Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені


ХҮІІІ ғ. 40 жж. Қазақ-ойрат қатынастары



бет71/149
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#14253
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   149
2. ХҮІІІ ғ. 40 жж. Қазақ-ойрат қатынастары. Қазақ тархандар институты тарихына қатысты бір ойға келетін мәселе неге Арғын Жәнібекке бірінші кезекте тархандық атақ берілді? Енді осы сұрақтың жауабына кезек берейік. 1740 жылдың басындағы уақытта Орта жүздегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты туындаған себептеріне тоқталсақ: Біріншіден, Ақтабан шұбырындыда «Арқаға көшкен ел (арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ рулары) бірнеше жыл хансыз тұрды». Осы тұста Шақшақ Жәнібек – Арқаға көшкен елге басшылық жасаған хан дәрежесіндегі елдің батыр биі болған. Екіншіден, Шақшақ Жәнібек 1736 жылдан бастап Кіші жүздің батыр биі Тама Есетпен бірге одақтасып, екі орданың елдігін сақтау үшін серт байласып, Әбілқайыр ханды ел бірлігін сақтау үшін қолдайды. Үшіншіден, Әбілмәмбет хан солқылдақ болды. Сондықтан, Жәнібек батыр өз ұлысымен іргелес жатқан Кіші жүзбен тығыз байланыс, қарым-қатынаста болады. Төртіншіден, Шақшақ Жәнібек аузы дуалы, парасатты би болғандықтан, өз ұлысында билігі жүріп танымал тұлға бола тұра хандық билікке қолдау көрсете отырып, бар күшін елдің елдігін сақтауға күш салған еді. Бесіншіден, осындай Орта жүз қазақтарының ішкі саяси әл-ахуалын біліп отырған патша өкіметінің әкімшілігі Арғын Жәнібекке тархан атағын беру арқылы тегі қарадан шыққан батырды Ресей патша үкіметіне арқа сүйетіп, Орта жүздегі билікке қол жеткізуге болатын пендешілік үмітін ояту болады. Сонымен қатар, биліктен үміттендіру. Шақшақ Жәнібекке тархандық грамота беру арқылы Орта жүзге өздерінің отарлық саясатын тархандық институты арқылы жүзеге асыруды көздеген. Алтыншыдан, Арғын Жәнібекке тархандық атақ берілуінің Абылай сұлтанның қалмақ тұтқынында болуы кезеңіне дәл келуінің де бір саяси астары бар. Өйткені: 1729-1738 жылдары жеңіліс тапқан жоңғарлар 1741 жылы қазақ еліне шабуылын қайта бастап, тағы соғыс ашады. Бұл соғыста қалмақтар қазақты ығыстырып, бір талай жерлерін жаулап алады. Абылай сұлтан 200 кісімен қалмақтардың қолына тұтқынға түседі. Ал, енді Абылайдың қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың қыркүйегінде құтқарылу себебіне келсек, тарихи басылымдарда оны бір ауыздан Ресей өкіметінің іс-әрекетімен байланыстырады. Оған тілге тиек етіп жүрген құжат, Жоңғар хандығына Орынбордан жіберілген майор Миллер басқарған орыс елшілігінің белсенді қимылының нәтижесінде Абылай сұлтан 1743 жылы тұтқыннан босатылғандығы жөніндегі пікірді жақтаушылардың қатарында Т.Шойынбаев та болды. Мұндай көзқарасты ұстанушылардың бірі В.Я.Басин болды.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында басылымнан шыққан, Орыс деректеріндегі Қазақстан тарихы жинағында, «Абылай сұлтан майор К.Миллер бастаған орыс елшілігінің нәтижесінде Жоңғар тұтқынынан босатылды» деп көрсетілді [26, с. 300].

Ж.Қасымбаев], М.Мағауин зерттеулері К.Миллер елшілігінен еш нәтиже шықпағандығы жайлы деректі мәліметтер береді. Бұл авторлар пікірін соңғы шыққан зерттеулер де қуаттап отыр. Мәселен, Ә.Мұқтар зерттеуі Карл Миллерге берілген нұсқауда Абылай сұлтанды босату орыс әкімшілігі үшін басты мәселе болмағандығын дәлелдейді.

Міне, осындай мәліметтер топтамасынан кейін біздер Абылай сұлтанның тұтқыннан босауына орыс елшісі майор Миллердің қатысы жоқ деген бағытты ұстана отырып, бұл мәселеге өз пікірімізді деректерді талдау арқылы жеткіземіз.

Тарихи еңбектерде жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатудағы қазақ тархандарының рөлі жөніндегі деректер жоқтың қасында. Осы орайда, XVIII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастау алатын қазақ қоғамындағы тархандар институтының пайда болуы мен Абылай сұлтанның қалмақ тұтқынында болу уақыт арасында бір байланыс бар. Орта жүзден тархандық Шақшақ Жәнібекке берілуінің де бір саяси астары бар. Олай дейтініміз, Абылай сұлтан болса жоңғарлардың тұтқыны. Осы кезде Ресей патша өкіметі Орта жүз қазақтарын өздерінің боданы етіп көрсету үшін тархандық атақ беріп, қазақ хандығының ішкі билік мәселесіне араласуды көздеді. Бірінші себебі, жоңғар билеушілерінің Абылай сұлтан арқылы Орта жүз қазақтарын жоңғарлармен одақтасуға көндіруі қаупін болдырмау болды. Бұл бір елшілік мақсаты дерегінде: «Елшіліктің басты мақсаты, жоңғар билеушілеріне қазақтар Ресей патша өкіметінің боданы екендігіне көздерін жеткізу»,– деп мәлімдеген. Екіншіден, жоңғар билеушілерінің қазақ ордасымен елдесу немесе одақтасу мәселесінде алдын орап кету үшін олардың қазақ хандығына қатысты саяси сенімсіздік көзқарасын қалыптастыру. Орта және Кіші орда қазақтарының Ресей боданы екенін айтып, жанталасып жоңғар билеушілерінің есіне салуы осы пікірді қуаттайды.

Профессор Ә.Қ.Мұқтар: «Әрине, өш алу мақсатында Абылайды өлім жазасына қия салу жоңғар билеушісі үшін ешқандай қиындығы жоқ екендігі түсінікті. Қаншама туысын жоқтағанымен, Қалдан Серен үлкен саясаткер болған. Жоңғария елшілері қазақтар қолында «атақты жоңғарлардың қыздары, әйелдері қалғандығын» және оларға қоса көптеген тұтқындардың бар екендігін алға тартып, қазақтардың жиі-жиі шабуылдарын тоқтату қажеттігін ұсынғанымен, түпкі мақсат – қазақ халқын Жоңғарияға бағындыру, соған мәжбүрлеу, боданы ету сияқты жоспарларын бүркемелей білді. Қалдан Серен Абылай сұлтан арқылы қазақтың хандары мен би-батырларын да бағындырмақшы болды. Әбілқайыр ханның 1740 жылы күзде Құтылымбет батырды Жоңғар әскерінің оңтүстік бағытының басшысы Сары Манджаға жіберіп, Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті қайтарса, ұлы Айшуақты аманатқа беретіндігін хабарлағандығын еске алды. Оны Қошке нойан Әбілқайыр ханға келген тұста 1742 жылы 10 қаңтарда поручик Д.Гладышевке ескерткен. Қошке нойанның айтуынша Ұлы жүздің 8 жылдан бері Жоңғарияға аманат беретіндігін, 1741 жылдың күзінде Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан, Жәнібек батырдың Қалдан-Серенге елші жібергенін айтып өтеді. Аталған кезеңде Ұлы, Орта, Кіші жүз басшылары үнемі өзара кеңестер өткізіп, ақылдасып, жоңғар билеушісімен келіссөздер жасауды шешкен. Әбілқайыр ханның айтуынша, 1741 жылы Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтан өзімен "Ресей бағытын" ақылдасса, көп ұзамай 1742 жылы көктемде Әбілмәмбет, Күшік, Барақ, Есет, Жәнібек, Алтабай, Терек, Жапақ, Төле батыр т.б. бірігіп, төменгі қалмақтар билеушісі Будансюк зайсанымен келісімге келіп, соғысты тоқтатады». Осыдан кейін жоңғарлардың Арғын Малайсарыдан бастап тархан атағын беруі қазақ қоғамына тархандар институтын енгізу арқылы саяси қарым-қатынас жасаудың жаңа бір кезеңі басталады. Байланыс жасаудың жаңа кезеңі жоңғар билеушілерінің қазақ елімен ендігі жерде елдесуге, одақтасуға бет бұрған сипаттағы саясатарының бастамасы болатын.

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі хандық биліктің нығаюына күш-жігерін жұмсаған Жәнібек батыр жоңғарларға аманатқа ұлын беруден бас тартқан тархан Ресей бағытын ұстанып, қалмақ-жоңғар қатынасында қазақ елдігін сақтауды ұтымды пайдалана білді.

Бір кездері төменгі қалмақтар билеушісі Будансюк зайсанымен келісімге келіп, соғысты тоқтатқан батырлардың бірі – Есет тархан Абылай сұлтаннан бұрын жеті жыл қалмақ тұтқынында болған. Есет тарханды да тұтқыннан аман-есен босатқан болатын. Мұнан біз бір кездері тұтқынға алынған белгілі батыр-сұлтандар арқылы жоңғар-қалмақ билеушілері мемлекеттік саяси мәні бар мәселелерді шешуде тұтқындағы танымал батыр, би, сұлтандар арқылы келіссөздерге қол жеткізу амалдарын жасайтын саясат бұрыннан болғанын дәлелдейді. Тұтқындағы беделді тұлғалар арқылы саяси мәселелерді, сыртқы ымыраластық мәселелерін шешуге пайдаланса, аманат инстиуты арқылы да саяси мәселеде үстемдікке ие болу тәсілдерін жасаған. ХVІІІ ғасырдың 40-шы жылдары тархандық атақ беру арқылы саяси мәселедегі ымыраластықтың жаңа бір түрін енгізуге мүдделі болғандығынан тархандар институтын қайта жаңғыртқан ел билеушілерінің отаршылдық мүдделерінен туындаған. Жау қолындағы батырдың тұтқыннан босатылуы, батырмен бейбіт келісім-шарт жасалуы, біріншіден; өзінің үстемдігін мойындата білсе, екіншіден; тұтқынға алу арқылы белгілі саяси келісім мен бітімге қол жеткізудің жолы болды.

Олай дейтініміз, қазақтың беделді, белгілі батырларына жоңғар билеушілерінің және Ресей патша үкіметінің жаңа тархандық институтын енгізіп, пайдаланулары ойымызды қуаттай түседі.

1742 жылы майор Миллер Абылай сұлтанды тұтқыннан босатуға қол жеткізіп, Ресей қазақтарды өздерінің «боданы» ретінде қорғайтындарын айтса, сенат 1742 жылдың 2 мамырында «қазақтарды қорғайтыны туралы және Жоңғар шапқыншылығының қаупін болдырмау» сияқты сылтаумен бекіністік қорғаныстарды күшейтуге жарлық береді. Осы уақытта Ресей өкіметі Жәнібек Қошқарұлына тархандық атақ беріп, Ресей бағытына тартуды көздеді. Міне, осылайша Абылай сұлтаның тұтқындағы кезінде саяси аренаға қазақтың алғашқы тархандарының пайда болуымен қатар қазақ тархандар институты қайта жаңғырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет