Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені


Қазақ даласындағы сыртқы сауда



бет78/149
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#14253
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   149
2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда. Қазақ даласындағы сыртқы әлеуметтік-экономикалық қатынастар дамуына қазақ тархандары Есет пен Жәнібек ат салысқан.

1744-1747 жылдары аралығында Орынбор қаласының Оңтүстік батысына үш шақырым жерге жететін айырбас сауда сарайы салынды. Онда Орта Азия мен орыс көпестері айырбас саудасын жүргізді. Айырбас сарайының екі қақпасы болды. Бірі Жайық өзені жағынан, екіншісі-дала жағынан. Сарайда 344 дүкен мен 344 қойма болған. Сарайдың ішінде екі қақпалы Азияттық сауда ауласы болған. Оның ішінде 98 дүкен мен сегіз қамба болған. Орынбор орталығында күзгі, қысқы сауда үшін қонақжай сарайы салынып, азияттықтармен жыл бойы айырбас саудасын жасауға жағдай жасалды. Орынбор қаласы осылайша сол кездегі Жайық бойындағы ең үлкен ірі сауда орталығына айналды.

Сонымен қатар шекаралық кеден жұмыс істеген. Кеден қызметі келген-кеткен тауарларды есепке алып, тіркеп, анықтама беріп отырған. 1750 жылы қыркүйектің бірінші аптасында сауда пайдасынан түскен табыс азияттық манафактуралық өнім 1200 рубльге, 600 пұт ұн 1080 рубльге, Хиуалық өнімдері 411 рубльге, ал қазақ даласымен айырбас жасалған айырбас сауда мен сарай саудасының пайдасын қоса есептегенде түйе жүні 4600 пұт 23000 рубльге, 246 бас мүйізді ірі қара 8610 рубльге, 859 бас қой 4995 рубльге, 297 бас жылқы, 30 түйе 1350 рубльге т.с.с. бір аптада түскен сауда түсімі 1690614 рубльді құраған. Орынборда сауда жасау орыс көпестеріне көп пайда әкелген.

Сондықтан Орыс көпестері жер-жерден Орынбор қаласындағы айырбас саудасына ағылып келіп тұрған. Сол кездегі саудадағы мал бағасы мынадай: мүйізді ірі қара – 25-45 рубль аралығында, қой 4-8 рубльге дейінгі аралықта, жылқылар 30-50 рубльге дейін, түйелер 35 рубльге бағаланған. Қазақ даласынан өтетін сауда керуендерінің қауіпсіздігін Орта жүз аймағынан тархан Жәнібек, Шөрек батырлар, Кіші жүз аймағынан Тама Есет тархан, Бөкенбай т.б. батырлар қамтамасыз еткен. Орынбор генерал-губернаторы Әбілқайыр хан мен Жәнібек, Есет тархандардан сауда керуеніне қарақшылық шабуыл жасамауын сұрап келіссөздер жүргізгенмен, қазақ даласы арқылы Бұхар, Хиуа бағытына өтетін орыс сауда керуендері тоналып отырған жағдайлар кездескен. Шын мәнінде, Бұхар, Хиуа хандары қазақ даласынан өтетін сауда керуенінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болғанымен, міндеттерін ойдағыдай атқара алмаған.

Ресей патша өкіметі қазақтармен шекаралық сауда-саттық қатынастарды болдырмауды бақылауға алған. Осындай мақсатта 1750 жылы Орынбор, Ор бекінісінен басқа Жайық бойының барлық бекіністерінде астық пен шөп айырбасынан басқасына тыйым салынады. М.П.Вяткин пікірінше: Қазақтармен Ор мен Орынбор бекінісінен басқа Жайық бойындағы бекіністерде астық пен шөп айырбас саудасынан басқаға тыйым салынуының себебі, Орынбор мен Ор бекіністерін сауда орталығына айналдыру, сөйтіп Орынбор бекінісін орталықтандыру мақсатын көздеді. Осындай себептермен қатар, біздің пікірімізше, қазақ пен Еділ бойындағы торғауыт қалмақтарының сауда жасауына тыйым салуы қазақ-қалмақ арасында қару-жарақ саудасының пайда болуына жол бермеу. Себебі орыс бодандығының зардабын тартып жүрген қалмақ батырлары қазақ батырларымен бірлесіп кетіп, Ресей үшін қауіпті күшке айналуынан сақтану. Сондықтан да қазақ-қалмақ қарым-қатынасының жақсаруына жол бермеуді көздеді. Орыс әскерлерінің құрамында да, орыс-казак әскерлерінің арасында да шоқындырылған қалмақтар әскери қызмет атқарды. Жайық өзенінің оң жағына қазақтарды өткізбеу талаптары орыс казактарын қазақтардың қарақшылық шабуылынан қорғау мақсаттарын көздеді. Негізінен қазақ жерлерінің кеңеюіне жол бермеу болды. Сауда жүргізу туралы Есет тархан батырлардың келіссөздері Астрахан губернаторынан қолдау таппаса да, іс жүзінде сауда жасалды.

Орынбор – қазақ даласындағы жалғыз сауда орталығы болған жоқ. Астрахан қаласында да айырбас сауда орталығы болып, онда қазақ-қалмақ, орыс-қазақ арасында да айырбас саудалары жасалған. Сауданың қызу жүретін мерзімі шілде мен қараша айларының аралығы. Орынбордағы саудаға қазақтар суыр, саршұнақ, қарсақ т.б. аңдардың терілерін апарған. Илецк және Жайық қазақтары қабан етін, балық, уылдырық, желім және Еділ бойынан сутышқан терілерін әкелген. Аққу мамығының саудасы да біршама табыс келтірген. Мал, тері мен былғарыға қазақтар мен башқұрттар орыс көпестеріне шойын, мыс, темірден жасалған өнімдерді және түрлі маталар, жібек, парча, бархат т.б. астыққа айырбастаған.

1750 жылы Абылай сұлтан мен Жәнібек тархан Орта жүз қазақтарының сыртпен сауда-саттық мәселесін шешуде, Орынбор, Астрахан қалаларына бармай, жақын жерде сауда жасауға қолайлы болу үшін, Тройцк керуен сарайын ашуына Орынбор әкімшілігімен келіссөздер жүргізген. Кейіннен үлкен сауда орталығына айналды. Мұндағы айырбас сарайында 600 қойма мен дүкен жұмыс жасаған. Тройцкіде жердің шалғайлығына қарамай, сауда тез дамыды. Москва, Қазан, Тула, Ростов, Ярославл, Сибирск және т.б. қалалардан көпестер өз тауарларын мал мен жүнге айырбастау үшін келіп тұрған. Троицк керуен сауда сарайы Орынбор саудасына бәсекелесе алмаған.

1751 жылдың 17 маусымында Гурьев қаласы арқылы Астрахан қаласына Қайып хан атынан Нұролла бай Құтылымәмет бастаған Хиуа елшілігі хат әкеледі. Астрахан губернаторы И.Брылкинге жолдаған хатта, Орынбор губернаторының патша сарайына елшілерін жібермегендігін айтып, мәселенің шешімін тапқысы келетіндігін тілге тиек еткен. Губернатор И.Брылкин Қайып хан хатын жауапсыз қалдырған. Себебі, Ресей үкіметі Азия хандарының хандық билікте күшті беделдері жоқ деп олармен санасқысы келмеген. Қазақ тархандары қазақ даласынан өткен сауда керуендерін толықтай өз бақылауларына ұстай білген.

Орынбордағы айырбас саудасындағы тауарлардың эквиваленті тең болмаған. Бұған дәлел, М.Вяткин дерегі бойынша, Ресейде құны 2 руб. 70 көп. тұратын қазанды Орынбор саудасына әкеліп айырбас арқылы сатқан орыс көпестері ақшаға айналдырғанда 50 рубльге сатып пайдаға батқан.

Патша өкіметі қазақ даласымен, Орта Азиямен сауда қатынасын қолға алды. Қолға алудағы мақсаты: біріншіден, патша өкіметінің қазынасын еселеп көбейтуді көздеді; екіншіден, Қазақ даласы мен Орта Азияны Ресейдің тауар рыногына айналдыруды; үшіншіден, сауда қатынасын жасау арқылы экономикалық тұрғыдан тәуелді етуге қол жеткізуді көздеді. Айырбас сауда арқылы қазақ даласының байлығын Ресей империясы өндірісінің өте арзан шикізат көзіне айналдырды. Сенаттың статтық кеңесшісі Кириловқа берілген 1734 жылғы нұсқаудан бастап, ХІХ ғасырдың І ширегіне дейінгі барлық ресми үкімет жарлықтарында қазақ даласында «тыныштық орнату», «татулық орнатуға» бағытталды деп отаршылдық әрекетерін ашып айтпай, отаршылдық мүдделерін іске асыра берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет