ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет57/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет,
Қостанай қаласы.
өсИЕТ
Әкемнің айтып кеткен өсиеті –
Адамның екен нағыз қасиеті.
Өмірдің өттім талай сынағын да,
Сол сөздер күмбірлеп тұр құлағымда:
«Өзіңді шақырмаған жерге барма!
Біреуді жерден алып, жерге салма!
Іс жасап абыройсыз, сөзге қалма!
Тіленіп, қолың жайма өзге қолға!
Қаңғырып, қызық іздеп, кезбе болма!
Көз көрмей, естіп қалған сөзге нанба!
Абай бол! Дұшпан құрған түспе торға!
Кез келсең, айналып өт, қазған орға!
Кір-қоқыс толып тұрған жерге қонба!
Қайыр қыл бишараға жүрген зорға!»
Әуелі құлақ аспай сіресіп ем,
Кейіннен көрдім Құран сүресінен.
Әкеміз ақиқатты білген екен,
Жан сырын айтып маған жүрген екен.
Тілінің келген алған кәлимасы,
Сөзінің бәрі – Құран қағидасы.
Биікте тұрушы еді Құран-кәрім,
Неліктен? Енді ғана ұқтым мәнін.
*    *    *
Қазағымның ежелден
Аты айналған аңызға,
Домбырада – күлкісі,
Қасіреті – қобызда.
Бәрін айтсақ біз енді,


135
Таңдаулы діни өлеңдер
Өнері де өте көп.
Шіренгені – үзеңгі,
Түрленгені – текемет.
Ақ киізді төсеуге
Отауы да татиды, ә?!
Күйгендігі – көсеуде,
Сүйгендігі – сақина.
Бала кезден түсінген,
Тиек салмай есікке,
Өз есебі  – ішіңде,
Келешегі – бесікте. 
Жүрген жері салтанат,
Ол кірмеген майдан аз.
Шалқайғаны – шаңырақ,
Еңкейгені – жайнамаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет