ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет54/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124
Нарбай Тағайұлы Қожахмет,
Қарағанды облысы, 
Саран қаласы.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕгЕнШЕ...
Шеберді шебер дегенше
Құдіретті, Ұлы, серіксіз, 
Жасаған бәрін кеміссіз, 
Жазбаған тағдыр негізсіз, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше, 
Өзіңді көркем жаратқан, 
Жоғары еткен барлық санаттан, 
Тамшыдан ұрпақ таратқан, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Өз атыңа сай келген 
-Тамаша бітім, бой берген, 
Жете, сана, ой берген, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше, 
Ие еткен игі тілекке, 
Байлаған бес тірекке
Махаббат берген жүрекке, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше, 
Өзіңе Өзін білдірген, 
Жаныңнан артық сүйдірген, 


124
Аллаға мадақ
Мұңайтқан да күлдірген, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Жыл мезгілін тең бөлген, 
Әр айға бөлек өң берген, ...
Суы мен буын теңгерген, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше, 
Жаудырған жауын көктерден, 
Жан берген жерге көктемнен, 
Көктеткен небір көкті еммен
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Тау басына көл салған, 
Көкте құсқа жол салған, 
Жазыққа ылди, өр салған, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Кез келген жан өрмеген
Білімді білген зердемен
Су астын бөлген ердемен, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Болсын деп жаһан саламат, 
Мұз дала жайған ғаламат, 
Һүкүмдар, жалғыз, дана, хақ
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,


125
Таңдаулы діни өлеңдер
Жануар, жәндік өргізген, 
Ырысын жерге бергізген, 
Тірлік деп бәрін жегізген, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше, 
Әділді әр кез ақтаған
Жала -бәледен сақтаған, 
Заңдылықтарын нақтаған, 
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше, 
Шеберге шебер еп берген, 
Үйренер түйсік, сеп берген
Жебеуші кие - тек берген, 
Алланы шебер десейші.


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет