Алтынбеков Усимхан,
Алматы қаласы.
ЕЙ, бАУЫРЫм!!!
Өміріңді өткізбе бос, жүрме тек,
Иман келтір, бір Аллаға тәубе ет.
Парыз болған амалдарды орындап,
Намаз оқы, ораза ұста, бер зекет.
Ғибадат ет бір Аллаға сыйынып,
Рукуғ, қиям, сәждеге бар иіліп.
Садақа бер, игі істер көп істеп,
Сауап жина харамнан сен тыйылып.
Жаратылған мақсатымыз - ғибадат.
Кем болмайсың етсең, барға қанағат.
Әке -шеше, аға, іні, бауырың,
Нағыз бауыр - ол мұсылман жамағат.
Дархан болсаң, келер саған берекет.
Алла қолдап, аулақ болар бәлекет.
Ниетіңе қарай Алла береді,
Жасасаң сен дұрыс амал әрекет.
Пайғамбардан бізге жеткен хадис бар,
бұл істе азғыратын әдіс бар.
Уәсуәсәнің жетегінде кеткендер,
Жәннәттің де есігінен алыстар.
Бір Алладан бізге түскен Құран бар,
Исламның тура жолын ұрандар.
Ненің халал, ненің харам екенін,
Білмейтіндер білгендерден сұраңдар.
160
Аллаға мадақ
Пайғамбардан бізге жеткен сүннеті,
Одан кейін соңындағы үмбеті,
Сол сүннетті бұлжытпастан орындап,
Амал ету мұсылманның міндеті .
Асқар таудай аспанменен таласқан,
Қор болмайды жақсыменен жарасқан.
Пайғамбарға жақын болар адамдар,
Жесірменен жетімдерге қарасқан.
Бұл өмірде адамдар көп адасқан,
Қас-қабағы түнерген бір қара аспан.
Шүкіршілік, тәубе етудің орнына,
Дүние қуып атақ, шенге таласқан.
Қаншама жыл уланды ғой санамыз,
Дін - исламнан алыстады арамыз.
Кезек алып жазылмайтын жарадай,
Қараңдаршы қайда кетіп барамыз.
Иә, Бауырым!!!
Өміріңді өткізбе бос, жүрме тек.
Иман келтір, бір Аллаға тәубе ет...
Бұл дүниеде болсын Сізге көп құрмет
О, дүниеде Алла берсін мол нығмет.
161
Достарыңызбен бөлісу: |