ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет21/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124
Ынталандыру сыйлығының иегері
Бауыржан Әліқожа. 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті журналистика  
факультетінің студенті.
АқИқАТ
Уақыттың қатал заңы, 
Берілмес мәңгі жастық. 
Пенденің татар дәмі,
Жіберер қаңғыбас қып. 
Жол кезген диуанасың, 
Жалғаннан бақыт іздеп...
Бір жаққа жиналасың
Жаздан соң тоты күз кеп. 
Адамның аяулы ісі, 
Күдерді жаннан үзбеу. 
Бақыттың баяндысы, 
Иманмен Алланы іздеу. 
Сұрақ көп сатылатқан
Ғаламат ғалам мына!
Жаратты-ау топырақтан, 
Көркем ғып адамды да. 
Тіреусіз анау аспан
Қандай күш құлатпайтын?!
Құран – шам сананы ашқан, 
Бастайды жұмаққа айқын. 


45
Таңдаулы діни өлеңдер
Күлімдеп Күн шығады, 
Қызарып батады да, -
Дүниенің тылсым әні
Тіршілік шапағында.
Деместен «ой, әттеген!» 
Ар сақта мына өмірде.
Жуылған аятпенен, 
Раббым жүрегімде.
Имани таң атқанда,
Жоғалар кемсеңдей мұң. 
- Ғашықпын  Жаратқанға ,
Дидарын көрсем, - деймін. 
Шабыттың арғымағы, 
Жаздырмас әздек өлең. 
Кеудеңде бар күнәні,
Жой,  досым сәждеменен!


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет