Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлетебереміз. Сонымен қатар ұлтаралық жане мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстанхалқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын.
Конфессиялар арасындағы келісім – бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт.Казақстанда жүзеге асырылып жатқан этника аралық жане конфессия аралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан моделі
Қазіргі таңда Республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру – мемлекет назарындағы маңызды бағыттардың бірі. Салауатты өмір салты Қазақстандағы ұлттық өркениеттік құндылықтардың маңыздыларының қатарынан орын алатыны сөзсіз. «Бірінші байлық денсаулық» деген халық мəтелі тек сөз жүзінде ғана емес, жеке тұлғалық жəне қоғамдық əрекетте жүзеге асуы қажет. Бастысы өмір сапасының ажырамас атрибуты болып табылатын салауатты өмір салты əлеуметтік енжарлықты жеңуге, тұлғаның жасампаздық қасиеттерін ашып, өз өмірі мен отбасының игілігіне жауапкершілігін арттырады деп үміттенеміз. Жаһандану үдерісінің келеңсіз жақтарының бірі профессор А.Г. Косиченко атап өткендей, «дүниежүзілік ауқымда адам енжарлығының бой алуы. Оның басты келеңсіздігі де осында. Ол адам мəніне – оның өз өміріне жауапты болуына нұқсан келтіреді. Қазіргі үдерістердің адам дамуына қалдырған көкжиегі тым тар. Адам барған сайын тұлғалық қайталанбастығын жоғалтып, унификацияланып барады. Өзін алдаусыратып, адамды өз мəніне əкелетін терең болмыстық көптүрліліктен бас тартуда. Жаһанданудың бұл кереғар сипаттары адам мен қоғамның күш-қуатын байлап-матайтын үрейлі құбылыс емес. Оның осы сипаттары туралы айтқанда, мəдени жəне керісінше, жаһандану үдерісінің артықшылықтарының ұлттық мəдениеттерді дамытуға үлкен мүмкіндіктер туғызатынын да атап өту керек. «Бұл жағдайларда еліміздің мемлекеттік мəдени саясаты ерекше маңыздылыққа ие болады. Қазақстан өзінің беделі мен егеменділігін, азаматтар мен халықтардың қайталанбас ұлттық ерекшеліктерін қамтамасыз ете отырып, толыққанды дамуы үшін мəдени жаһанданудың барлық бағытында əртүрлі өлшемдегі «сүзгіштерді» орнатуы қажет.