Қазақстан мен польшаның білім беру жүйелері



бет1/2
Дата01.10.2023
өлшемі143,11 Kb.
#112267
  1   2


Аннотация


Кітап ғылыми түрде жазылған. Кітаптан тың, көп мазмұнды ақпараттар жазылған. Кітапта ұйқы,таң намазынан кейінгі береке, түнгі құлшылық, түс туралы маңызды ақпараттар берілген. Құрандағы аят-хадистер, әлемдік жұлдыздардың кей мысалдары да келтірілген. Тілі 100 қазақша стилде, тілі ғылыми болғандықтан кішкене ауырлау болса да, ішінде керемет тың ақпараттарға толы.
Сонымен қатар бұл кітап өміріміздің күнделікті бөлшегі болған сондай тылсымға толы уақыттың құпиясына өмірлік тәжірибелер арқылы үңілуге үндейді. «Таңғы нәсіп Тәңірден» деген халық даналығын ғылыми зерттеулермен ұштастыра келе, табысты әрі салауатты өмір салтын әдет-ғұрып пен шариғи тұрғыдан, медицинаның сан саласы арқылы түсінікті тілмен түсіндіреді. Күндізгі тіршілік тәртібі, түскі тынығу, түнгі сапалы ұйқы, түс көру мен жору, т.б. құпия құбылыстар арқылы адамға өзін-өзі тануға дәйекті дәлелдер келтіріледі. Күнделікті ерте тұрып, тіршілік дағдысын қалыптастыру барысында ризықтар мен қажеттіліктерін таңсәріден тапқан тағдырлар, әлемдік табысты тұлғалардың орасан жетістіктерінің мысалымен берілген. Өмірді өзгертуге қатысты адамның өз құзырына тиесілі тұстары, жаңа әдеттер қалыптастыру нәтижесінде биік мақсаттар мен белестерді бағындыруға болатын бағыттар ұсынылады. Мотивациялық мақсаттағы бұл еңбек кез келген оқырманға арналған.

Қазақстан мен польшаның білім беру жүйелері
Мектепке дейінгі білім беру

ҚАЗАҚСТАН

ПОЛЬША

  1. Қазақстан Республикасында мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеудi, оқытуды, бағуды, күтудi және сауықтыруды қамтамасыз етеді.

  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу міндетті емес болып табылады.

  3. Жұмыс режимi бойынша: күндiзгі, тәулiк бойы, икемді режимдi.

  4. Мектепке дейiнгі ұйымдар мемлекеттік және жеке меншiк болуы мүмкiн.




  1. Польшада мектепке дейінгі тәрбие мен оқу міндетті емес.Балалардың мектепке дейінгі мекемелерге бару бармауы ата-аналар қалауы бойынша жүргізіледі.

  2. Балабақшаға балалар 3-6 жас аралығында барады. Балабақшада бала тегін 5 сағат көлемінде тәрбиеленеді, ата-ана балаларын одан да ұзақ уақытқа қалдырғысы келген жағдайда қосымша ақы төленетін болады.

  3. Балалардың 3-5 жас аралығында балабақшаларға баруы міндетті емес болғанымен, 6 жаста әр бала мектеп алды даярлықтың жылдық бағдарламасы бойынша балабақшаларда тәрбиеленеді. Бұл кезеңнен өтпей бала мектепке бара алмайды.





Бастауыш білім беру

ҚАЗАҚСТАН

ПОЛЬША

  1. Оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

  2. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – төрт жыл.

  3. Бастауыш білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру». «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: сауат ашу(оқу, жазу), қазақ тілі, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі , шетел тілі.

  • Бастауыш білім беру деңгейінде оқу аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды. Білім мазмұнының тәрбиелік және дамытушылық әлеуетін нығайту мақсатында 6-күн үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігіндегі сабақтар үшін пайдаланылады.

  1. 1–4-сыныптарға оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1–2-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі.

  2. Жалпы білім беру ұйымдарында 1-сыныптағы сабақ ұзақтығы 35 минут, 2–4-сыныптарда 45 минутты құрайды. Бастауыш сыныптарда қосарланған сабақ өткізуге рұқсат етілмейді. Бастауыш білім беру деңгейінде сыныптағы оқушы саны 20-дан аспауы керек.

  1. Бастауыш білім беру 7-13 жас аралығын қамтиды.

  2. Бастауыш білім алудан бұрын бала 6 жасында мектепке даярлық кезеңінен өтеді. Бұл міндетті болып табылады.

  3. Білім берудің алғашқы 3жылында оқушы «жалпылама сабақтарға» қатысады, 1 сыныпта мұндай сабақтар аптасына 15 сағатты құраса, 2-3 сыныпта 17-18 сағатты құрайды. Бастауыш білім беру 6 жылға созылады.

екі кезеңнен тұрады:

  1. бірінші кезең 1-3 сыныпты қамтиды.Бұл кезде оқушыларға жалпы барлық пәндерден бір ғана мұғалім сабақ береді. Тек музыка, дене шынықтыру ,шет тілінен арнайы даярланған мұғалімдер білім береді. Сабақ уақыты нақты қатаң фарматта жүргізілмейді. Сондай-ақ, ата-аналар қалауы бойынша балалар әдеп және дінтану сабақтарына қатысады.

  2. екінші кезеңде 4-6 сынып қамтылған. Бұл кезеңде білім алушыларға белгілі бір пәнге арнайы білімі бар мұғалімдер сабақ береді және сол мұғалімдердің бірі сынып жетекшісі болып бекітіледі. Оқытылатын негізгі пәндер: польша тілі,шет тілі(ағылшын тілі),математика, дүниетану, қоғам және тарих,музыка, бейнелеу өнері, техникалық пәндер(еңбек), информатика, дене шынықтыру, әдеп және дінтану сабақтары(ата-аналар қалауы бойынша).

  3. Алтыншы сыныпты аяқтағаннан соң барлық оқушы орталықтандырылған тестілеуден өтеді. Алайда бұл тестілеу негізгі орта білімді қорытындылау нәтижесіне және әрі қарай гимназияға қабылдануға әсер етпейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет