дейін сол ғана болады . Михаил Иванович Астраханьнан келгеннен бері біздің қосымыз осы маңдағы балықшка аардың уйымдастырушы орталығына айналып алды (Ә.С ) . Шапшаң қайнаған шай Абайлардың алдына жасалған кезде киіз есік шалқасынан ашылып еді ( М.Ә) .
5. Есімшенің келер шақ болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады :
Олар ішкі кіріп үлгерместен , коридорда әлдене нарсе сарт ете қалғандай болды ( Х. Ес ) .
6. Етістіктің түбіріне ысымен -ісімен деген күрделі қосымшаның жалғануы арқылы жасалады :
Червяков пен Әйтиев кетісімен , ізінше исполкома Яковлев келген ( Х. Ес . ) .
7. Етістіктің болымсыз түріне -йынша / -йінше деген қосымшанын жалғануы арқылы жасалады :
Сырттан көмек болмайынша , қазір өздігінен сабақ ты игеріп алып кетуге дәрмені жетпейді ( М. И. ) .
8. Есімшеге дай / -дей жұрнағының жалғануы арқы лы жасалады :
Тунеугі Султанның сөзі әлі де аяқталмағандай , оның байсалды келбеті көз алдында тұр ! ( К. О. ) .
571 - жаттығу . Сабақтас құрмалас сөйлемдердің қандай жолдар мен жасалып турганына талдау жасаныздар .
1. Бұл қанша әңгімелескісі келсе де , Сатбала ынгай беріп жүрген жок ( Ғ.С. ) . 2. Майбасар бұл жерде үнде мей қалғанмен , бул ауылдағы ән - сауықты тыюға сырттан кіріскен еді ( М. Ә . ) . 3. Көмір , неғұрлым көбейсе , өнеркәсіп соғұрлым күшейеді ( Ғ . Мұст . ) . 4. Жел үрлеген сайын , сапырылып түскен сары жапырақ жер бетін жасырып жатыр ( А. Лек . ) . 5. Әрқайсы елу адамнан екі жүз жиырма бригада құрылып , бір бригаданың бастығы болып Дәулет тағайындалды ( С. М. ) . 6. Мейрам көмір кү дығының түбіне жеткенде , басқа бір дүниеге жеткендей болды ( Ғ . Мұст . ) . 7. Екеуінің таласы аяқталмай , кеңсенің есігіне кіріп те кетті ( Б. М. ) . 8. Аманкелді дүмпуі қаттырақ естілген шақта айналасы бес - алты - ақ үй қалды ( С. М. ) . 9. Бұл ұсыныс көпке ұнаған соң , олар өзен ді өрлеп тағы ілгері кетті ( С. Шайм . ) . 10. Сабактан шыққалы , Кәрібайда дамыл жок ( Ғ . Мүст . ) . 1. Айдың өлі арасы болғандықтан , түн караңғы еді ( Т. Әдім . ) . 12. Мазутты жандыру үшін , оны ауамен үрлейді ( з . Ш. ) . 13. Ауыл - үйдің қонағы тарағанша , Куандык үй ішінің усак шаруасына алданып жүрді ( М. Ә . ) . 14. Жасына ,мінезіне қарамастан , ол жорғалап келе жатқан сияқты ( Х . Ес. ) . 15. Есіктің тұтқасына қолы жабысып қалған дай , бүкіл денесі дір - дір етеді ( Т. Мыңбаев . ) .
372 - жаттығу . Салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас құрмалас қа айналдырыңыздар .
1. Айтанның өңі бұзыла бастады , бірақ ол даусын өзгертпеді ( Х. Ес . ) . 2. Үй iшiнiң қарбалас жүрісі саябырлады да , барлық улкен - кіші қонақтардың айналасына жиылды ( М. Ә . ) . 3. Раскованың суретін талай көргем , сондықтан өзім кірген бойда тани кеттім ( Х. Досп . ) . 4. Өмірде қателескен екенсің - мойындай білу деген қандай жақсы ! ( А. Лек . ) . 5. Алыс жол атты сынайды , ауыр күн ерді сынайды ( мақал ) . 6. Орыс әдебиетінде сол ес кі мәдениетті халықтарды « чуд » деп атайды . Кейбір та рихшылар « чуд » осында бір кезде болған фин халқы дейді , біреулер түрік тұқымдас халык дейді , біреулер монгол халкының түп атасы дейді ( А. Маш . ) . 6. Жаңыл үндемеді , әйтсе де бұл жолы ойланып қалған тәрізді ( С . Алд . ) . 7. « Жамбыл » совхозына отын онша уайым емес , өйткені айнала қалың ағаш ( С. М. ) . 8. Нұрланның көңілі біресе осы шамдардай жадырай қалады , бiресе төңіректі тұмшалаған түн қараңғылыгындай тұнжырай қалады ( Ө . К. ) .
Достарыңызбен бөлісу: |