Қорытынды
Бұған дейін Reuters Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспортына білек сыбана кірісті және оның көлемі тәулігіне 100 мың баррель болады деп ақпарат таратқан еді. Жазуынша, «ҚазМұнайГаз» бен Әзербайжанның мемлекеттік компаниясы – SOCAR жылына 1,5 млн тонна мұнай сату мәселесін талқылап жатыр. Ал 2023 жылы Қазақстан Әзербайжан құбыры арқылы Грузияның Супса портына 3,5 млн тонна мұнай жеткізуге ниетті.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС басшысының орынбасары Сәкен Сағатұлының айтуынша, Транскаспий – тек мұнай тасымалын әртараптандырып қоймайды, сонымен бірге ел экономикасына серпін береді.
«КТК арқылы мұнай экспорттаған кезде тек құбыр иелері ғана пайда тапса, Транскаспий маршрутына қазақстандық активтер – ҚТЖ, Ақтау порты, ондағы терминал, теңіз флоты, тағы бір қазақстандық актив болып саналатын Батуми порты қатысады. Яғни, қаншама отандық компаниялар қосымша табыс табады, көбірек салық төлей бастайды, жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі туады. Біздің есебіміз бойынша, Транскаспий маршруты үшін 10 танкер құрылысы қажет болады. Демек біздің кемелерде жұмыс істеу үшін 280 адам керек. Осы қисынға сүйенсек, Транскаспий бағытын жүзеге асыру көліктік-транзиттік әлеуетті дамытумен қатар, мұнай экспорттау бағыттарын әртараптандырады, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын құру арқылы батыс өңірінің экономикасының өсуіне ықпал етеді деп нақты айта аламыз
Пайдаланылған әдебиеттер:
Dalainside
Akorda.kz
Kursiv.kz
Достарыңызбен бөлісу: |