  атауымен  бірігуі 
(географиялық ӛзара байланыс); 
 
 
физикалық  зат  атауының  оны  құраушы  бӛлшектер 
атауымен  бірігуі  (физикалық  құрамның  ӛзара 
байланысы). 
 
Музеолог бағдарламасының әрбір тезаурусында жоғарыда 
айтылған ӛзара байланыстардың біреуі және түпкі терминдердің 
біреуі  ғана  болады.  Техникалық  тілмен  айтатын  болсақ, 
Музеолог бағдарламасы тек біртұрпатты тезаурустармен жұмыс 
жасайды. 
 
Мысалы,  ипонимдік  ӛзара  байланыстың  негізінде  құрылған 
мәдени кезеңдер тезаурусы: 
 
00 – кезең 
01 – тарихқа дейінгі 
02 – тас ғасыры 
03 – палеолит дәуірі 
03 – неолит дәуірі 
03 – мезеолит дәуірі 
02 – ӛтпелі кезең 
03 – чалколиттік 
03 – энеолиттік 
03 – кейінгі неолиттік 
02 – қола дәуірі  
03 – ерте қола  дәуірі 
03 – орта қола дәуірі 
03 – кейінгі қола дәуірі 
02 – темір дәуірі 
03 – ерте темір дәуірі 

64  
03 – орта темір дәуірі 
03 – кейінгі темір дәуірі, т.с.с. 
 
 
Тезаурус импорты 
 
1.  «Тезаурус  импорты»  тармағын  мәзірден  таңдаймыз,  онда  сіз 
импорттағыңыз  келген  тезаурусты  таңдап  «ОК»  бұйрығын 
басасыз (17-сурет). 
 
 
 
17-сурет. Тезаурустардың біреуін импорттау 
 
 
2.  «Дереккӛз  файлын  таңдау»  жолында  мәтіндік  форматта 
алдын-ала маман  сақтаған  тезаурусы бар файлға жолды «Кӛру» 
батырмасын басу арқылы кӛрсетеміз (18-сурет). 
 
3.  «Файлды  таңдау»  терезесінде  керекті  тезаурусы  бар  файлға 
жолды кӛрсетеміз. 
Мысалы,  C:\distrib\museolog\thesaurus\vid_rod_specie.txt,  «Ашу» 
батырмасын басамыз. 
 

65  
 
4. «Дереккӛз файлын таңдау» жолына. 
C:\distrib\museolog\thesaurus\vid_rod_specie.txt  жазамыз  да  «ОК» 
батырмасын басамыз. 
 
 
 
18-сурет. Дереккӛз файлын таңдау. 
 
Тезаурусты  импорттаудың  нәтижесін  сіз  «Тезаурус  импорты» 
тармағын басу арқылы кӛре аласыз. 
 
5.  «Тезаурус  импорты»  терезесінде:  Тезаурусты  импорттаудың 
нәтижесінен  біз  таңдалынған  тезаурус  санының  ӛзгергенін 
кӛреміз (19-сурет). 
 
 
Ескерту.  Қалған  тезаурустарды  импорттау  үшін  «Тезаурус 
импорты»  қадамдарының  бәрін  кезекпен  орындау  керек  (1-5 
тармақтарды қараңыз). 
 

66  
 
 19-сурет. Тезаурус импорты 
 
 
 
20-сурет. Мәзірдегі «Тезаурус импорты» тармағы 
 
 
 
21-сурет. Тізім импорты 

67  
 
Қалған  авторланған  тізімді  импорттау  үшін  «Тізім  импорты» 
қадамдарының бәрін кезекпен орындау керек. 
 
Назар аударыңыз.  Мәзірден «Тізімді импорттау» 
тармағын  таңдаған  кезде  (20,21-суреттер)  тізім 
импорты  барлық  «Тезаурус  импортының»    келесі 
қадамдарына  (1-5  тармақтарды  қараңыз)  қатар 
келеді.  
 
 
Өнер пәні куәлігінің тіркеу кәртішкесі 
 
Ӛнер пәні куәлігінің тіркеу кәртішкесі  (Objeсt ID) мекемелерге, 
қоғамдар  мен  жекелеген    адамдарға        антиквариат  және  ӛнер 
заттары  туралы  біріңғай  құжатты  қалай  жүргізіп,  заңсыз  тасу 
мен  ұрланған  жағдайларда  қалай  іздеп,  олардың  бӛлшектері 
бұзылып, зақымданған кезде қалай қайта жӛндеу керек екендігін 
түсінуге кӛмектеседі.  
 
Ӛнер пәні куәлігін жасау жобасын 1993 жылы ӛнер және мәдени 
мұраға  кӛмек  кӛрсететін  мекемелердің  бірі  –  Дж.  Пол  Гетти 
қоры ұсынды. 
 
Қор  1997  жылы  ресми  түрде  енгізілген  стандарт
7
  жасап 
шығарды.  Бұл  стандартқа  сараптама  жиналыстарының, 
тәжірибелік іскерліктің халықаралық кӛрсетілімінің нәтижелері, 
құқық 
қорғаушы 
органдармен, 
кедендік 
қызмет 
пен  
мұражайлармен,  мәдени  мұра  институттарымен,  сақтандыру 
компанияларымен,  ӛнер  заттарын  сату,  сатып  алу,  бағалаумен 
                                                 
7
 
  Біріккен 
Ұлттар  Ұйымы,  Интерпол,  Еуропа  Кеңесі, 
Халықаралық  мұражайлар  кеңесі,  Еуропадағы  қауіпсіздік  және 
ынтымақтастық  кеңесі  мен  АҚШ  Ақпараттық  агенствосымен  білім 
беру, ғылым және мәдениет (ЮНЕСКО) мәселелері бойынша бірлесу.    
 

68  
айналысатын  ұйымдармен  жүргізілген  кеңестер  нәтижелері 
енгізілген.  
Халықаралық  мекемелер  (ЮНЕСКО,  ИКОМ,  Интерпол,  т.б.) 
Ӛнер  пәні  куәлігінің  стандартының  пайдаланылуына  септігін 
тигізеді.  
 
Қазіргі уақытта оның бүкіләлемдік әкмшілік құқықтарын ИКОМ 
иеленген. Object ID
8
 кәртішкесін толтыруға кірісу үшін жазбаны 
ӛңдеу тәртібінде  ашу керек.  
 
Егер  ондай  жазба  болмаса,  жазбаны  жасау  керек  (Жазбаны 
жасау бӛлімінен қараңыз).  
 
 
 
  22-сурет. Ӛнер пәні куәлігінің тіркеу кәртішкесі 
 
Object  ID  ӛрістері  Музеолог  бағдарламалық  жасақтамадағы 
жазбаны ӛңдеу бетінің соңында орналасқан.  
 
                                                 
8
 
 Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  «Мәдени  құндылықтарды  заңсыз 
айналдыруға  қарсы  заңды  және  практикалық  шаралар»  ЮНЕСКО 
БАСШЫЛЫҒЫ  білім  беру,  ғылым  және  мәдениет  мәселелері 
бойынша. 

69  
 
Object  ID  ӛрістерінің  кӛбісі  Музеолог  ӛрістерімен  қатар 
жүргізіледі. 
 
Музеолог  өрістерінің  мәндерін  Object  ID
  ӛрістеріне  кӛшіру 
үшін сәйкес сілтемені пайдаланыңыз (22-сурет). 
 
 
 
Қорытынды. 
Музеолог 
бағдарламалық 
жасақтамасы  мұражай  міндеттерінің  шешілуін 
қамтамасмыз  етуге,  қоғам  және  зерттеушілердің 
топтамаларға 
қол  жеткізуін  ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

71  
 
 
 
 
 
Ақпаратқа қатынауға  арналған еркін 
бағдарламалық жасақтама 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

73  
 
Гринстоун кітапханалық интерфейсінің 
көмегімен құжаттар топтамасын әзірлеу 
 
Кіріспе 
 
2006  жылы  Гринстоун  ықшам  сандық  кітапханасының  түрін 
жасап  шығаруға  тренингке  жұмсалатын  уақыт  пен  қорлардың 
жетіспеушілігі  себеп  болды.  Алдын-ала  орнатылған  USB-
серверлер 
кітапханашылар 
мен 
ақпарат 
саласындағы 
мамандарға  ақпарат  жеткізушілер  ретінде  ӛз  әлуеттерін 
күшейтуге  кӛмектесті.    Тренингтер  қызығушылығы  «Сандық 
кітапхана  жинақсын  жасау  мен  қолдаудың  қандай  амалдары 
бар» мәселелеріне бағытталды. 
  
Сондықтан  да  Гринстоунды  пайдалану  жӛніндегі  күрделі 
нұсқаулар    кейінге  қалтырылды,  басымшылық    Greenstone 
Librarian  Interface  (GLI)  немесе  жүйе  компоненті  және 
кітапханалық  топтамаларды  басқаруға  жауапты  болып 
табылатын  Гринстоун  кітапханалық  интерфейс  деп  аталатын  
бағдарламалық жасақтамаға берілді.   
 
 
Метамәліметтердің 
модельдері 
қысқартылып, 
тренинг 
мәселелерінен алынып тасталынды. Бұл тренингтердің мақсаты 
–  толық  мәтінді  топтамаларды  жасауды  үйрету.  Топтамаларда 
кітапты  сипаттау  ӛте  аз  уақыт  кетіріп,  қарапайым  шарттарда 
негізделеді. Сол себепті «даму кітапханалары» атты қарапайым 
модель сиппаттаудың негізіне айналды. 
 
 
Гринстоунның  басқа да мүмкіндіктері  Жаңа  Зеландия,  Вайкато 
университетіндегі 
Гринстоун 
бас 
жобалаушысының 
http://www.greenstone.org/index_ru
 
 
сайтындадағы  кӛлемді 
нұсқауларда келтірілген. 

74  
Берілген нұсқаулық қоғамдық және университеттік кітапханалар 
қызметкерлеріне,  мемлекеттік  қызметкерлер  мен  ақпараттық 
қызметтің мамандарына бағытталған. 
 
Топтаманы  сәтті  жасау  үшін  АҚТ-ны  дұрыс  пайдаланып, 
бағдарламалық жасақтамамен жұмыс жасай білген дұрыс: 
 
 
Microsoft Word – құжаттарды ӛңдеу үшін; 
 
 
Сканерді қолдана білу; 
 
 
Fine  Reader  басылған  түрде  берілген  материалдарды 
сандау үшін; 
 
 
Notepad метамәліметтерді ӛңдеу үшін. 
 
Гринстоун  Сандық  кітапханасы    индекстелген  іздеу  жүйесі 
түрінде  берілген    файлдардың  үлкен  ақпараттық  алабын  жасау 
үшін, Word құжаттарды, қолданушы жеке файлдарда сақтайтын 
электрондық кітаптар түрінде берілген күрделі  басылымдарды 
ұйымдастыру үшін қолданылады. 
 
Топтаманы  жасауға  кіріспес  бұрын  барлық  қадамдарды  тізіп 
шыққан дұрыс: 
 
 
1.  Компьютерге  Гринстоун  бағдарламалық  жасақтамасын 
орнату. 
2. Топтаманың ӛңделген мәліметтері енетін жаңа Қалта жасау. 
3. Гринстоун бағдарламалық кешенін іске қосу. 
4. Жаңа топтама жасау. 
5. Топтаманы жинау. 
6. Жаңа топтаманы құжат сипаттамаларымен толтыру. 
7. Жаңа топтаманы сипаттау. Қалауларды таңдау. 
8. Топтаманы жасауды іске қосу.  
9. Нәтижені кӛру. 

75  
 
Сіздің топтамаңызға арналған файлдарды дайындау 
 
 
 
1.  Компьютерге  Гринстоун  бағдарламалық 
жасақтамасын орнату 
 
 
 
Жобалаушы сайтынан Гринстоун бағдарламалық жасақтамасын 
жүктеу  арқылы  осы  жасақтаманы  орнатуға  болады.  Мысалы, 
жаңа  топтамаларды  жасау  үшін  2.81  нұсқаларын  пайдалануға 
болады (сілтеме 2008 жылдың 30 желтоқсанында тексерілген). 
http://prdownloads.sourceforge.net/greenstone/Greenstone-
2.81rc2-win32.exe
 
 
 
2. Топтама  үшін өңделген мәліметтер енетін жаңа 
Қалта жасау 
 
 
 
Топтамаға  файлдарды  дайындауды  жаңа  Қалта  жасаудан 
бастаған  дұрыс.  Мысалы,  «Менің  құжаттарым»  Қалтасында 
«DOC»  атты  Қалта  құру.  Word  форматындағы    қажетті 
файлдарды (құжаттарды) орналастыру.  
 
Файлдар  (құжаттар)  атауы  қысқа  әрі  латын  әріптерімен  немесе 
араб сандарымен жазылуы керек. 
 
Құжат  мазмұнының  басына,  ортасына  және  соңына  суретте 
кӛрсетілгендей тегтерді қою керек (1-сурет). 
 
«Құжат  тақырыбының»  орнына  ағымдағы  құжаттың  атауын, 
«Құжат мәтінінің» орнына құжаттың негізгі мәтінін қою керек, 
т.с.с. 

76  
 
 
1-сурет. Міндетті тегтер 
 
Біздің  «DOC»  жұмыс  Қалтасына  тегі  бар  ӛңделген  Word 
құжаттарын  орналастырамыз.  Және  ол  құжаттарға  01.doc, 
02.doc, 03.doc т.с.с аттарды береміз. 
 
 
Ескерту. Берілген тегтер міндетті болып табылады. Егер құжат 
үлкен  болмаса,  онда  бӛлімдерге  бӛліп,  аралық  тегтерді 
пайдаланбауға да болады.  
 
  
 
Міндетті түрде жоғарыдағы файлдарға сәйке .jpeg, 01.jpg, 02.jpg, 
03.jpg,  т.с.с  кеңейтілуі  бар  құжат  жасау  керек.  Бұл  кітап  тысы 
немесе сәйкес кескін болуы мүмкін. 

77  
 
Осылай  сіз  ӛзіңіздің  алғашқы  сандық  топтамаңызды  жасауға 
арналған  құжаттарды  даярлауды  аяқтадыңыз.  Енді    сандық 
топтаманың  жасалуы мен алдағы дамуына кірісеміз. 
 
Гринстоун Кітапханалық интерфейсін қолдана 
отырып топтамаларды әзірлеу үрдісі 
 
3. Гринстоун бағдарламалық кешенін іске қосу 
 
 
Сіздің  компьтеріңізге  Гринстоун  бағдараламалық  жасақтамасы 
сәтті  орнатылды  деп  қарастырайық.  Іске  қосу  (Пуск)  мәзірі  -> 
барлық  бағдарламалар  ->  Greenstone  Digital  Libary  Software  (2-
сурет). 
 
 
2-сурет. Гринстоун бағдарламасының мәзірі 
 
Осы 
бағдарламаның 
мәзірінің 
астынан 
«Гринстоун 
бағдарламалық интерфейсінің» белгісін тауып, соны ашамыз (3-
сурет). 
 
 
3-сурет. «Гринстоун бағдарламалық интерфейсі» белгісі

78  
Гринстоун  бағдарламалық  интерфейсі  топтамаларды  жасайды, 
ӛңдейді.  
 
Ол келесі түрде болады (4-сурет). 
 
 
 
4-сурет. Гринстоун бағдарламалық интерфейсінің түрі 
 
 
 
4. Жаңа топтаманы жасау 
 
Жаңа  топтаманы  жасау  үшін  «Файл»  мәзірін  ашып,  «Жаңа..»  
тармағын таңдаңыз (5-сурет). 
 
Ашылған  терезедегі  (6-сурет)  «Жаңа  топтама  жасау», 
«Топтаманың  аты/  тақырыбы»,  «Мазмұн  сипаты»  деген 
ӛрістерді топтама не жайлы екенін кӛрсететіндей етіп нақтырақ 
толтырған жӛн. 
 

79  
 
 
5-сурет. Жаңа топтаманың жасалынуы 
 
 
6-сурет. «Жаңа топтаманы жасау» терезесі 
 
 
Сипаттаманы  тарауларға  бӛлу  үшін  Enter  батырмасын 
пайдаланыңыз.  Енді  жаңа  топтама  бар  топтаманың  түрі  мен 
метамәліметерінің  орнатпасындай  бола  ма  әлде  үнсіздікпен 
«жаңадан топтама» жасайсыз ба, соны анықтау қалды.  

80  
 
 
7-сурет. Метамәліметтер жинағы 
 
 
«Development    Library  Subset  Example  Metadata  (dls)» 
Метамәліметтер жинағы бізге қолайлы.   
 
Метамәліметтер  не  жайлы  екені  туралы  кітаптың  соңындағы 
Тезаурус бӛлімінен қараңыз. 
 
dls  жинағы  –  даму  кітапханасының  ӛрістерінің  жинағы.  Бұл 
жинақ  қатардағы    оқырмандарға  бағытталып,  әлемдегі 
топтамалардың кӛпшілігі  осы жинақтан құралғандықтан ұнады.  
 
Ӛңдеу 
топтаманың 
толық 
мәтіндері 
бойынша 
жүргізілетіндіктен,  dls  метамәліметтер  жинағы    ӛңделуді  
оңайлатып 6 ӛріс береді. 
 
Greenstone/Collect/proba.doc  Қалтасындағы  топтама  атауы 
қысқа әрі латын әріптерімен немесе араб сандарымен жазылуы 

81  
 
керек.  Мұндағы    proba.doc    біздің  топтамамыздың  шартты 
атауы.  
Топтаманы жинау    
 
«Жинау»    бӛлімінде  компьютердің  жұмыс  кеңістігін  ашқанда 
тышқанның кӛмегімен ӛзіміз жасаған «DOC» Қалтасынан жаңа 
топтамаға  апарамыз  (8-сурет).  Барлық  таңдалынған  құжаттар 
Greenstone/Collect/сіздің_топтамаңыздың_атауы/Import 
қалтасында жинақталады. 
 
Ескерту.  Жасалған  топтамаларды  жинаудың  ең  жақсы 
нәтижесін  Гринстоунның  2.52  нұсқасы  кӛрсететіндігі  тәжірибе 
жүзінде дәлелденген. 
 
 
 
 
8-сурет. «Топтаманы жинау» бӛлімі 
 

82  
Жұмысыңызды  «Файл»  мәзірінен  «Сақтау»  тармақтың  таңдау 
арқылы үнемі сақтап отырыңыз. Топтаманы сақтау Гринстоунда 
пайдалануға  дайындап  берумен  бірдей  емес.  (Кітапханалық 
интерфейсі  сіз  бағдарламадан  шыққанда,  басқа  топтаманы 
жүктегенде  сіздің  жұмысыңызды  үнемі  сақтап  тұру  арқылы  
қорғайды.) 
 
Топтамалар 
сіздің 
Гринстоун 
каталогының 
«collect»  
қалтасының  ішіндегі 
сақталынады.  Топтама  атауының 
қысқартылған  нұсқасымен  аталынады.  Құжаттар  «import»  ішкі 
Қалтасында,  ал  метамәліметтер  осы  Қалтаның  «metadata.xml» 
файлында сақталады. 
 
Кескін  үйлесімделген  ақпарат  «ect»  қалта  ішіндегі  «collect.cfg» 
файлында сақталады. Кейбір ақпарат «.col» кеңейтілімімен және 
топтама атауымен файлда сақталады. 
 
6.  Жаңа топтаманы құжат сипаттамалармен толтықтыру 
 
Топтаманың  әр  құжатын  сипаттау  –  сіздің  сандық 
кітапханаңыздың  мәзірін  қалыптастыратын  кезең.  Ол  үшін 
«байыту» бетіне метамәліметтерді орнату керек (9-сурет):  
 
 
 
9-сурет. «Байыту» бӛлімі 
 
 
Title (тақырыбы, кілт сӛзі); 
 
Organization (осы материалды шығаратын ұйым); 

83  
 
 
Subject  (материалға  жауапты  кӛрсеткіш  немесе 
субьект); 
 
Keyword («кілт сӛзі» немесе іздеу әдістері); 
 
Language (тіл); 
 
AZList  –  кілт  сӛзінің  немесе  тақырыпшаның  алғашқы 
әріпі. 
 
Кітапты  (құжатты)  метамәліметтермен  сипаттаудың  мысалы 
(10-сурет). 
 
 
 
10-сурет. «Байыту» бӛлімі 
 
Енді  топтамаңыздағы  бірнеше  ӛңделген  файлдарды  сипаттап, 
сәйкес элементтерінің мәнін толтырасыз. 
 
Топтамадағы  құжаттарға  метамәліметтерді  енгізу  үшін  байыту 
уғымын пайдаланыңыз. 
 
Метамәліметтер – бұл мәліметтер жайлы мәліметтер. Мысалы, 
Атауы,  Автор,  Жасалу  мерзімі  және  т.с.с.  Метамәліметтің  әр 
заты екі бӛлшектен тұрады: 
 
«Элемент»  қай  зат  туралы  екенін  білдіреді  (мысалы, 
автор). 
 
«Мәні»  сол  элементтің  мәнін  береді  (мысалы, 
автордың аты). 
 

84  
Кестедегі кез-келген қатарды басу арқылы сіз терезенің тӛменгі 
секциясындағы  метамәліметтердің  бӛлшектерін  кӛріп,  ӛзгерте 
аласыз. 
 
7. Жаңа топтаманы сипаттау 
 
«Ортақ мүмкіндіктер» (11-сурет) жобасының бӛлімінде: 
 
жасаушының электрондық поштасы; 
 
топтаманы қолдаушының электрондық поштасы; 
 
«Топтаманың  аты/тақырыпшасы»,  топтама  Қалтасы, 
біздің жағдайда «proba»;  
 
«about»    бетінің  URL  пиктограммасы  –  топтама 
логотипі.  Оны  жасап,  Greenstone/Collect/топтама 
аты/images  Қалтасына  орналастыру  керек.  Кӛру  үшін 
«Кӛру» батырмасын басамыз; 
 
мәрелік  беттің  URL  пиктограммасы  –  басқа 
жасалынған  топтамалар  сияқты  сандық  кітапхананың 
мәрелік  бетінде  кӛрінетін  топтама  баннері.  Баннерді 
Greenstone/Collect/топтама 
аты/images 
қалтасына 
орналастырған дұрыс. Кӛру үшін «Кӛру» батырмасын 
басамыз. 
 
 
11-сурет. «Ортақ мүмкіндіктер» бӛлімі 

85  
 
«Құжаттар плагиндері» жобасының бӛлімінде  plugin WordPlug-
ді таңдаймыз, себебі біздің топтама тек қана word құжаттарынан 
ғана тұрады.  
 
«Іздеу  түрлерін»,  «Іздеу  индексін»,  «Бӛлу  индексін»,  «Кӛру 
класификаторларын», 
«Формат 
құралдарын» 
ӛзгертусіз 
қалдыру. 
 
Қайсы-бір  берілген  топтама  бойынша  құжаттарды  іздеу  үшін 
«Қиылысуларда 
іздеу» 
жобасының 
бӛліміндегі 
сәйкес 
топтамаларды белгілеу керек (12-сурет). 
 
 
 
12-сурет. Туысқан топтамаларда іздеу 
 
Топтамалар  үшін  жиналған  құжаттарды  метамәліметтермен 
анотирлеп,  топтама дизайнын жасаған соң сіз бірден топтаманы 
жасауға кірісе аласыз. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет