Курсты жасау және курсты жобалаушыға арналған
әрекеттер алгоритмі
Сайтта іздеуді жеңілдету мақсатында курстар каталогқа
бӛлінеді, яғни оларды сайт әкімшілігі санаттар бойынша
жіктейді.
Сіздің курсыңызға сәйкес келетін санатты таңдаңыз. Егер ондай
болмаған жағдайда, оның жасалуы үшін сайт әкімшілігімен
хабарласыңыз. Moodle-ге курс мазмұны қосудың 2 мүмкіндігі
ұсынылады: «Ресурстарды қосу» және «Курс элементін қосу».
Ресурс (қор) – оқу материалдарын қосу құралы. Moodle-де
мәтіндік немесе веб-беттерді, Moodle бумасындағы бар
материалдарға және сыртқы материалдарға сілтемелер жасауға
болады.
Курс элементтері – оқушылар белсенді қатысатын курс
мазмұны. Бұған оқушылардың ӛздеріне жасап шығару
мүмкіндігі берілетін форумдар, мәтіндер, түрлі мүмкіндіктер
20
кіреді. Moodle жүйесі курс мазмұнына сандық ақпараттың
барлық түрлерін енгізетін ресурстардың бірқатар түрлерін
қолдайды.
Ӛңдеу тәртібіндегі тізімнің кӛмегімен ресурсты қосуға болады.
1. «Барлық курстар» бӛліміне кіріп, «Курсты қосу» түймесін
шертіңіз (5-сурет);
5-сурет. «Курс қосу» терезесі
2. Содан кейін cіздің алдыңызда толтыруды қажет ететін «Курс
баптауларын ӛңдеу» пішімі пайда болады.
Онда келесі сұрақтар бар:
21
санат – сіздің курсыңызға ең сәйкес келетін санатты
таңдаңыз. Ол – курс қандай тақырыптық айдарда
орналасатынына әсер етеді. Студенттерге оны табу
оңай болады (Мысалы, «Педагогикалық идеялардың
фестивалі», «ҰБТ-ға дайындық» т.с.с.);
толық атауы – бейнебеттің жоғарғы бӛлігінде
кӛрінетін атау.
(Мысалы, «География, 8 сынып» және т.с.с.);
қысқа атауы – курстың қысқартылған атауын
жазыңыз, мысалы, ГЕО1 немесе ҚАЗ5. Бұл атау
курсты
белгілеу
үшін
бірнеше
жағдайларда
пайдаланылады (e-mail-дағы тақырыпшалар);
қысқаша сипаттама – бұл ӛріске курстың, оның
мақсатының, құрылымының, ұзақтығының қысқаша
сипаттамасын жазыңыз;
қол жеткізушілік – бұл баптау курсты ӛңдеу уақыты
кезінде оны жасыруға мүмкіндік береді, демек
берілген курс тізімде кӛрсетілмейді. Осы кезде,
берілген курсқа кіруге рұқсат тек оқытушы мен
басқарушыда ғана болады;
құпия сөз – курс оқушыларының құрамын басқару
құралы. Бұл баптауды қабылдамау – жобалаушының
сайтта қолданушы тіркелгісін жасаған кез-келген
қолданушыға курсқа жазылуға рұқсат беретінін
білдіреді.
Егер жобалаушы ол ӛріске сӛзді, сандарды немесе сӛйлем
енгізсе, олар бірден құпия сӛз болады және әр пайдаланушы
курсқа жазылу үшін оны қолдануы керек болады;
22
қонақтың кіруіне рұқсат
4
– жобалаушы курсқа
қонақтардың кіруіне рұқсат бере алады. Ондай
жағдайда кез-келген адам анықтау бетіндегі «Қонақ
ретінде кіру» түймесін пайдаланып, курсқа кіре алады.
Курс пішімі сабақ ұйымдастырылу пішіні мен курс бетінде
материалдың
орналасуын
анықтайды.
Курстардың
үш
пішімдерінің біреуін таңдаңыз:
пішім «күнтізбе» – курс жұмысының басталуы мен
аяқталуы нақты уақытының кестесі негізінде
ұйымдастырылады. Әрбір бетте әр аптаның секциясы
болады, онда сол уақыттағы оқу материалдары
орналасады;
пішім «құрылым» – курс белгілі бір кестемен
байланыспаған тақырыптық модульдердің жиынтығы
ретінде жасалады;
пішім «Форум» – курс бір үлкен форум негізінде
жасалады.
Ол
тек
қана
курс
қана
емес,
хабарламалардың бір үлкен тақтасы ретінде де
қолданыла алады.
Жаңалықтар
–
«Жаңалықтар» атты арнайы форум курста
пайда болады. Бұл қызмет студенттердің барлығы кӛруі тиіс
хабарламаларды орналастыруға мүмкіндік береді.
5
Сіздің курсыңыздың бетінде кӛрінетін жаңалықтардың санын
кӛрсету маңызды. Егер Сіз «0 жаңалық» мәнін қойсаңыз,
жаңалықтары бар бӛлік кӛрінбейді.
4
Қонақтың әрқашанда «тек оқу үшін» деген құқығы бар,
демек, ол хабарламалар қалдыра алмайды немесе студенттердің
жұмысына қалай болсын қатыса алмайды.
5
Әдетте, барлық студенттер осы форумға жазылған және сіздің
хабарламаларыңызды е-mail арқылы алатын болады
23
Курстың басталу күні – бұл ӛрісте жобалаушы курстың
басталу күнін белгілейді.
6
Егер «күнтізбе пішімі» қолданылса,
онда бірінші апта блогы сол орнатылған күні кӛрінеді. Жалпы,
егер курстың басталу мерзімі болса, оны курстың пішіміне
қарамастан, осында орнатқан жӛн.
Апта/тақырып саны – мұнда жобалаушы курс модульдерінің
санын анықтайды, жобалаушы қандай пішімді таңдағанына
байланысты, бұл сан апта санын (күнтізбе), форум бӛлімдерінің
(форум) тақырып (құрылым) санын білдіреді.
Соңғы жаңалықтарды көрсету – "Соңғы жаңалықтар"
курстың бірінші бетінде автоматты түрде жаңарып отырады.
Олар – курсқа соңғы рет кіргеннен бергі жаңалықтар, соның
ішінде: жаңа хабарламалар, пайдаланушыларды қосу туралы
ескертпелер және т.б.
Балдарды көрсету – кӛп модульдер бағаны енгізуге рұқсат
береді. Әдетте, курсты бағалаудың нәтижелелерін Grades page
(Бағалар беті) бӛлімінде кӛруге болады. Егер оқытушы
студенттердің бағаларды кӛруін қаламаса, онда ол бұл
параметрді пайдаланбауына болады.
Оқытушыны атау – бұл ӛрісте жобалаушы жүйенің курс
оқытушысын қалай атайтынын кӛрсетеді (мысалы Мұғалім,
Нұсқаушы, Тьютор).
Студентті атау – бұл ӛрісте жобалаушы жүйенің студентті
қалай атайтынын кӛрсетеді (мысалы, Студент, Қатысушы).
3. Анкетаны толтырғаннан кейін «Сақтау» түймесін шертіңіз.
Жоғарыда кӛрсетілген нұсқауларды орындағаннан кейін, жүйе
курстың басты бетіне кӛшеді.
Одан кейін, бейнебеттің ортасында сіз «Тақырыптардың
атаулары» бағанын кӛресіз, оның астында курс модульдерін
6
Сіздің уақыттық белдеуіңіздегі уақыт
24
жобалауға арналған блоктар кӛрінеді. Бірінші блоктың курс
туралы жалпы ақпарат беруге арналғандығын ескеру қажет.
Блоктарда келесі белгілер бар (6-суретті қараңыз):
6-сурет. Белгілер
– осы блоктың кіріспе сӛзін қосу немесе ӛңдеу (жоғарғы
сол жақ бұрыш);
– берілген курстан жаңалықтар форумын толығымен жою;
– жаңалықтар форумына сілтемені тӛменгі блоктардың
біріне кӛшіру;
– (жалпы қатарда) – форумдағы жаңалықтарды, курстарды
ӛңдеу;
– жаңалық форумына сілтемені кӛрсету (жасыру).
Әр блокта курс модулін құруға арналған, «Қор кӛзін қосу» (7-
сурет) және «Курс элементін қосу» (8-сурет) сӛздерімен
белгіленген, мәзір бар.
7-сурет. Қор кӛзін қосу
25
8-сурет. Курс элементін қосу
Жобалаушы «Қор кӛзін қосу» мәзірін пайдаланып, курс
бойынша оқу мәтіндерін келесі пішімдерде орналастыра алады:
мәтіндік бет, веб-бет, файлға немесе веб-бетке сілтеме.
Ресурстар (Қор көздері) – сіздің ӛз курсыңызда бергіңіз келген
ақпарат. Сіз жүктеген кез-келген файл немесе URL қор кӛзі бола
алады. Сонымен қатар, сіз пішімде тікелей теруге болатын жай
беттерді де қолдана аласыз.
Қор көзінің ерекшеліктері:
1. Электрондық түрдегі кез-келген контентті қолдайды.
2. Файлдар болуы немесе оқытушымен жүктеліп, серверде
сақталуы мүмкін, немесе бірден, веб-пішімдерді (мәтін немесе
НТМL) қолдану арқылы жасалуы мүмкін.
Қор кӛздері келесі пішімдерде беріле алады:
HTML-мәтін;
сілтеме – журналдағы немесе кітаптағы мақала;
жүктелген файл – сіз курс үшін жүктеген кез-келген
файлды кӛрсетеді;
веб-сілтеме – URL сілтеме;
веб-бет – веб-сілтемеге ұқсас жұмыс істейді, бірақ бұл
қор кӛзі фреймде ашылады (сайтпен біріктіріледі);
кіруде пайдаланушы мен курс туралы ақпаратты
қабылдайтын сыртқы бағдарлама.
26
Moodle-дегі тестілеу жүйесі
Moodle-нің тестік жүйесінің кӛптеген артықшылықтары бар,
әсіресе, тест сұрақтарын пакеттік жүктеу (қолдан жүктеумен
қатар) және тест сұрақтарын шығарып тастау мүмкіндігі.
Moodle-нің тесттік жүйесінің мүмкіндіктері әрбір тестке
мыналарды кӛрсете алады:
атауы;
кіріспе, яғни оқытушының қандай да бір ұсыныстары
мен ескертпелері;
тест ӛтуге болатын уақыт аралығы (мысалы, 15.00
14.04.07-ден 20.00 15.08.08-ге шейін);
тестілеудің шектелген уақыты (мысалы, барлық
сұраққа 30 минут);
бірінші және екінші рет қайта ӛту арасындағы уақыт
интервалы;
беттегі сұрақтар саны;
сұрақтар ретінің кездейсоқтығы (иә/жоқ);
жауаптар ретінің кездейсоқтығы (иә/жоқ);
әрекеттер тәуелдігі (егер рұқсат етілген болса, онда
қолданушы бұрынғы жауаптарын кӛріп те жауап бере
алады);
жаттығу (бұл тәртіп әр сұрақты жекелеп тексеруге
мүмкіндік береді, қайталанған жауаптар үшін балл
алуға болады);
бағалау (ең жақсы, орташа, бірінші немесе соңғы
мүмкіндік);
қайталанған жауаптар үшін ӛтемақы;
тестегі ақпаратты кӛруге рұқсат (ӛзінің жауаптары,
бағалар, түсіндірмелер, дұрыс жауаптар, жауаптан
кейінгі түсіндірулер).
Тестерді жасау құрылымын толығырақ қарастырайық. Тест
жобалаушыға студенттердің ӛзін-ӛзі тексеруіне және аралық,
27
қорытынды сынақтарды жасауға керекті сұрақтар қорын
жасауға мүмкіндік береді.
Тест түрлері: дұрыс/дұрыс еместі таңдай отырып бірнеше
жауаппен немесе қысқа мәтіндік жауапты қажет ететін тесттер.
Барлық сұрақтар мәліметтер қорында сақталып, нәтижесінде
осы курста (немесе басқа курстарда) пайдаланылады.
Студенттерге тесттен бірнеше рет ӛтуге рұқсат беруге болады,
осы кезде әрбір іс-әрекет автоматты түрде бағаланады. Тестілеу
кезінде студенттер дұрыс жауаптарды, оқытушының пікірлерін
немесе жай ғана бағаларды тесттің баптауларына байланысты
кӛре алады.
Жаңа тест құрастыру
1. «Курс элементін қосу» тізімінен {Тест} мәнін таңдау, содан
соң «Тест қосу» пішіні пайда болады (9-суретті қараңыз).
2. «Атау» ӛрісіне тест атауын енгізіңіз.
3. «Кіріспе» ӛрісінде тестке қысқаша ақпарат беріледі.
4. «Тестілеудің басы» ӛрісінде тестілеу басталуының нақты
уақытын кӛрсетіңіз (сӛндіруге болады).
5. «Тестілеуді аяқтау» ӛрісінде тестілеу аяқталуының нақты
уақытын кӛрсетіңіз (сӛндіруге болады).
6. Егер сізге сұрақтар кездейсоқ түрде қойылсын десеңіз «Иә»
деген мәнді «Сұрақтардың кездейсоқ реттілігі» ӛрісінде
белгілеңіз.
Егер сізге сұрақтар ӛзіңіз орнатқан кезекпен қойылсын десеңіз
«Жоқ» деп «сұрақтардың кездейсоқ реттілігі» ӛрісінде
белгілеңіз.
28
7. «Рұқсат» ӛрісінде студенттерге рұқсат етілген әрекет санын
кӛрсетіңіз. Студенттерге тестті бірнеше рет ӛтуге рұқсат етуге
болады. Әдетте, мұндай жағдайда тест білімді тексеру емес,
оқыту құралы ретінде қолданылады.
9-сурет. «Тест қосу» нысаны
8. Егер де сіз «Әрекеттер тәуелдігі» ӛрісінде «иә» мәні мен
бірнеше рет ӛтуге рұқсат беретін алдындағы баптауды
орнатсаңыз, әр кезекті әрекетте бұрынғылардың нәтижелері
болады. Яғни барлық орындалған әрекеттер бір бүтіндей
болады. Егер де оны қаламасаңыз, онда «жоқ» мәнін таңдаңыз.
9. Егер студенттерге бірнеше рет тест тапсыруға рұқсат етілген
болса, сіз қорытынды бағаны әртүрлі әдіспен шығара аласыз.
«Бағалау» ӛрісі үшін тӛмендегі мәндердің бірін таңдаңыз:
29
ең жақсы баға – қорытынды баға ретінде барлық
әрекеттер ішінен ең жоғарғы баға таңдалады;
орта баға – барлық әрекеттердің орта бағасы
есептелінеді;
бірінші іс-әрекет – бірінші іс-әрекет бағасы есепке
алынады (қалған әрекеттер қабылданбайды);
соңғы іс-әрекет – соңғы іс-әрекет бағасы есепке
алынады.
10. Егер сіз «Жауаптарға пікір жазу» ӛрісіндегі «Иә» мәнін
таңдасаңыз,
онда
студенттерге
әр
жауабынан
кейін,
таңдауларына пікір жазылады.
11. Егер сіз «Дұрыс жауаптарды кӛрсету» ӛрісіндегі «Иә» мәнін
таңдасаңыз, онда студенттерге, тестілеу аяқталғаннан кейін,
дұрыс жауаптары кӛрсетіледі.
12. Егер сіз «Шолуға рұқсат беру» ӛрісіндегі «Иә» мәнін
таңдасаңыз, онда студенттерге тест жабылғаннан кейін,
ӛздерінің тесттен ӛту әрекеттерін кӛруге рұқсат беріледі.
13. «Ең жоғарғы баға» ӛрісі тестке арналған – тестілеудің
бағасы пропорционалды келтірілетін баға.
Мысалы, сіз тест үшін ең жоғарғы баға 50 деп алдыңыз (яғни,
сіз тест бүкіл курс бағасының 50% береді деп санадыңыз).
Сіздің тестіңіз 10 сұрақтан тұратынына және 100 баллға
бағаланатынына қарамастан, қорытынды баға, ең жоғарғы баға,
50-ге пропорционалды ӛзгереді.
14. «Жалғастыру» түймесін шертіңіз. Алдыңызда санаттарды
ӛңдеу түймесі және Жаңа сұрақ жасау мәзірі бар пішім пайда
болады (10-сурет).
30
10-сурет. «Сұрақтар банкі» пішімі
Тізімнен тесттің санатын таңдап, таңдалған санаттың
сұрақтарын кӛрсету үшін «Кӛрсету» түймесін шерту керек.
Сонымен қатар, «Санаттарды ӛңдеу» түймесін шертіп,
санаттарды ӛңдеуге болады, демек, санаттағы сұрақтарды
қосуға, ӛзгертуге немесе жоюға болады.
Сұрақтардың санаттары – сұрақтарды бір үлкен тізімнің орнына,
бірнеше тізімде сақтауға мүмкіндік береді (мысалы,
тақырыптары бойынша). Әр санат атау мен кішігірім
сипаттамадан тұрады.
15. «Сұрақтарды қосу» ӛрісіндегі берілген мәндердің тізімінен
ең дәл келетін нұсқасын таңдаңыз (11-сурет):
жабық түрдегі сұрақ – студент сұрақтың жауабын
бірнеше жауап нұсқасының ішінен таңдай алады және
де әр сұраққа бір немесе бірнеше жауап бола алады.
Тест аяқталғаннан кейін жауаптың әр нұсқасына,
студент таңдаған жауап нұсқасының қарсысында
кӛрінетін, пікір жазылуы керек (егер бұл опция тестті
жасау кезінде рұқсат етілсе);
31
альтернативті – студент сұраққа «Дұрыс», немесе
«Дұрыс емес» деп жауап беруі керек. Егер
«жауаптарға пікір жазу» опциясы таңдалған болса,
онда студент тестке жауап бергеннен кейін жазылған
пікірді кӛреді;
11-сурет. «Жаңа сұрақ жасау» пішімі
қысқа жауап – сұраққа жауап берген кезде студент
сӛзді немесе қысқа сӛйлемді тереді. Қысқа
жауаптардың бірнеше дұрыс нұсқалары бола алады,
әрқайсысының бағалануы әр түрлі;
сандық – сұраққа жауап берген кезде студент сандық
мәнді енгізеді. Сұрақтардың мұндай түрі жауаптарда
қателік болуына мүмкіндік береді. Мысалы, егер
дұрыс жауабы 30 болып, ал рұқсат етілген қателік 5
болса, 25-35 арасындағы жауаптар дұрыс деп
саналады;
сәйкестік – студентке сұрақтар мен жауаптардың
тізімі беріледі. Студенттің мақсаты: әр сұрақ үшін
дұрыс жауабын тауып, дұрыс жауаптардың тұсына
сұрақтардың номерлерін қою;
сипаттама – бұл нұсқа сұрақ болып табылмайды. Ол
бар болғаны терілген мәтін. Студент осы нұсқадағы
32
сӛздерді пайдаланып шығарма немесе эссе жазуы
керек;
сәйкестікке ашық түрдегі кездейсоқ сұрақтар –
сұрақтың кіріспе мәтінімен танысқан соң, студентке
бірнеше сұрақтар мен жауаптар беріледі. Оған әр
сұраққа жауаптар мәзірінен сәйкесін таңдау керек.
Барлық сұрақтар балл бойынша бірдей және барлығы
қосылып берілген сұрақ түрінің толық бағасын береді.
Осы кезде әр әрекеттің сұрақтары мен жауаптары әр
түрлі болады;
кірістірілген жауаптар – әйгілі Cloze пішіміне ұқсас,
сұрақтардың ӛте ыңғайлы түрі. Ол – жауаптары әр
түрлі: қысқа және сандық жауаптар, бірнеше рет
таңдау мүмкіндігі бар сұрақтар бар мәтіннен тұрады
(Moodle пішімі).
Сұрақтар әртүрлі қиындықта берілуі мүмкін, ал бірнеше
жауаптары бар сұрақтарға әртүрлі балл қоюға болады.
Тестілеуден соң студенттердің бағасы қойылған кесте пайда
болады. Жауаптарды сараптаудың нәтижесінде студенттер
кӛбіне қай сұрақтардан қате жібергені кӛрінеді.
Moodle жүйесін қайдан жүктеуге болады?
Moodle жүйесін
http://download.moodle.org
. ресми
сайтынан жүктей аласыз.
Moodle мына операциялық жүйелерде ашылуы мүмкін: Linux
(кез-келген дистрибутив), WindowsXP/2000/2003, Solaris 10, Mac
OS x, Netware 6.
Moodle-ні
www.moodle.org
сайты арқылы жобалаушылар
қауымдастығы қолдайды. Бұл сайтта кӛптеген құжаттар, соңғы
33
нұсқадағы орнатушы пакеттер, сонымен қатар қолданушылар
мен жобалаушыларды қолдайтын он-лайн құралдары бар.
Сайтта
сонымен қатар
Moodle
қолданушыларының
қауымдастығы барлық техникалық тұрпатты сұрақтарды
талқылайды. Орта білім беруге арналған курс мысалдары бар
офф-лайн нұсқасының архивын жергілікті сайттан жүктеп алуға
болады.
Нұсқаушы
архив
ішінде
орналасқан
http://www.unesco.kz/soft/e-okyty-networked.rar
.
Берілген нұсқа компьютерлік сыныптардағы оқытуды флэш-
тасымалдаушыдан жазылуына мүмкіндік береді және
қашықтықтан оқыту жүйесін жергілікті түрде қолданғысы
келетін озат оқытушыларға арналған.
Қорытынды
Осы құралда біз Moodle ортасының қызметтерін
пайдаланудың кейбір мүмкіндіктерін сипаттадық.
Оларды қолдану – толығымен он-лайн курстар
жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, негізінде ортаның
жоғарыда сипатталған мүмкіндіктерден кӛп мүмкіндік
беретініне
назарларыңызды
аударамыз,
себебі
Moodle
қоғамдастығы әр уақытта осы әйгілі қашықтықтан оқыту
ортасының қызметтерін толықтыру және мүмкіндіктерін
кеңейту бойынша жұмыс жасайды.
Сәттілік тілейміз!
35
Мәдениетке арналған еркін бағдарламалық
жасақтама
37
Музеолог – мұражайларға арналған сандық
каталог
Кіріспе
Музеолог еркін бағдарламалық
жасақтама Орта Азияның бас
мұражайлары жүзеге асырған
жобасының қорында 1998 жылы
ЮНЕСКО әзірледі. Алматыдағы
ҚР
Орталық
Мелекеттік
мұражайы және Қырғызстандағы
тарихи мұражай бағдарламалық
жасақтаманы Еуропалық одақтың
IST
зерттеу
және
дамыту
жӛніндегі
бағдарламамен
қаржыландырылған жобаның шеңберінде тестілеуге арналған
тірек орыны болды.
Музеолог бағдарламасы «Heritage Net мұралар желісі»
жобасының жалғасы болып табылады. Бұл жоба Орталық Азия
елдерінің тарихи, мәдени және табиғи мұралары жӛніндегі
виртуалды мұражайлардың телекоммуникациялық желісі.
2002 жылдан бастап бағдарламалық жасақтама Коммуникация
және Ақпарат бағдарламасының шеңберінде Алматыдағы
ЮНЕСКО Кластерлік кеңсесінің қолдауында болды.
Бағдарлама
Интернет-қосымшаларға
арналған
тілдердің
ішіндегі ең атақты тіл JAVA тілінде жазылған. Бұл тілмен
арнайы бағдарламалық қамтамасыз да пайдалануға болады. 5-ші
және одан кейінгі нұсқаларындағы Internet Explorer-дің браузері
болса жетіп жатыр, себебі ол JAVA-сценарилер ӛңдеушісін
қолдайды.
Тиімді жүйелендіру – есеп, идентификация, мұражай
заттарының каталогизациясын және ғылыми-зерттеу жұмысын
38
қамтамасыз ететін ғылыми-ұйымдастырушы қор жасауға
Музеолог септігін тигізеді.
Музеолог
–
мұражайлар
топтамаларының
ақпараттық
каталогын, яғни электронды каталог жасаушы компьютерлік
бағдарлама.
Бұл құралдың кӛмегімен мұражай тӛмендегі тапсырмаларды
жүзеге асырады:
мұражайға тиісті топтамаларды сақтау;
топтамаларды басқару мен есеп алу;
қоғамның топтамаларды кӛруін қамтамасыз ету;
басылымдардың жариялануы.
Музеологтың басқа бағдарламалардан айырмашылығы:
біріншіден, Музеолог бағдарламалар іспетті заттарды
мәтіндік жазбалар арқылы ғана сиппаттамайды,
сонымен қоса кескіндердің шектеусіз саны арқылы
сипататтайды.
екіншіден, бір сиппаттау жүйесіне топтамаларды
басқарушы мәліметтерді (экспонат қозғалысы, қайта
жӛндеу, сақталғандығы жайлы мәліметтер), әртүрлі
мәдени мұралар санатына қатысты топтамалар
сипатамасының мәліметтерін енгізуге кӛмектеседі.
Әсіресе:
- археологиялық артефактілер;
39
- жаратылыстану-ғылыми пәндер;
- этнографиялық, мәдени қызығушылық танытатын бейнелеу
және декоративті-қолданбалы ӛнер пәндері.
үшіншіден, бұл бағдарламаны тек қана мұражай
қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар оқу тәртібінде
бағдарламаны қолдана алатын кез-келген Интернет
қолданушысы да пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |