Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ӛзбекстан бойынша Алматы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі1,16 Mb.
#6805
  1   2   3   4   5

 

 
 
Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Ӛзбекстан  бойынша  Алматы 
қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік кеңсесі баспаға жариялаған 
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы, Тӛле би кӛшесі, 67. 
Тел.: +7 (7272)582643 
Факс: +7 (7272)794853 
Электрондық пошта: 
almaty@unesco.org 
  
Сайт: 
http://www.unesco.org/almaty
 
 
 
© ЮНЕСКО 2009 
Барлық құқықтар қорғалған 
 
ISBN  9965-692-69-6 
УДК  004.4 
ББК  32.973.26-018.2 
 
 
 
Еркін бағдарламалық жасақтама.  
Білім беруге, мәдениетке және ақпаратқа қатынас құруға 
арналған қосымшалар. 
 
Оқу құралында Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік кеңсесінің 
жобалары  шеңберінде  білім  беру  мен  мәдениет  мекемелері 
қолданатын еркін бағдарламалық жасақтаманың сиппаттамасы бар. 
 
Осы  оқу  құралында  үш  бағдарламалық  өнім  ұсынылған:  Moodle, 
Музеолог және Гринстоун сандық  кітапханасы.  
 
 
Ұсынылып  отырған  оқу  құралында  қолданылған  пайдаланылған 
атаулар  мен  ұсынылған  материалдар  ЮНЕСКО  тарапынан  қандайда 
бір  елдің,  аймақтың,  қаланың,  ауданның  немесе  олардың  сәйкес 
басқару органдарының құқықтық мәртебесіне қатысты немесе шектеу 
сызықтары не шекарасы ретінде олардың қандайда бір пікірді білдіру 
болып саналмайды. 
 
Автор осы басылымда бар деректерді таңдау мен ұсыну үшін, сондай-
ақ  ЮНЕСКО-ның  пікірлері  болып  саналуы  міндетті  емес  ондағы 
айтылған  пікірлер  үшін  жауапкершілікті  ӛз  мойнына  алады  және 
ұйымға ешқандай міндеттеме жүктемейді.

 
 
Авторлар  ұжымы:  Қалима  Туенбаева,  Жанат  Куленов,  Шынар 
Қоғабай, Бақыт Нұрбеков 
 
Қазақша нұсқауы: Жандос Байжұманов, Дархан Туенбаев 
 
Суреттер:  бӛлім авторлары және Дархан Туенбаев 
 
Moodle:  Қалима  Туенбаева;  Гринстоун:  Жанат  Куленов;  Музеолог: 
Шынар Қоғабай 
 
Кіріспе  мақала,  бағдарламалық  жасақтаманың  таңдалуы  және 
бағдарламалық өнімге алғы сөз: Сергей Карпов. 
 
Мұқабатыс:  Станислав  Мисюрин,  кілемдер  суреті:  ЮНЕСКО 
мәдениет бӛлімі 
 
Беттеу: Қалима Туенбаева  
 
Басылым:  Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Ӛзбекстан 
бойынша Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік кеңсесі. 
Баспаға  шығару  үшін  қол  қойылды  14.04.2009.  Пішін  А5.  Тираж  26 
дана. 
 
Электрондық нұсқасы:  
http://www.unesco.kz/publications/ci/2009/ci-foss.pdf
  
 
 
Алғыстар 
 
Осы кітапты әзірлеуде құнды ескертулері үшін авторлар алғыс айтады:                       
 
Қазақстан 
Республикасының 
Орталық 
Мемлекеттік 
Мұражайына және жекелей Нұрсан Әлімбайға; 
 
ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасына; 
 
Ұлттық Ақпараттандыру Орталығына; 
 
Басылымның  жетілдірілуіне  үлкен  үлес  қосқан  адамдарға, 
ЮНЕСКО  қызметкерлеріне:  Тарья  Виртаненге,  Жан-Клод 
Дофинге, Наталья Денисоваға,
 
Ирина Андрееваға; 
 
Moodle  жүйесі  бойынша  құнды  ескертулері  үшін  Сайѐра 
Рахманқұловаға. 
 
 

 
 
Мазмұны
Мазмұны ............................................................................................ 5
 
Алғы сӛз ............................................................................................. 7
 
Білім беруге арналған еркін бағдарламалық жасақтама
 ................................................................................................. 11
 
Moodle – қашықтықтан оқыту жүйесі .......................... 13
 
Кіріспе .............................................................................................. 13
 
Moodle-мен танысу ......................................................................... 14
 
Moodle жүйесіндегі рольдер: ......................................................... 15
 
Moodle жүйесіне тіркелу ................................................................ 15
 
Жүйеге кіру ...................................................................................... 17
 
Жүйенің жалпы қызметі ................................................................. 18
 
Курсты жасау және курсты жобалаушыға арналған әрекеттер 
алгоритмі .......................................................................................... 19
 
Қор кӛзінің ерекшеліктері: ............................................................. 25
 
Moodle-дегі тестілеу жүйесі ........................................................... 26
 
Жаңа тест құрастыру ...................................................................... 27
 
Moodle  жүйесін қайдан жүктеуге болады? .................................. 32
 
Қорытынды ...................................................................................... 33
 
Мәдениетке арналған еркін бағдарламалық жасақтама
 ................................................................................................. 35
 
Музеолог – мұражайларға  арналған сандық каталог ..... 37 
Кіріспе .............................................................................................. 37
 
Музеолог бағдарламалық жасақтаманы енгізудің қор кӛздері ... 40
 
Бағдарламаны қалай қосады?  Қалай аяқтайды? .......................... 41
 
Музеолог сандық каталогының іске қосылуы .............................. 42
 
Ӛнер пәні куәлігінің тіркеу кәртішкесі ......................................... 67
 
Ақпаратқа қатынауға  арналған еркін бағдарламалық 
жасақтама ........................................................................... 71
 
Гринстоун кітапханалық интерфейсінің көмегімен 
құжаттар топтамасын әзірлеу................................................ 73 
Кіріспе .............................................................................................. 73
 
Сіздің топтамаңызға арналған файлдарды дайындау .................. 75
 
Гринстоун Кітапханалық интерфейсін қолдана отырып 
топтамаларды әзірлеу үрдісі .......................................................... 77
 
Қосымша еркін бағдарламалық                  жасақтамасын 
шолу ....................................................................................... 89
 
OpenUSS –университетке арналған жүйе ...................... 91
 
Кіріспе .............................................................................................. 91
 
OpenUSS нұсқаушысы .................................................................... 93
 

 
 
KnowledgeTree ........................................................................... 95
 
KnowledgeTree-дің қолданылуы .................................................... 95
 
Орнатылуы ..................................................................................... 101
 
Gallery 2 .................................................................................... 102
 
Қолданылуы ................................................................................... 102
 
Қолданушылар .............................................................................. 103
 
Қашықтықтан жұмыс жасау ......................................................... 105
 
Кірушілер мен қызметтер ............................................................. 106
 
Gallery2 бағдарламасын орнату ................................................... 108
 
Open Admin for Schools .......................................................... 110
 
Open Admin-ді пайдалану ............................................................. 110
 
Open Admin for Schools-ты орнату .............................................. 113
 
Глоссарий ............................................................................ 114
 
 
 

7  
 
Алғы сөз 
 
Ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі мен білім берудегі ашық коды 
бар  еркін  бағдарламалық  жасақтаманың  (АЕБЖ)  ролі  жоғары 
дәрежелі 
Бүкіләлемдік 
кездесулер 
принциптерінің 
декларациясында    ақпараттық  қоғам    сұрақтары  бойынша 
анықталды.
1
 
 
Бас  директордың  ―
 
Бәріне  арналған  ақпарат‖  бағдарламасына 
арналған  стратегиялық  жоспар  жобасы  жайлы  баяндамасында 
ақпаратқа құқығы барлардың қызығушылытары мен  қоғамдық 
қызығушылықтар  арасындағы  әділ  тепе-теңдікке,  кӛптілдікке 
тигізетін  әсерді  бағыт  еткен    киберкеңістікке  жалпылай  қол 
жеткізу мүмкіндігінің және кӛптілдіктің дамуын ескере отырып 
АЕБЖ-ның болашағына анықтама берілді.
2
 
 
Ақпарат  пен  білім  алу  мүмкіндігі  еркін  таралатын 
бағдарламалық  жасақтамалардың  түрлі  модельдерін  ұсынатын 
мүмкіндіктер  жайлы  қызығушылығы  бар  барлық  жақтардың 
хабардар болуына әсер етеді. АЕБЖ-ның жасалуымен жекелеген 
бағдарламалаушылар, 
формалды 
емес 
топтар, 
сауда 
компаниялары 
айналысады. 
Бұның 
бәрі 
бәсекелестікті 
күшейтіп, 
қолданушылардың 
АКТ 
құралдарын 
таңдау 
мүмкіндігін кеңейтеді. Қолданушылар ӛздерінің қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын  ең  жақсы  нұсқаны  іздеп  жатып-ақ    білімге 
                                                 
1
 
 
―Ақпараттық  қоғамның  құрылуы  –  жаңа  мыңжылдықтың 
ғаламдық  міндеті‖      қағидаларының  декларациясы.  Ақараттық  қоғам 
сұрақтары бойынша ӛткізілген жоғары дәрежелі бүкіләлемдік кездесу. 
Женева қаласы, 2003 ж., Тунис қаласы, 2005 ж.,   
 
http://www.itu.int/wsis/indexru.html
 
2
 
 Бас  директордың  ―Барлығына  ақпарат‖  бағдарламасына 
арналған  стратегиялық  жоспар  жобасы  жайлы  баяндамасы  (БАБ)  // 
ЮНЕСКО атқарушы кеңесі,  180 ЕХ/15 документі, 2008 ж. 
 
http://unesdoc.unesco.org/images/0016/001618/161860
r.pdf 
 

8  
негізделген қоғамда барлығына ашық даму жағдайын жасайды. 
2007 
жылы 
Душанбе 
қаласында 
ӛткен 
ЮНЕСКО 
конференциясы  АЕБЖ-ның  ілгері  даму  бағыттарын  анықтады: 
білім,  мәдениет,  Орталық  Азияның  ЮНЕСКО  құзырының 
салаларындағы  ақпаратты  алу  мүмкіндігі.  АЕБЖ-ның  үш  ӛнімі 
тәжірибеде  сәтті  қолданылуда:  Moodle  қашықтықтан  оқыту 
модульдік  жүйесі,  Музеолог    сандық  мұражай  каталогы  және 
Гринстоун сандық кітапханасы. 
 
Оқу құралының мақсаты оқытушыларға, мұражай мен кітапхана 
қызметкерлеріне ӛз мекемелерінің институтцианалдық әлеуетін 
жоғарлату  мақсатында  осы  еркін  бағдарламаларды  қолдану 
бойынша тәжірибелік ұсыныстарды беру болып табылады.  
 
Осы ұсынылып отырған оқу құралы Орталық Азиядағы ақпарат 
алу  мүмкіндігі  бар,  білім  және  мәдениет  салаларындағы 
қызметкерлердің 
біліктілігін 
жоғарлатуға 
арналған 
таратылымды 
материалдардың 
болуына 
қызығушылық 
танытатын,  қоғамға  қажетті  ақпаратты  тарататын  білім  беру 
және  мәдениет  мекемелері,  сонымен  қатар  мемлекеттік 
институттар үшін АКТ нұсқаушыларына бағытталған. 
 
Оқу  құралының  екінші  бӛлімінде  Бангкоктағы  ЮНЕСКО  
кеңсесі  жариялаған  ―Білім  беру  саласының  мамандарына 
арналған  Веб-жабдықтар‖      шолуының  кӛптілдік  ӛнімдерге  
байланысты  аудармасы,  сонымен  қатар,    АКТ  мен  мәдениет 
терминдер Тезаурусы ұсынылады.   
 
Оқу  құралының  әзірленуі  мен  басылып  шығуы  Алматыдағы 
ЮНЕСКО  Кластерлік  кеңсесінің  қатысуымен  жүзеге  асып 
отырған  ―Білім  беру,  мәдениет,  ақпарат  алу  мүмкіндігіне 
арналған еркін БЖ‖ жобасының аясында жасалынған. 
 
Аталып  ӛткен  қосымшаларды  соңғы  10  жыл  бойы  ЮНЕСКО-
ның  әр  түрлі  жобаларында  әр  түрлі  мекемелер  пайдаланып 
келді.    Аталмыш  оқу  құралын  жасау  идеясы  тек  қана 
техникалық  сауалдар  ғана  емес,  сонымен  қатар,  қызметтік 
мүмкіндіктерді  де  ескеретін  қосымшаларды  пайдалану 

9  
 
тәжірибесіне    негізделген.  USB-тасмалдаушыдағы  алдын-ала 
орнатылып  жасалынған  офф-лайн  ӛнімдері  АКТ  құралдарымен 
берілетін  мазмұнға  кӛңіл  қоюға  мүмкіндік  берді.  Бұл 
бағдарламалық  ӛнімдерді  тікелей  пайдалануға  ӛтуге  мүмкіндік 
берді,  соның  нәтижесінде  қолданушылардың  ескертулері  БЖ-
ның  дамуына қуатты серпіліс берілді.  
 
Соңғы  2 жылдың ішінде Орта  Азияның  білім  беру  мекемелері, 
мұражайлар  мен  кітапханалардың  3000-нан  аса  қолданушылар 
ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуден ӛткізіп, оны 
жетілдіру бойынша бір қатар ұсыныстар жасады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сергей Карпов 
Ұлттық маман, 
Ақпарат және Коммуникация бағдарламасы 
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ӛзбекстан бойынша  
Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік кеңсесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11  
 
 
 
 
 
 
 
Білім беруге арналған еркін бағдарламалық 
жасақтама 

13  
 
 Moodle – қашықтықтан оқыту жүйесі 
 
Кіріспе 
 
АКТ-ны 
білім 
беру 
жүйесінде  пайдалану,  E-
Campus    сияқты  ЮНЕСКО 
сабақтас  жобалары  2003 
жылдан  бастап  білімді  жеткізуші    қосымшалары  ретінде 
Moodle  жүйесін  таңдады.  Бұл  жүйенің  ерекшелігі 
кӛптілділікке  және  әлеуметтік  құрастыру  педагогикасы 
сияқты  педагогикалық
 принциптерде негізделген.
3
  
 
ЮНЕСКО  жобасының  аясында  жасап  шығарылған  «Э-Окыту» 
(E-Learning)  портативті    серверін  Қазақстанның  мыңдаған 
оқытушылары  қолданды.  Бұл  серверде  алдын-ала  орнатылған 
Moodle бағдарламалық жасақтамасы бар. 
 
Білім  мазмұны  офф-лайн  және  он-лайн  екі  режимінде  оңай 
беріледі  және  алмасады.    Бағдарлама  жергілікті  серверлерден 
USB-тасымалдаушыларға 
оңай 
жүктеледі. 
Оқытушылар 
бағдарлама  мазмұнын  Ұлттық  Ақпараттандыру  Орталығының 
сайтында  кӛре  алады.  Әлемде,  Орта  Азияда  Moodle 
қауымдастығы    тез  қарқынмен  ӛсіп  және  қазіргі  уақытта  78 
тілде және 204 мемлекетте қолданылып жүрген интерфейсі бар 
қашықтықтан оқыту стандартына айналып келеді. 
 
Moodle  қашықтықтан  оқыту  жүйесі  қашықтықтан  оқыту 
курстарын  жасаудың  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  бумасы 
болып табылады. Жүйе Open Source  сияқты тегін таратылады.  
                                                 
3
 
 
http://docs.moodle.org/en/Philosophy
 
 

14  
Moodle  дәстүрлі  клиент-серверлік  қосымша  болып  табылады, 
онда  сервер  қызметін  веб-сервер  атқарады  (әдетте  Apache),  ал 
тұтынушы  қызметін  веб-браузер  атқарады  (мысалы  Internet 
Explorer,  Mozilla  Firefox  және  т.б.).  Қолданушылардың  барлық 
мәліметтері 
курстар 
сияқты 
серверде 
сақталады. 
Қолданушылар-оқушылар-оқытушылар 
веб-серверге 
кіріп, 
тіркелгілерін анықтап, оқу үрдісіне кірісе алады.  
 
Moodle бойынша бұл  әдістемелік құрал  курс үзіндісін немесе 
жеке  сабақты  жасап,  баспаға  шығарғысы  келген  немесе  
қашықтықтан 
сабақ 
жүргізгісі 
келген 
оқытушыларға, 
ізденушілерге, 
білім 
беру 
қызметкерлеріне 
арналады. 
Әдістеменің    тәжірибелік  бағыты  бар.  Курстың  құрылымы  мен 
оның мүмкіндіктерінің қысқаша кӛрсетілімі берілген, оны курс 
оқытушысы Moodle-де қолдана алады. 
 
Moodle-мен танысу 
 
Moodle-нің  1.7-ші  және  одан  жоғары  нұсқаларының    ролі  мен 
мүмкіндіктері қолданушының басқаруын  қолайлы  етеді.  
 
Moodle-дің 1.7  нұсқасына дейін тек 6 мүмкін болатын рольдері 
болды:    қонақ,  оқушы,  ӛңдеу  құқығы  жоқ  оқытушы,  оқытушы 
(курстың  мазмұнын  ӛңдеу  құқығы  бар),  курсты  жасаушы  және 
басқарушы. 
 
Moodle 1.7 нұсқасынан бастап ―роль‖ деген ұғым енгізілді. Роль 
қолданушының  мәртебесін  анықтайды.  Олар  –  басқарушылар, 
курсты  жасаушылар,  оқытушылар,  студенттер  мен  қонақтар, 
тьютор.  Бұлардың  әрқайсысының  контекстке  байланысты  қол 
жеткізу  мүмкіндігіне  құқықты.  Құқық  пен  ролдердің  саны 
қажеттілікке байланысты ӛзгеріп отырады.  
 
 
Сайттың администраторы әрбір рольдің нақты бір жүйе элемент 
функциясына белгілі бір құқықтарын тағайындайды.  

15  
 
Moodle жүйесіндегі рольдер: 
 
 
басқарушы 
– 
жүйені 
толығымен 
басқаратын 
қолданушы; 
 
курс жасаушысы жаңа курстар жасайды, бірақ жүйенің 
ғаламдық орнатылымдарын басқара алмайды; 
 
оқытушы нақты бір курсты оқытып, оқушыға іс-әрекет 
түрлерін тапсырып, баға қояды
 
тьютор  –  ӛңдеу  құқығы  жоқ  курс  нұсқаушысы.    Ол 
нұсқаулар бере алады, бірақ іс-әрекеттің жаңа түрлерін 
тапсырып, қолданушыларға баға қоя алмайды; 
 
студенттің,  әдеттегідей,  нақты  бір  курста  оқу  құқығы 
бар; 
 
қонақ  –  тіркелгісі    анықталмаған  (авторланбаған) 
қолданушы. 
 
Moodle жүйесіне тіркелу 
 
Бұл  жүйе,  кӛптеген  ақпараттық  жүйелер  тәрізді  (чаттар, 
форумдар,  ойындар  және  т.б.),  мүмкіндіктерді  ең  тиімді 
режимде  қолдану  үшін  тіркелуді  талап  етеді.  Берілген  жүйенің 
мүмкіндіктерін қарастыру алдында, тіркелу қажет.  
 
Тіркелу былай жасалады: 
 
1. 
Браузердің  адрестік  жолына  жүйе  орналасқан  сервердің 
адресін  жазамыз  (бұл  жағдайда 
http://moodle.nci.kz
).  Сіздің 
алдыңызда 
―Ұлттық 
Ақпараттандыру 
Орталығы‖ 
АҚ 
порталының беті ашылады. (1-сурет). 
 
2.  Тіркелу  бӛліміне  кӛшу  үшін  сайттың  жоғарғы  оң  жақ 
бұрышындағы «Кіру» сілтемесіне шерту керек. 
 
3.  Содан  кейін  «Оқушының  жаңа  тіркелу  жазбасын  жасау» 
сілтемесін басыңыз. 

16  
 
1-сурет. 
http://moodle.nci.kz
 порталының бірінші беті 
«Ұлттық Ақпараттандыру Орталығы» АҚ 
 
4.  Сіздің  алдыңызда  тӛменде  кӛрсетілген  ӛрістері  бар  пішім 
пайда  болады:  Логин,  Кілтсӛз,  e-mail,  Аты,  Тегі,  Қаласы  және 
Мемлекеті.    Осы  ӛрістерді  толтырғаннан  кейін,  «Сақтау» 
түймесін басыңыз. 
 
  
2-сурет. Тіркелу пішімінің түрі 

17  
 
5.  Жүйе  сізге  келесі  хабарламаны  ұсынады:  «Сіз  кӛрсеткен 
электронды пошта адресіне (мысалы, qwerty@mail.kz) тіркелуді 
аяқтаудың  оңай  нұсқаулықтары  бар  хат  жібереді.  Тіркелумен 
қиындықтар туындаса, сайт басқарушысымен хабарласыңыз.» 
 
6. Тіркелуді растау үшін керекті соңғы қадам – тіркелуді растау.   
 
Жүйеге кіру 
 
 
3-сурет. Жүйеге кіру 
 
Жүйеге  кіру  пайдаланушының  аты  мен  кілтсӛзін  сәйкесінше 
ӛрістерге енгізу арқылы жүзеге асады (3-суретті қараңыз). Одан 
кейін «Кіру» түймесін шертіңіз.  
 
Жүйеге  тіркелмей,  демек,  қонақ  ретінде  де  кіруге  болады.  Ол 
«Қонақ  болып  кіру»  түймесін  шерту  арқылы  жүзеге  асады. 
Қонақтың  құқықтары  тіркелген  пайдаланушының  құқықтарына 
қарағанда шектеулі. 
 
Жүйеге  кіргеннен  кейін  жоғарғы  оң  жақ  бұрышта  атыңыз 
жазылған: «Сіз келесі атпен кірдіңіз: есіміңіз және тегіңіз» және 
де сеансты аяқтауға арналған «Шығу» сілтемесі бар жол пайда 
болады.  

18  
Тіркелгеннен кейін сіз келесі құқықтарға ие боласыз: 
 
жаңалықтарды оқу; 
 
чаттар мен форумдарға қатысу; 
 
жүйе қолдайтын курстардың сипаттамаларын қарау; 
 
әкімшілік  немесе  оқытушының  келісімін  талап 
етпейтін курстарға тіркелу. 
Жүйенің жалпы қызметі 
 
Егер 
сіз 
курс 
жобалаушысы 
болсаңыз, 
сіз 
жүйе 
басқарушысымен 
хабарласуыңыз 
қажет. 
Ӛйткені 
ӛз 
курстарыңызды  жасау  үшін  қонақтық  және  пайдаланушылық 
құқықтар жинағынан әлдеқайда жоғары құқықтарға ие боласыз.  
 
Олармен  толығырақ  танысу  үшін,  Moodle-нің  курсты  жобалау, 
басқару,  дамыту  мүмкіндіктерін  сипаттау  қажет,  нақтырақ 
айтсақ:  
 
 
курс  модульдік  негізде  жасалады.  Модульдер  келесі 
құрылымдардың  негізінде  жүйелене  алады:  күнтізбе, 
форум, ағаш; 
 
курстарға  арналған  жасаушы-модульдердің  үлкен 
жинағы  бар:  «Форум»,  «Дәптер»,  «Тест»,  «Қор», 
«Сұрау», «Сауалнама», «Үй тапсырмасы» және т.б.;  
 
жаңалықтардың, 
форумдардың, 
бағалардың, 
оқытушылардың пікірлерінің электронды таратылуы; 
 
терілетін  мәтіндер  RichText  ӛңдеушісінің  кӛмегімен 
ӛңделе  алады;  RichText  HTML  ӛңдеушісі    сізге  MS 
Word-қа  ұқсас,  веб-бетте  орналасқан  интерфейсті 
ұсынады (4-сурет).  
 
веб-бетті  визуалды  тәртіпте  жасап,  HTML-кодын 
жасауға  кӛмектеседі.  Мәтінді  форматтауға  толықтыру 
ретінде  ӛңдеуші  бірқатар  қосымша  мүмкіндіктер 
ұсынады  (басқа  бағдарламалардың  мәтінін  алмастыру 
буфері арқылы кӛшіру, суреттер, кестелер, сілтемелер, 
―смайлдар‖  (эмоция) қою);   
 

19  
 
 
 
 
4-сурет. «Richtext  ӛңдеушісі»  терезесі 
 
 
барлық  бағалар  (форумдардың,  жұмыс  дәптерлердің, 
тесттердің  және  тапсырмалардың)  бір  бетте  (немесе 
файл  түрінде)  кӛрсетіле  алады  және  студент  те, 
оқытушы да оларды кӛре алады; 
 
пайдаланушының  жүйеге  кіруі,  әртүрлі  модульдердің  
жұмысы  туралы  толық  есепті  кӛруге  мүмкіндігі  бар 
(соңғы  рет  кірген  уақыты,  оқу  саны,  хабарламалар, 
дәптерлердегі жазбалар); 
 
пайдаланушының  жүйеге  соңғы  рет  кіргеннен  кейінгі 
курста  болған  ӛзгерістер  курстың  бірінші  бетінде 
кӛрсетіле алады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет