Қазақстан моделі-ұлттық бірлікті және жаhанданудың тегеурінді талаптары



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі423,75 Kb.
#135282
1   2   3   4

Ұлттық бірлікті дамыту

Терең ойлау ана тілдің дамуына ықпал ететіндігі сияқты, ана тілді қолдану да терең ой мен тұнық пікірлерді жаратудың алтын бесігі. Яғни Гумбольдтың айтқанындай, ғылым мен философияда алға басу жаратушы күшке ие болу тек ана тілімен табысып, үндесе білуге байланысты, Ана тілдегі «жаратылған әлемді» басқа әлемге жеткізу тәржімалау үшін «басқа тілді» қолданамыз. Сондықтан әсіресе философиядағы ұғымдарды ана тілімізден тулетуге мән беру еркін ойлау көзінің ашылуына,, тарихи санадағы ой желілерінің жаңғыруына, негізгі дүниетанымдық күретамырлармен байланысты нығаюына ықпал етеді. Ана тілі білім беру және ғылым тілі болғанда ғана дамып, жанданады. Осы салаларда ана тілі қолданылмайтын қоғамда дені дұрыс ой иелерінің шығуы да екіталай. Сондықтан жаңа, еркін елдің қоғамдық санасындағы серпілістің жүзеге асуы үшін оған тек сол ұлттың философиясы ой жүйесі ықпал етіп, ертеңіне есік аша алады.

Жаһандану дамуы

Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, мəдени-əлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қазіргі əлеуметтік теориядағы жаһандану ең өзекті тақырыптардың қатарында тұрғандығы мəлім.

Бұл сұрақты анағұрлым терең қарастырған ғалым – Роланд Робертсон. Біздің пікірімізше, дəстүрлік жəне оны құраушылар – дəстүр, əдет- ғұрып, қағидалар, құндылықтар болып табылады.

Қоғамның модернизациялануы мен елдің дəстүрлік формасына үйлесімсіз патерналистікподдандық саясат, шашқыш-жыртқыш экономика, қу жазалаушы құқық, үстемдік етуші ұлттық мəдениет, қабілетсіз əлеуметтік өмір - саясаттану мен əлеуметтанудың назар аударатын объектісіне айналмай отыр. Бұл ғылымда дəстүрліктің жеңуі, мемлекетте адам факто- ры мен адам капиталының алғашқылығын қалыптастыру, мемлекеттік орталықтанған парадигмадан социоорталықтанған парадигмаға ауысу концепциялары жасалған жəне ұсынылған емес.

Біздің міндетіміз – жаһанданудың дəстүрліктен тікелей бас тартуын түсіндіру, қоғамға азаматтылықтың қазіргі стандарттарын, қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік серіктестігі түсінігін жеткізу болып табылады. Осыдан əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен пəндерге, ең алдымен, саясаттануға, құқық пен əлеуметтануға қазіргі қоғамның болашағына деген жауапкершілік түсіп отыр. Біздің алдымызда қоғамның дағдарыстан шығуы посткеңестік кеңістік қоғамының өтпелі кезеңін теоретикалық қамтамасыз етуді шешу міндеті тұр, біздің ойымызша, оның дамуы мен жолдары социомəдени негізде жатыр деп айтсақ та болады. Мұндай методологияға негізделген, дəстүрлі социомəдени құндылықтардың орталық зонасы қоғамның барлық саяси, құқықтық, əлеуметтік салаларындағы дəстүрліктің құралдары мен қазіргі тəсілдерін зерттеу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет