8. Жасауды іске қосу
«Топтаманы
жасау»
түймесі
(13-сурет)
топтаманы
генерациялауды ынталандырады.
Кейде топтаманы жинау үрдісі дұрыс жүрмеуі мүмкін. Мүмкін,
кейбір файлдарды ӛңдеуге болмайды.
Мысалы, топтаманың қалған бӛлшегі сәтті генерацияланған.
Енді оны кӛруге болады. Бірақ онда кейбір құжаттар жоқ.
86
Осы жағдайда «An error has occurred and the collection could not
be created» хабарламасы келеді. Мұндайда GLI сараптау
тәртібіне ауысқан жӛн (Файл-->Түзетпелер-->Тәртіп, Ықлас
білідіруді қараңыз). Содан кейін, қателіктер жӛніндегі барлық
хаттамаларды кӛріп оны жӛңдеу үшін қайта жинауды іске қосу
керек.
13-сурет. Топтамаларды жасау
Түзетпеге «Сараптауды» орнату сіздің топтамаңыздың
құрылымдық ерекшеліктерінің нақты талдауға, жинау кезіндегі
мәселелерді шешуге кӛмектеседі.
Гринстоунды пайдалану тәжірибесі бар және PERL-скриптен
шығарылу күйін келтіру мен талдауы бар кемшіліктерді жоятын
және іздеу міндеттерін орындай алатын қолданушыларға
ұсынылады.
Гринстоун кітапханалық интерфейсінің барлық құралдарына
қолжеткізуге болады.
87
Топтаманы сәтті жинасаңыз «Топтаманы алдын-ала кӛру»
ұсынылады.
9. Дайын топтаманы көру
Топтаманы құрып болғаннан соң, «Топтаманы алдын-ала кӛру»
батырмасын басыңыз; браузер соңғы нәтижені кӛрсетеді.
Мысалы, (14-сурет).
14-сурет. Кӛрсету қосымшасы таңдалған дайын топтаманың
мысалы
Қорытынды. Тізіліп шыққан 9 қадам
электрондық ақпаратты жасаумен, таратумен
айналысатын мекемелерде сандық кітапхананы
пайдалану туралы тікелей басшылықты береді.
Берілген бӛлімге қатысты, оның ары қарай
дамуы туралы пікірлеріңізге риза боламыз.
Оны мына адрес бойынша жіберіңіз:
almaty@unesco.org
89
Қосымша еркін бағдарламалық
жасақтамасын шолу
91
OpenUSS –университетке арналған жүйе
Кіріспе
Бұл бӛлімде бағдарламалық жасақтамаға шолу берілген. Оны сіз
www.unescobkk.org/education/ict
сайтынан оңай таба аласыз.
Бұл әдістемелік оқу құралында мұғалімдер сабақ беру мен
оқыту деңгейін арттыруға, сонымен қатар әкімшілердің жұмыс
істеудің ӛнімділігі мен тиімділігін арттыруға пайдалана алатын
веб-аспаптар туралы ақпарат бар.
Сипатталған бағдарламалық жасақтамадағы барлық аспаптар
нұсқаулармен сүйемелденеді.
Бұл аспаптарды жапондық арнаулы қор құрған (JFIT) «Сабақ
беру мен оқытудың тиімділігін арттыру үшін АҚТ-ны
пайдалану саласында оқытушылардың біліктілігін арттыру және
дайындау» жобасы аясында Бангкоктағы ЮНЕСКО-ның кеңсесі
әзірлеген болатын.
Open Source University Support System (OpenUSS) ASP
(Application service Provider) моделінің негізінде электрондық
оқытудың тұғырнамасы болып саналады. Бір немесе бірнеше
ұйымға немесе мекемеге OpenUSS-тің бір данасы қызмет
кӛрсете алады.
OpenUSS пайдаланушыға икемділік береді, OpenUSS қосымша
бағдарламаларына қатынас құру үшін әркім ӛзінің меншікті
арнасын (мысалы, компьютер немесе ұялы телефон) таңдай
алады.
OpenUSS, мәліметтерді сақтау сияқты, оқытуды басқару
жүйесінің (LMS) негізгі қызметтерін қамтиды, бірақ
мәліметтердің мазмұнына емес, кӛбінесе мәліметтердің
92
түсініктілігіне жауап береді. Бұл – мыңдаған пайдаланушыларға
қолдау кӛрсете алатын жоғары-ауқымды бағдарлама.
OpenUSS пайдаланушылар үшін ақпараттандыру мен желідегі
қарым-қатынастың қазіргі заманғы қызметтерін кӛрсетеді:
оқу материалдарын дербес басқару;
жеке курстар үшін e-mail сервері;
арнайы тақырыптық форумдар;
жаңартылатын чаттар;
дербес қолдау үшін жинақы-дискіге дәрістерді
мұрағаттау;
пайданушылар тобын ашу және жабу;
білім алушыларға арналған OpenUSS.
Жоғары білім алу кезінде компьютерлік оқыту табысты болу
үшін жедел әрекеттілік негізгі фактор болып саналады.
OpenUSS,
WAP
және
SMS
сияқты
жаңашылдық
коммуникациялық технологияларға негізделеді.
Бұл студенттер ғылыми шаралар туралы ағымдағы ақпаратты,
үйде, ұялы телефон бойынша лезде алуына мүмкіндік дегенді
білдіреді.
Студенттерге ауқымды ақпаратты тапсырысқа беру үшін
OpenUSS жеке дербестелген динамикалық ресурстардың
технологияларымен жасақталған.
Оқушылар қалаған интерактивті курстарға жазылады да
қабылданғаннан кейін ӛздеріне қажетті нақты ақпаратты алады,
ӛйткені OpenUSS университет (мысалы, факультет немесе
институт) ұйымдастырған бӛлімшелердің кез келген санын
тәуелсіз
басқара
алады.
Студенттердің
зерттеулеріне
байланысты кез келген ақпаратқа оған кешенді тәсілді ұсынады.
93
OpenUSS нұсқаушысы
OpenUSS нұсқаушысы – вебке негізделген жүйе, OpenUSS
оқытушыларға мүмкіндіктердің кең жүйесін ұсынады. Барлық
оқу материалдары құрылымдалған дерекқорында сақталынады,
веб-сайттың мазмұны мен нақтылығына қатысты мәселелер
ӛткен уақытта қалды.
Дерекқорындағы деректер семестрдің соңында мұрағаттанатын
болады, олар тасмалдауыштарда дербес күйде таратуға
мүмкіндік береді. Бұл жағдайда оқытушының үйіндегі
компьютерінен жаңа оқу материалдарын жариялай отырып,
OpenUSS-пен бірге қашықтықтан бірлесіп жұмыс істеудің
жаңашыл тұжырымдамасы қолдау табады. Бұл үшін Интернет
пен стандарттық браузерге қосылу қажет. Осы негізгі
үйлесімнен оқу материалдарының барлық түрі – мысалы, слайд-
кӛрсетілім, мәтіндік құжаттар мен электрондық кестелер бірден
жарияланып және таратылуы мүмкін.
Оқу материалдарын басқаруды кеңінен автоматтандыруға
байланысты OpenUSS қызмет етушілермен жұмыс істеу
процедурасын сезінерліктей қысқарта алатын болады. Сол
уақытта
типтік
тіркеу
жазбаларында
негізделінген
тұжырымдама тұрақтылық пен ӛзара байланыстылықтың
жоғары стандарттарын ұсынады.
OpenUSS барлық құрауышты 2 бӛлікке бӛлетін компоненттік-
бағытталған архитектураға негізделген:
1. Негізгі компоненттер.
2. Кеңейтілген компоненттер.
Негізгі компоненттер OpenUSS-тің бас компоненттері болып
саналады. Олар Assistant, Student, Enrollment, және т.б. сияқты
домендік-бағытталған eLearning компоненттерді ұсынады.
94
Кеңейтілген компоненттер OpenUSS жүйесінің барлық
домендіктен тысқара қызметтерін қамтиды. Оған кіретіндер:
Discussion, Chat, Lecture. Бұл компоненттер қызметтер мен
модульдерді жүйеден тыс әзірлеуді оңайлату үшін бӛлінген.
OpenUSS Enterprise Java Beans (EJB) негізінде Java қосымша
бағдарламасы ретінде жазылған. OpenUSS-тің кеңейтілген
тасымалдаушылығы бар аппараттық ресурстарды тиімді
пайдалану үшін жасалған.
OpenUSS қосымша бағдарламалар серверінің технологияларына
негізделінген, сонымен ол пайдаланушылардан жоғары
жүктемелер кезінде тұрақты болып қалады.
Архитектура сонымен қатар жүйенің жеке компоненттерін әр
түрлі аппараттық элементтерге үлестіруді қолдайды.
Жүйені жүзеге асыруға пайдаланылатын алғашқы ӛнімдер:
таныстырылым деңгейі: Enhydra Servlet Server (немесе
баламалы);
бизнес-процесс деңгейі: JOnAs EJB Server (немесе
баламалы);
мәліметтер деңгейі: InterBase, PostgreSQL (немесе
баламалы)
бӛгде хостинг қазіргі кезде осы бағдарламалық
жасақтама үшін қол жетімсіз.
Мақалалар мен сілтемелер:
Орнату бойынша оқулық
http://www.campussource.de/software/openuss/download.html
#doku
Пайдаланушының құралы:
http://www.campussource.de/software/
OpenUSS үшін SCORM обьекттер:
http://www.adlnet.org/
95
KnowledgeTree
KnowledgeTree бұл құжаттарды басқаратын бағдарламалық
жасақтама. Ол сақтауды, алмастыруды, байқау мен басқаруды
оңай қамтамасыз ету үшін жобаланған. KnowledgeTree – ашық
бағдарлама, бірақ кӛптеген басқа ашық бағдарламаларға
қарағанда, KnowledgeTree саудалық негізде толығымен қолдау
табады, KnowledgeTree корпорациялар, мемлекеттік мекемелер
мен орта және кіші кәсіпорындар, мектептер мен тағы басқа
ұйымдардың құжаттарын басқаруға қатысты мәселелерді
шешеді.
KnowledgeTree-дің қолданылуы
KnowledgeTree ӛзінің қолданыстағы қарапайымдылығы үшін
мектептерде үлкен жетістіктерге жетті. Шыққан кодтардың
ашықтығы оңай кеңейтілмелі, адамға қолайлы болуына
кӛмектеседі.
Ағымдағы тапсырмалар мен құжаттарды тексеруге қол
жеткізуді қамтамасыз ететін аспапты панелдің кӛмегімен
мектептерде KnowledgeTree-ді оңай бейімдей алуға мүмкіндігі
болады. KnowledgeTree – оңай енгізілетін жүйе.
96
KnowledgeTree-дің қызметтері:
Құжаттарды KnowledgeTree арқылы сақтаңдар,
таратыңдар, қараңдар және басқарыңдар
Web, Windows-тен KrowledgeTree-ге кіру. Microsoft
Office және WebDAV-ң басқа тұтынушылары;
Қолданылуы қарапайым веб-интерфейске Mozilla
Firefox и Microsoft Internet Explorer-дің қазіргі
түрлерінен еркін кіруге болады;
"drag and drop" – Microsoft Windows жұмыс үстелінен
құжаттардың қоймасына кіру мүмкіндігі;
мәзір және құралдарды басқару тетігі арқылы
Microsoft
Оffice
қосымшасынан
құжаттардың
қоймасына еркін кіруге болады;
Microsoft
Outlook
электрондық
поштасындағы
ақпараттар мен құжаттардың қоймасына салынған
файлдарды сақтау.
Таратыңдар, басқарыңдар және қорғаңдар
Ынтымақтастыққа жәрдемдесетін, интранет/экстранет
веб-негізделген тұғырнамасындағы құжаттар қоймасы;
97
Бір жолақтық қарапайым іздеуді немесе қиын іздеу
белгісін жасауды пайдалана отырып құжаттардың
мазмұнын (Microsoft Office, OpenDocument, PDF,
XML, HTML, RTF, мәтін) және метадеректерді іздеу;
―check-in"
және
―check-out‖
кеңінен
танымал
тұжырымдамалар арқылы жетілдіру мен қолданыста
жеңіл құжаттың нұсқасын басқару;
топтар мен рольдерге негізделген қуатты қорғаныс
түрі құжатты ашуды басқарып және қолдануды
басқаруға мүмкіндік береді;
құжатпен жүргізілетін әрекеттердің барлығының
мұқият тексерілуі;
мұрағаттық файлдарды пайдаланып немесе сервердің
файлдық жүйесінен бірнеше құжаттарды жүктеу
мүмкіндігі.
Контентті әзірлеуде бірігіп қызмет істеңіздер
құжаттарды қалыптастыруды басқарып, белгілі бір
рольдерді немесе топтардағы іс қимылдарды орындау
жӛнінде хабардар ететін жаңа жұмыс ағымын
жасаңыз;
жұмыс барысында құжатқа ену мүмкіндігін құжат
керек тұтынушыларға ғана шектеңіз;
құжаттардың немесе Қалталардың нақты түрлеріне
автоматтық жұмыс тригерлерінің тағайындалуы
құжаттарды біріктіру мазмұны және топ ретінде
98
тақырыбы бойынша ұқсас құжаттармен басқару
мүмкіндігін береді;
енгізілген форумдарды пайдаланып құжаттарды
талқылау;
қоймада басқарылатын құжаттар таратқышы бар;
құжаттар мен Қалталарға жазылу технологиясы
тұтынушыларға құжатпен жұмыс жасағанда ескерту
алуына мүмкіндік береді;
тұтынушылар жүйенің аспаптық тақтасынан оларға
кіру мүмкіндігі болу үшін іздеу үлгісін сақтаңыздар.
Қойма құрылымында өзіңіздің ұйымыңызды
көрсетіңіз
тұтынушылардың тіркелу жазбасын топтар мен
рольдерін жасаңыз, олар сіздің ұйымыңыздың
құрылымы мен жұмыс барысын кӛрсетеді;
қалталарды басқарыңыз – топтар мен рольдерге рұқсат
тағайындаңыз;
динамикалық шартты анықтаңыз. Олар иерархиялық
әдіске
емес,
транзакция
жайлы
ақпараттың
құрамындағы
құжаттардың
метамәліметтеріне
негізделген құжаттардың рұқсатын ерекшелеуге
кӛмектеседі;
сіздің ұйымыңыз пайдаланатын әр түрлі құжаттар
тобына арналған құжаттар түрін дайындаңыз;
99
құжаттарға метамәліметтер ӛрістерінің жиынтығын
анықтап, барлық құжаттарға пайдаланатын етіп немесе
құжат түрі негізінде тағайындалатындай жасаңыз.
Метамәліметтердің ӛрістері қарапайым мәтіндік
ӛрістер немесе түсіп қалатын тізім сияқты күрделі
құрылымдар болуы мүмкін.
Құжаттарды KnowtedseTree қоймасына тікелей
көшіріңіз
TWAIN-
бірге тіркескен бейнелеу құрылғысын
қолдана отырып, KnowledgeTree Desktop Imaging
құжаттарды енгізуге, енгізу нәтижесін кӛруге, құжатқа
метамәліметтерді қосу мен KnowledgeTree құжаттарды
жүктеуге мүмкіндік береді. Барлығы қарапайым
қолданылатын шеберде;
KnowledgeTree
Desktop
Imaging кӛшіру шебері
алдыңғы метамәліметтерді іске қосудан оны қайта
пайдалануға мүмкіндік береді. Кӛшіру шеберлері
құжаттардың кӛп мӛлшерін енгізуді қамтамасыз етеді,
ол қаншалықты мүмкін болса, соншалықты қарапайым
болады;
KnowledgeTree
Desktop
Imaging
сіздің
PDF
метамәліметке енгізген құжатыңыздың мазмұнын
ӛзгерту
үшін
нышандық
оптикалық
анықтау
технологиясын қолданады, KnowledgeTree сіздің
құжатыңызды индекстеп құжатта қарау мүмкіндігін
жеңілдетеді;
KnowledgeTree Desktop Imaging енгізудің TWAIN-
бірге тіркескен бейнелеу құрылғысын қолдайды, ол ӛз
алдында үстел мәтіналғысынан бастап құжаттарды
автоматты түрде беретін кәсіби мәтіналғыға дейінгі
құрылғыларды пайдалануға мүмкіндігін береді.
100
Сіздің ұйымыңыздың қатынас шегін анықтау
мен ішкі құрылымдық аутентификациясының
бірігуі
пайдаланушылар мен топтар ішкі мәліметтер
базасында немесе LDAP дереккӛзінен жасалуы
мүмкін;
бір
серверде
бірнеше
аутентификациялық
провайдерлер қолданылуы мүмкін.
сіздің Microsoft ActiveDirectory ішкі құрылымыңызбен
KnowledgeTree топтарына сіздің мүшелер сызбаңызды
үйлестіру;
Пайдаланушыларды басқару
бағыталған
құралдар
үстелі
кезекте
тұрған
құжаттарды, тексерілген құжаттар мен тездетілген
сілтемелерді, жазылуларды қарап шығуға мүмкіндік
береді;
қосымшадағы жүйелі анықтамалы мәліметтерді
басқару мен жасау оңай;
барлық
пайдаланушыларға
қолайлы
болатын
сақталынған пайдалы іздеулерді анықтаңыз;
ыңғайлы және жеңіл түзелінетін бағдарламалық
сәулет;
PHP и MySQL негізіндегі сәулет қосымшаны кеңейтіп,
түзеткісі келген әзірлеушілер үшін кедергілердің аз
болуын қамтамасыз етеді;
101
Portlet және Dashlet тұжырымдамалары KnowledgeTree
қолданушы интерфейсін оңай жетілдіруге мүмкіндік
береді;
қолданушы интерфейстің оңай түзелінетін үлгісі және
i18n (ұлтаралық) сызбалары;
күшті plug-in сәулеті – ядро триггерінің қызметін
ашып және барлық жүйелі функцияларды тез және
оңай кеңейтуге мүмкіндік береді. Оған файл
парсерлері, құжаттарды басқару, жұмыс барысы,
қойманың провайдерлері және аутентификация кіреді.
Орнатылуы
Тӛменде KnowledgeTree-ді орнату және қосуға керекті БҚ
келтірілген:
- Apache сервер.
- MySQL.
Және келесі кезектегі платформа:
- Red Hat Enterprise Linux 3 и 4 (32-биттік x86).
- Fedora Core 4 и 5 (32-биттік x86).
- SUSE Linux Enterprise сервер 9 и 10 (32-биттік x86).
- Ubuntu 6 LTS (32-биттік x86).
- Oracle Enterprise Linux (32-биттік x86).
- Microsoft Windows 2003 Server SP1.
- Microsoft Windows XP Professional SP2.
Мақалалар мен сілтемелер
KnowtedgeTree-дегі веб-қызметті біріктіру:
http://people.knowledgetree.com/conrad/2007/04/30/integrating-
into-the-knowledge-tree-web-service.html
KnowtedgeTree Performance White Paper:
102
http://www.krowledgetree.com/products/krowledgetree-
performance-whitepaper.pdf
Скриншоттар және демо-бейне:
http://www.knowledgetree.com/products/screenshotsvideos
Пайдаланушының Кӛмекші құралы және Нұсқаулығы:
http://www.knowledgetree.com/product5/manuals-and-user-guides
Демо:
http://demo.krowledgetree.com:8090/login.php
Gallery 2
Gallery2 – бұл суреттердің алмасуын қамтамасыз ететін
бағдарлама. Оның қызметі оны ортақ және жеке альбомдарға
бейімдеуге мүмкіндік береді. Gallery2 ашық шарты белгісі бар
GPL аясындағы бағдарлама болып табылады, тұтынушылар
мен жасап шығарушылар бірлестігі қолдайды. Gallery2-ні
кӛшіріп алу мен қолдану тегін.
Қолданылуы
Галерея – бұл фотоальбомдардың топтамасы. Сіздің веб-
серверіңізде бірнеше Галереяңыз болуы мүмкін және әр
Галереяда қалағаныңызша фотоальбомдарды сыйғыза аласыз.
103
Gallery2-ні үйлесімдеу және фотоальбомдарды басқару веб-
интерфейс арқылы жүзеге асады.
Gallery2 кескіндерді ӛңдеудің бірнеше түрімен жұмыс істейді
және 30 тілде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Gallery2 сайтына кірудің екі түрлі жолы бар: бірі
пайдаланушы ретінде немесе тіркеу жазбасы бар жеке тұлға
ретінде ӛзгертуіне болады, екіншісі кескінді және басқа
мультимедианы қарау ережесінде суреттерді пайдалана алатын
қонақ ретінде кіруге болады.
Қолданушылар
Бастапқыдан жүйеде бір пайдаланушы бар, ол – басқарушы. Бұл
тіркеу жазбасы Галереяда барлығын жасай алады. Әдетте сіз
басқарушы арқылы басқа қолданушыларды жаңадан шығара
аласыз. Қолданушыларға ӛз альбомдарын жасап, қолдануға
рұқсат берілген, және де Галереяда ӛзгеріс болса олар
электронды пошта арқылы ӛз бетінше тіркеліп хабарландыруға
жазыла алады.
Тӛменде тіркелген қолданушылардың әрекеттері келтірілген:
Альбомдар. Альбом – бұл галереяның ішіндегі суреттер мен
фильмдер тобы. Альбомдар бірінің ішінде бірі болуы және жеке
түрі де болуы мүмкін. Альбомдардың нақты құқықтары болуы
мүмкін және альбомдардың иесі әр түрлі пайдаланушыларға
рұқсат бере алады. Альбомдар кӛрінбеуі мүмкін, тек жүйеге
кірген нақты пайдаланушылар кӛре алады.
Келісім бойынша орнатудағы альбомның иконкасы бастапқы
альбомға қосылған кескіннің кішірейтілген кӛшірмесі, бірақ
альбомға енгізілген кескіннің бір бӛлшегі болып немесе толық
кӛрсетуге бағытталған болуы мүмкін. Альбомдағы суреттер
қосылған күні, түсірілген күні негізінде іріктелуі мүмкін.
Альбомның жойылуы, кӛшірілуі немесе атының ӛзгертілуі
104
мүмкін. Әрбір суретті ашып отырмай, барлық суреттердің
тақырыпшаларын бірден ӛңдеуге болады. Түсініктемелерді
қарау мен тексеру қолайлы болу үшін барлығын бірден
кӛрсетуге болады. Сонымен қатар, егер альбомға сұраныс
қосылса, нәтижесін альбом иесі кӛреді немесе альбом иесінің
қалауы бойынша беттің жоғарғы бӛлігінде кӛрсетіледі.
Альбом сондай-ақ ерекше белгімен белгіленеді және альбом
иесі альбомды әр түрлі бағыттауы мүмкін. Сіз атауын, түсін,
қарпін, жиегін ӛзгертуіңізге болады. Сіз сол сияқты
иконкалардың нақ кӛлемін және суреттің аралықтағы кӛлемін
кӛрсетуіңізге болады. Альбомдағы жолақтар мен бағаналар
саны кӛрудің басқа опциялары сияқты реттелінеді.
Сурет. Егер сіздің тиісті рұқсаттамаңыз болса, суреттерді
альбомға қосуыңызға болады. Әдепкі орнату бойынша енгізу
әдісі ішқұрылым шеберінде орнатылған, сонымен қатар мұның
тағы бірнеше әдістері бар:
zip файлды суреттер мен бейнекӛрсетілімдермен бірге
жүктеу;
10 суретке дейін және қосымша сипаттамалары бар
файлды бірден енгізу үшін пішінді пайдалану;
Галерея осы парақтан барлық бейнероликтер мен
суреттерді кӛшіріп алу үшін веб-парақты кӛрсету
керек;
Сіздің веб-серверіңіздегі қалтаға барлық суреттерді
кӛшіру, сонда Галерея барлығын тікелей альбоға
кӛшіреді;
Жүктеу үшін drag&drop суреттер мен видеороликтерді
қолдана отырып, кірістірілген апплеттерді қолдану;
Gallery Remote немесе басқа бір әдісті қолдану.
Сіздің суреттерді енгізе бастауыңызға байланысты автоматты
түрде оларға иконка жасалады, сол иконкалар сіздің
альбомыңызға қосылып және керек болса кішірейтілген әр түрлі
кӛшірмелері қосылады. Оған қоса, оларға автоматты түрде
ерекше белгі қолданылады.
105
Суреттерді енгізгеннен кейін, оларды басқару үшін, сіз істей
алатын бірнеше заттар бар:
1. Атауын, тақырыпшасын, маңызды сӛздерді және сіз жүктеген
басқа ӛрістерді ӛзгерту.
2. Тек бір бӛлігін ғана таңдап Java-апплеттің кӛмегімен нобайын
ӛзгерту.
3. Бірнеше рет 90 градусқа кескінді бұру.
4. Суретті сол альбомдағы басқа жерге немесе басқа альбомға
ауыстыру.
5. Тек альбомның иесі ғана немесе жүйеге кірген
пайдаланушылар ғана кӛру үшін суретті жасыру.
6. Суретті жою.
7. Сіз таңдаған ерекше белгіні суреттке қосу және т.б.
Альбомдарды айналау. Gallery2 сіздің альбомдарыңызды
алыстағы серверлерде керекті мӛлшерде бейнелеп кӛрсетеді.
Бұл сіздің галереяңызды ӛткізгіштігі тӛмен компьютерде
жіберуге кӛмектеседі, дегенмен ӛзіңіздің суреттеріңізді
ӛткізгіштігі жоғары ISP дереккӛзінен алып тұруыңызға болады.
Қосу. Gallery2-де веб-интерфейссіз әрекет етуге арналған
дистанциондық хаттама бар.
Қашықтықтан жұмыс жасау
Gallery Remote. Gallery Remote – Java бағдарламасын
қолдайтын кез келген жүйеде жүктелінетін бағдарлама.
Пайдаланушылар оны Галереяға drag&drop интерфейс арқылы
сурет жіберуге қолдана алады.
Галереяға суреттерді жеңіл қосу үшін басқа әдістер де жетерлік,
соның ішінде Windows XP, Apple's, iPhoto, ұялы телефондарды,
perl, python, және басқаларды қолдайтын әдістер бар.
106
Сіздің галереяңызды жариялап және жаңарту үшін оған RSS
қолданылуы мүмкін.
Кірушілер мен қызметтер
Альбомды
кӛруші
қолданушылар
тақтаның
кӛмегімен
альбомның кез-келген парағының асты мен үстінде жеңіл
қозғала алады. Әр альбомға ӛзінің ерекше URL-ін беруге
болады. Альбомдағы әр суреттің, ӛз кезегінде, ерекше URL бар.
Сіз Галереядағы нақты суреттерді кӛру үшін бұл URL–мекен
жайын пайдалана аласыз, оған қоса, тұтынушы альбомды қарау
кезінде келесі қызметтерді пайдалана алады:
Тілдер. Gallery2 30-дан астам тілдерді қолдайды, сіз де қалаған
тілді таңдауыңызға болады. Gallery2 кӛрушінің браузеріндегі
пішім үйлесімінен тілді автоматты түрде анықтай алады, немесе
пайдаланушыға ашылма тізімнен тілді немесе жалаушалар
суретін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Бірегей, қысқа URL-мекенжайлар. Егер сіздің серверіңіз
mod_rewrite-ті қолдаса (Apache модулі), сіздің альбомыңыз бен
суретіңізде қысқа және жеңіл есте қалатын URL болуы мүмкін,
мысалы,
http://example.com/gallery/springbreak/thebeach
.
Кескіндер терезесіне қиыстыру. Gallery2 тұтынушының
браузерінде кескіндерді үлкен және браузердің терезесіне
сиятындай етіп оның кӛлемін әсерлі ӛзгерте алады.
Суреттерді басып шығару. Gallery2 суреттерді басып шығару
бірнеше сервистерді қолдайды, ол кірушілерге сіздің
галереяңыздан суреттерді басуға тапсырыс беруге мүмкіндік
береді.
Негізгі сөздер арқылы іздеу. Кірушілер галереяда мәтінді
сиппаттамаларда немесе альбомдар мен суреттердің қосымша
ӛрісінде іздеуі мүмкін. Шақыру есепшісі: Gallery2 альбомдар
107
мен суреттер неше рет қарастырылғанын бақылайды және
жұмыстардың қайсысы танымалы екенін білу үшін оны сіздің
галереяңызда кӛрестеді
Ашық түсініктемелер. Кірушілердің кескіндерге түсініктеме
беруіне болады және басқалары оларды қарастыра алады. Тиісті
құқықтары бар тіркелген пайдаланушылар кескіндерге берілген
түсініктемелерді жойып және барлығын бір парақта қарастыра
алады.
Сұрақ-жауап. Альбомның иесі сұрақ-жауап қоса алады, онда
кірушілер ӛздеріне ұнаған кескіндерге дауыс беріп немесе әр
кескін туралы не ойлайтындарын білдіре алады. Нәтижесі
альбомның жоғарғы бӛлігінде шығады немесе альбомның иесіне
ғана кӛрінеді.
Слайд-шоу.
Пайдаланушылар
альбомдарға
салынған
кескіндерді браузердің терезесінде слайд-шоу түрінде немесе
толық бейнебетте кӛрулеріне болады.
Альбомдар ағашы. Барлық альбомдар мен интерактивті
сілтемелері бар оларға кірістірілген альбомдардың ағашы сіздің
галереяңыздың бірінші бетінде орналасуы мүмкін, ол ӛз
алдында барлық альбомдарға тез және оңай кіру мүмкіндігін
береді.
Gallery2 осы бағдарламаның негізін құрайтын кӛптеген
мүмкіндіктерге ие. Осы мүмкіндіктерді білсеңіз, Gallery2 сізге
және сіздің мектебіңізге қандай мүмкіндік беретінін білесіз.
Онда
сурет
алмасудың
негізгі
қызметтерімен
қатар
бағдарламалық жасақтаманы толықтай пайдалануға мүмкіндік
беретін тегіс қамти алатын қызметтер бар.
Фотоальбомының негізгі ерекшеліктері:
жасалуы жеңіл фотоальбомдар;
суреттерді қосудың қарапайым әдістері;
drag &drop құралдары;
108
альбомдар мен суреттерді басқару және ӛңдеу;
иконкалар
мен
кескіндерді
автоматты
түрде
генерациялау;
суреттердің кӛптеген түлерін қолдау.
Жалпы ерекшеліктер:
бірнеше пайдаланушыларға дайындық;
пайдаланушылар мен топтарды басқару;
тақырыптар және оларды таңдау мүмкіндігі;
рұқсаттармен жан-жақты басқару;
функционалды қосуға арналған модульдер;
CMS, портал, форум, болг бағдарламалық жасақтамаға
шоғырлау;
пайдаланушылар альбомдары және қауымдастықты
құрудың басқа да тәсілдері;
бірнеше
мың
пайдаланушыларды
қолдаудың
ауқымдылығы;
кескіндерді қорғауға арналған Image Firewall;
құпиялылықты
қамтамасыз
етуге
арналған
қосымшалардың жоғары қауіпсіздігі;
ағымдағы бейне, музыка және т.б. арналған
мультимедиа;
мекемелерге арналған альбомдардың кең деңгейлері.
Gallery2 бағдарламасын орнату
Gallery2 орнату үшін келесі талаптарды орындау керек:
1. Web-сервер: Gallery2 Apache, IIS, и Zeus-ті қолдайды.
2. PHP: Gallery2-ге PHP 4.x немесе одан жоғары нұсқалары
керек.
109
3. Мәліметтер қоры: Gallery2 MySQL 3.x немесе 4.x, 5.x,
PostgreSQL 7.x, 8.x, Oracle 9i и 10g, IBM DB2 8,2, Microsoft SQL
Server-ді қолдана алады.
4. Image Processing Library: Gallery2 жұмысы үшін NetPBM 9.x
немесе одан жаңарақ, ImageMagick 4.x немесе одан жаңарақ, GD
2.x немесе одан жаңарақ, GraphicsMagick 1.x немесе одан
жаңарағы қажет.
Тӛменде Gallery2-ге сәйкес келетін хосттардың тізімі берілген:
PowWeb:
http://partners.powweb.com/powweb/index.bml
DreamHost:
http://wvw.dreamhost.com/
VistaPages:
http://vistapages.com/index-gallery-
splash.php
Мақалалар мен сілтемелер
Gallery2 ерекшеліктері:
http://lifehacker.com/software/digital-photos/
Gallery2 оқулығы:
http://wwv.siteground.com/tutorials/gallery/index.htm
Gallery2 модульдері:
http://codex.gallery2.org/Gallery2:Download #
Gallery2 тақырыптары:
http://codex.gallery2.org/Gallery2:Downtoad #
Gallery2 бойынша сұрақ-жауап:
http://codex.gallery2.org/Gallery2:FAQ
Суреттермен алмасу:
http://www.pcphotomag.com/how-to/sharing-websites/
110
Open Admin for Schools
Open Admin for Schools немесе
мектепке арналған ашық әкімші
мектеп әкімшілігінің міндеттері
үшін пайдалану құралы болып
табылады. Бұл GNU General
Public License лицензиясындағы ашық шартты белгілер бар
еркін таратылатын бағдарламалық жасақтама.
Берілген бағдарламадада тек веб-интерфейс қана бар және
орталықтандырылған серверден немесе мектептегі бір ғана
компьютерден жұмыс істейді. Ол бір немесе бірнеше
орталықтандырылған құрылымдарды қолдайды, бір мектепке
ғана жұмыс істей алады.
Қазіргі таңда бірнеше мектеп бӛлімдері осы амалды
пайдаланады және орталықтандырылған бір серверге 15 мектеп
қосыла алады. Былай болуы бағдарлама сервер қорының
тӛменгі талаптары мен желінің ӛткізу белсенділігімен
жобалануына байланысты.
Open Admin-ді пайдалану
Open Admin for Schools ұйымдастыру жүйесі қарапайым, санат
бойынша жіктелген жекеленген басқару алаңдары бар. Құрылғы
мектепке екі немесе бірнеше виртуалды веб-сайт жасауға
мүмкіндік береді, басқарушы сайты ("admin") және сынып
сайты ("teacher").
Ұстаз сайтының кіру құпия сӛзі болады, сонымен қатар келесі
кіру мүмкіндігін шектеу үшін қысқа мерзімде ӛтіп кететін
cookies-ті қолданады. Келесі сайт, ата-ана/студент сайты, ата-
ана/студент құпия сӛзі ID-нің бақылауында. Мектеп басқа кеңсе
қызметкерлерімен де байланыстырылады, мектеп туралы
111
мағлұмат алуға рұқсат беру үшін және де тӛртінші виртуалды
веб-сайт қолданылуы мүмкін. Әр сайт құпия сӛзбен қорғалған.
Open Admin for Schools-тың қазіргі таңда келесі ерекшеліктері
бар:
Демография. Кӛруге және әртүлі түрде шығаруға
болатын студенттер мен олардың отбасы жайлы
мағлұматтарды сақтайды. Студенттің демографиясы
кең ауқымды, сіз ӛзіңіздің мектебіңіздегі оқушылар
туралы маңызды мәліметтерді қосымша жолақтар қосу
арқылы
сақтауыңызға
болады.
Бұл
бірнеше
функциядағы үлгілерді пайдалану арқылы мүмкін
болады.
Қатысушылардың құрамы. Қатысушылар мектеп
кеңсесіндегі хатшымен немесе сыныптағы мұғаліммен
белгіленеді, бұл бастауыш сыныптар, ортаңғы
сыныптар үшін бір күнде әр түрлі мерзімді белгілеуге
мүмкіндік
береді.
Сонымен
қатар,
бастауыш
сыныптарға күніне ӛздігінен дайындалуға 2 сағат
береді (таңертең/кешке), сол уақытта жоғарғы
сыныптарда пәндерге қатынасуды әр мезгілде жасауы
мүмкін (пәндерге негізделген). Қатысу есебі даму
есебімен сәйкестендірілген. Әртүрлі қатысу есебі
қолайлы, бұл мұғалімдер мен хатшыларға қалыпты
мектеп тәжірбиесінде қолдануға мүмкіндік береді.
Тәртіп. Студенттер тәртібін қадағалаудың қарапайым
тәртіп
модулі.
Тәртібті
жүйелеуге
болады,
статистикалық есептері басып шығарылады. Есепке
қосу ӛзгерістері осы жүйеге жіберіледі.
Есептілік жүйесі. Пәндер бойынша икемді есептеу
жүйесі (20-ға дейін) қатысудың шапшаң есеп берілуі
т.с.с. Барлық есеп берулер PDF есеп берулер сияқты
басылып шығады және онда мектеп белгілері болуы
мүмкін. Барлық пәндерде ұзақ анықтама мәтіндері
болуы мүмкін, және ерікті тәртібі болуы мүмкін.
Қатысу есебінің үлгісінде ашық күндер, тіркеу күні,
болмаған күні және кешігу уақыты болады.
112
Экспорт/импорт модульдері. Студенттерге басқа
мектептерге демографиялық мәліметтерді қайта
енгізбей ақ жеңіл ауысуына мүмкіндік беретін басқа
бағдарламаларға мәліметтерді экспорттау болып
табылады.
Қолдау. Saskatchewan SDS XML арқылы шет аймаққа
студентің демографиясын, пәндерін, тіркелу белгісін
тікелей жіберу үшін қолданылады.
Интернет журнал. Мұғалімдерге он-лайн арқылы
үйінен немесе мектептен баға немесе рұқсат қою үшін
жасалған интернет журнал. Онда пәндердің бағаларын
топтастырып тікелей табелге жіберуге болады.
Ата-аналарға қатысу журналын, сынып журналын (рұқсат
болса), және де баға табелін кӛруге болады. Бұл мүмкіндік
мектептің бар сайттарына жеңіл енгізіледі.
Интернет күнделік мұғалімдерге ӛздерінің сабақтарын/күндерін
қарап жоспарлауына мүмкіндік береді.
Жүйе толықтай бос құрылғылар мен ашық алғашқы ерекше
белгіні пайдаланып жасалған, және алғашқы ерекше
белгілерімен беріледі. Барлық жүйе Perl тілінде жазылған және
MySQL, SQL и PostgreSQL мағұлыматы дерекқорында
сақтайды. Perl бағдарламалар жеңіл интерпретация жасалады.
Олар ӛте ӛте ықшам және қажеттілік туған жағдайда ӛзгертуді
енгізуді жеңілдетеді.
Басылым ӛнімі ӛте жоғары сапалы, ӛйткені олар барлық PDF-ты
Tex/LaTeX беттеу жүйесінің кӛмегімен реттелінеді.
Ол кең ауқымда Linux-тың әртүрлі дистрибутивтерінде
байқалды (қосымша Perl модульдерінен басқа әдепкідегі
барлық орнатылған қажетті бағдарламалық жасақтамалары бар).
Барлық керекті бағдарламаларды кедергісіз пайдалануға
болады. Бағдарламалық жасақтама кӛп қызметті талап етпейді
және бірнеше серверлер орталықтандырылып басқарыла алады,
және олар MS Windows-серверінде жұмыс істейді (негізгі
құралдар осы тұғырнамада болғандықтан), алайда бұл қосымша
113
күш (шығын) пен күтуді қажет етеді. Adobe Acrobat PDF есеп
беру дерекқорынан жылдам реттеліп ӛте жақсы сапалы басылу
ӛнімін шығарады.
Open Admin for Schools-ты орнату
Open Admin for Schools-ты орнатып пайдалану үшін келесі
талаптарды орындау керек:
1. Apache сияқты веб-сервер.
2. Perl талдауышы.
3. СУБД MySQL немесе PostgreSQL.
4. pdflatex іске қоса отырып Tex үлгісін орнату.
Толық қызметті болу үшін, қосымша бағдарламлық жасақтама
қажет.
Мақалалар мен сілтемелер
Open Admin software:
http://richtech.ca/openadmin
Admin Demo:
http://bcsa.richtech.ca/
Teacher Demo:
http://bcst.richtech.ca/
Parent Demo:
http://bcsp.richtech.ca/
Special Ed Demo:
http://iep.richtech.ca
Сұрақтар мен жауаптар:
http://richtech.ca/openadmin
114
Глоссарий
Археологиялық көздер әртүрлі, бірақ оларды екі негізгі топқа
бӛлуге болады: жазба түрі және бұйымдық түрі. Археологияны
зерттеу кезінде кӛбінесе жазба дерек кӛздеріне (тастағы
суреттер немесе эпиграфтық мәтіндер) сүйенгенімен, заттай
дерек кӛздері олардың негізгісі болып қала береді.
Археологиялық кӛздер, олардың ішінен ақпаратты алу сипаты
мен амалы бойынша бӛлінеді. Олар бірнеше топта ұсынылған:
еңбек құралы, қару, тұрмыстық заттар, рухани мәдениеттің
материалдары.
Археологиялық
бұйымдарды,
тиісінше,
адамдардың ӛмірімен немесе олардың кӛмілген жерлерінен
табуға болады.
Археология – адамзаттың ӛткен шағын археология кӛздерінің
негізінде, арнайы, оған тән әдістердің кӛмегімен зерттейтін
тарихи ғылым.
АЕБЖ– ашық кодтары бар еркін бағдарламалық жасақтама
немесе FOSS - Free Open Source Software.
Байыту – топтаманы метадеректермен толтыру.
Басқа артефактілер – бейнелеу, сәндік, халық ӛнерінің және
салт-дәстүрдің,
этнографиялық
топтаманың
бұйымдары,
жабдықтары.
Браузер – веб-беттерді қарауға арналған бағдарлама. Браузер
HTML кодын талдайды, тег деп аталатын арнайы нышандарды
табады, және олардағы суреттерді кӛрсету үшін, мәтіннің түрін
ӛзгерту үшін, басқа веб-беттерге сілтемелер жасау және т.б.
үшін пайдаланады. Аса кӛп танылған браузерлер: Internet
Explorer, Firefox Mozilla, Netscape, Opera.
Веб-бет – браузерде ашылатын желілік құжат. Әдетте веб-бет
HTML форматында жасалады және оның ішінде мәтін, сурет
және сілтемелер болады. Технологияның дамуына байланысты,
115
басқа форматта жасалған құжаттар да, мысалы, XML, Flash, PDF
және т.б. веб-бет деп аталады.
Гипонимдік өзара байланыс Гипоним — ішкі түрді білдіретін
ұғымға қатысты асанақтырақ ұғым. Кӛп объектілердің
кейбіреуіне қатысты, гипоним бастапқысына байланысты ішкі
кӛпшілікті білдіретін ұғым.
Гипонимдердің мысалдары:
Гипонимдер ӛсімдік ұғымында: шӛп, ағаш, қырыққұлақ, үйеңкі;
Гипонимдер ғылым ұғымында: физика, химия, антропология;
Гипонимдер тұға ұғымында: Архимед, жазушы және т.б.
9
Гипоним - [< гр.
hypo
– тӛменде, астында +
onyma
- аты] –
мағынасы кең сӛзге қатысты аса тар мағынасы бар лингв.
сӛз (мыс., «жеке үй» сӛзі қарапайым «үй» деген сӛзге
қатысты, ал «үй» - «пәтер үйге» қатысты). Қарсы
мағынасы -
гипероним
.
(Источник: "Словарь иностранных слов". Комлев Н.Г., 2006)
Гринстоун толық мәтінді топтаманы жасауға, құруға және
таратуға арналған сандық кітапхананың бағдарламалық
жасақтамасының кешені.
ДҚБЖ– Дерек қорды басқару жүйесі (біздің жағдайда MySQL,
PostgreSQL).
Жаратылыстану ғылымы
– биотоптан немесе геологиялық
формацияның ішінен алынған, табиғи жаратылған
бұйымдар
.
Импорт – сыртқы деректерді компьютердің ішкі қоймасына
кӛшіру.
9
http://www.wikiznanie.ru/ru-
wz/index.php/%D0%93%D0%B8%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B8
%D0%BC
116
Қашықтан
оқыту–
оқытушы
мен
оқушының
ӛзара
қашықтықтан әрекеттесуі, ол жерде оқу процесіне тән барлық
компоненттері (мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастырылған
нысандары, оқыту құралдары) және Интернет-технологияның
арнайы құралдарымен және интерактивтілікті қарастыратын
басқа да құралдармен іске асырылатын компоненттері бар.
Қашықтан білім беру- қашықтан оқыту жолымен іске
асырылатын білім беру.
Құпия сөз – символдар мен сандарды құпия түрде теру, сайтқа
қатынасты ашатын логинмен бірге қолданылатын кілт.
Логин – бұл сайттағы сіздің бірегей бүркеншік атыңыз, оны
әрбір рет сайтқа кірген кезде ұзақ аты-жӛнді теріп жатпау үшін
пайдаланады.
Метадеректер – арнайы сипаттық ӛрістері бар деректер
жинағының
сипаттамасы,
мысалы
жарияланымдардың
библиографиялық спаттамасы. Гринстоунде 6 жолақ бар
(Атауы, Тақырыбы, Ұйымдастыру, Тілі, Негізгі сӛздер,
Алфавиттік кӛрсеткіш).
Moodle - Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment
- (модульді объектілі-бейімделген динамикалық оқу ортасы).
Метадеректердің
жинағы
–
кітапхана
жолақтарның
сипаттамасы: автор, құжаттың немесе кітаптың аты,
шығарылған жылы, негізгі сӛздер.
Музеолог – бұл мұражай топтамасының ақпараттық каталогын
жасайтын компьютерлік бағдарлама, бір сӛзбен, электронды
каталог.
Өнер мәнінің куәлігі (Object ID) – бұл ӛнер бұйымдары және
табиғат жаратылысы туралы деректерді тіркеп отыруға арналған
пайдалануға ыңғайлы стандарт.
117
Панно (фр. panneau лат. тілінен pannus — матаның бӛлшегі) —
сәндік сипаттағы сурет туындысы, әдетте қабырғаның
(қабырғалық панно) немесе тӛбенің (плафон) белгілі бір
аймағын тұрақты түрде толтыруға арналған; барельеф,
қашалған, жабыстырылған немесе сол мақсатқа қызмет ететін
керамикалық композиция.
Ғимараттың сыртқы қабырғасында түсті плиткалардан немесе
фрески техникасында жасалған Панноны кейде мураль деп
атайды.
Сандық кітапхана– топтама (коллекция) жиынтығы.
Тезаурус (грек.тілінен — қазына) қазіргі лингвистикада —
жалпы және арнайы лексика сӛздігінің ерекше түрі.
Тезаурустер, әсіресе электрондық форматта, жеке пәндік саланы
сипаттау үшін қолданылатын аспаптардың бірі болып
табылады.
Топтама – атауымен біріктірілген жарияланымдардың
жиынтығы.
Тегтер бұл белгілер, оны сіз ӛзіңіздің web-сайтыңызды қалай
кӛрсету керектігі жӛнінде браузерге кӛрсету үшін пайдаланасыз.
Барлық тэгтің форматы бірдей: олар "<" белгісімен басталып,
sign ">" белгісімен аяқталады.
Ашушы және жабушы тегтердің арасына орналастырылған,
ішіндегісінің барлығы тег құрамы болып табылады.
HTML-да да тэгтер бар, олар ашушы және жабушы болып
табылады. Бұл тэгтерде мәтін болмайды, олар белгі болып
табылады, мысалы, жолды тасымалдау былай кӛрінеді: .
Триптих (грек.- екінші қосылған) – ортақ бір тақырыптағы
бейнелеу ӛнерінің шығармасы (жиірек – сурет ӛнерінің
шығармасы, сирегірек - графиканың немесе рельеф түріндегі
мүсіннің шығармасы), үш жеке бӛліктен тұрады. Триптихтің
ортаңғы бӛлігі әдетте мазмұны мен ӛлшемінің мағыналық
жағымен ерекшеленеді.
118
Форум – бұл сайттағы қарым-қатынас түрі. Фор
у
мдағы әрбір
хабарламаның ӛз авторы, тақырыбы және ӛзіндік мазмұны
болады. Тиісінше, форумдар тақырыптарға бӛлінеді, және сіздің
әр жауабыңыз белгілі бір тақырыпта жалпы ашылған
талқылаудың бӛлігі болады. Форум тақырыптарының аясы
шектелмеген. Форумның тағы бір ерекшелігі – нақты уақыт
ішінде жауап беру міндетті емес. Тақырыптар мен жауаптар
шектелмеген уақыт бойы сақаталады.
Чат – ағылшынша аудармасы – сӛйлесу. Чат Интернеттің тағы
да бір қосымшасы, желіде нақтылы уақытта интерактивті
сұхбаттасу.
ЧАВО – Жиі қойылатын сұрақтар
Электрондық
пошта
немесе
e-mail
–
Интернеттегі
электрондық пошта жәшігі, ол арқылы пайдаланушы
электрондық хаттарды жібере алады және ала алады. Жәшіктің
мекенжайы
былай
кӛрсетілуі
мүмкін:
qwerty@mail.kz,
zhanna77@mail.ru немесе demo_demo@gmail.com. Оны кӛптеген
пошта серверлерінде жылдам және тегін ашып алуға болады.
Экспорт – ішкі деректерді сыртқа пайдалану үшін кӛшіру.
PDF форматы– бұл құжаттың әмбебап форматы, ол әріптердің,
форматтаудың, түстің, суреттің дәл сыртқы түрін сақтауға
мүмкіндік береді. PDF форматындағы құжаттарды Adobe
Acrobat Reader тегін бағдарламасын пайдалана отырып қарауға
және басып шығаруға болады, оны Adobe (
www.adobe.com
)
фирмасының серверінен жүктеп алуға болады. PDF форматы
платформаға байланысты емес. Файлды қарау және басып
шығару үшін, бастапқыда құжат жасалған қосымша қажет
етілмейді.
119
Бұл форматқа кез келген құжатты немесе сканерленген суретті
түрлендіруге болады. Бірақ, мұны жасау үшін, кӛп жағдайда
ішінде Adobe Acrobat Distiller және Adobe Acrobat Writer бар
Adobe Acrobat-тың толық пакеті қажет етіледі.
HTML тілі (HyperText Markup Language) - (гипермәтінді
белгілеу тілі) бұл құжатта қай элементтер және қалай орналасуы
керектігін анықтайтын веб-бетті беттеу жүйесі. Біз қарапайым
мәтіндік құжатпен жұмыс істеп отырмағанымызды кӛрсету үшін
HTML-құжат термині пайдаланылады. Осы тәріздес құжаттар
браузерді басқару арқылы ашылады.
HTML-құжаттар кез келген мәтіндік ӛңдегіштің кӛмегімен
немесе арнайы HTML-ӛңдегішімен және конвертерімен
жасалуы мүмкін. HTML-құжатты жасау үшін пайдаланылатын
ӛңдегішті таңдау, тек әр автордың ыңғайлылық ұғымына және
жеке құмарлығына байланысты.
XML тілі (ағыл. eXtensible Markup Language — белгілеудің
кеңейтілетін тілі. XML — мәтіндік формат, ол құрылымдалған
деректерді сақтауға арналған (дерек қордағы файлдардың
орнына), бағдарламалардың арасында ақпарат алмасуға
арналған, сондай-ақ оның негізінде белгілеудің аса арнайы
жасалған тілдерін, кейде оны сӛздік деп атайды, (мысалы,
XHTML). XML тілі SGML тілінің оңайландырылған кӛпшілік
түрі болып табылады.
XML тілін жасау мақсаты ақпаратты ӛңдейтін әртүрлі
жүйелердің арасында құрылымдалған деректерді беру кезінде,
әсіресе мұндай деректерді Интернет арқылы беру кезінде,
сыйысымдылықты қамтамасыз ету болған.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |