ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет74/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   124
Бұрқашев Роман Бауыржанұлы,
Алматы қаласы, 
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық  
консерваториясының 1-курс студенті.
АнА сҮТі    
РАББЫМның,                                                                                                                     
Мына әлемді бар қылып керек еткеніне,
Керек еткеніне, сан ғажап кереметтеріне
Тамсана қағам таңдайды.
Тамсана қағып таңдайды,сәждеге қоям маңдайды.
Құдіретін мендегі мына ет жүрек,
Ана сүтімен дарыған, ана тілімен жырлайды.
Жырлайды-дағы тынбайды.
Кел,бауырым, жаныма менің жақын кел,
Салмақтап айтқан мендегі сырдың нарқын көр.
Сезбесе түйсік, ұқпаса санаң жаныңа соны 
тұт-қайғы,
Айтайын саған анаңнан емген кәдуілгі құнар 
сүт жайлы.
Жан тамсанар,
Мұнда бір сыр бар,
Сүт жайлы айтқан демегін түк те ұтпайды.
Ғибратымен ұқ жайды.
Сүт деген досым ағзаның керек мол емі,
Сен  туылмағанда,  анаңда   уыз жоқ еді. 
Шыр етіп даусың, көргеніңде нұрын ғаламның,
Барлығы сені әлпештеп өбер болар күн.
Сол сәтте аналық мақсұтын көріп,
 Мәпелеп саған ақ сүтін беріп,
 Ийді төсі анаңның. 


170
Аллаға мадақ
Әлемнің  сырын ұғу түк емес  сау  болса  
адам санасы,
Ал енді, досым, зейінді қойып мына 
бір қызыққа қарашы:
Бораныменен қалшылдап тұрған қаңтарда 
тусаң егер шын,
Балдай  татыған  ана  сүтінің  жылығанын  
бір көрерсің.
Күн нұры туып сән,
Ал  жазда  туылсаң,
Салқындау болған анаңның сүтін емерсің,
РАББЫҢның мұндай шеберлігіне не дерсің?!
АЛЛАҺты меңзеп тұрады дәйім әлемнің 
бүкіл сәні мың,
Ана мейірімі де  нығметі  ғой құдіреті  
күшті Тәңірдің.
Сол мейірім, сол махаббат өміріңнің болар жыр-әні,
Ана сүтімен  егілер саған  Жаратушыңның  шуағы.
Сұйылып кейде,
Қою  боп  бейне,
Сен өскен сайын өзгерер сүттің құрамы.
Хаққа жетелер әлемнің сансыз сұрағы.
Анаңның сүтін, араның балын, бойдағы 
қанның барлығын,
Жасай алмайды ешқандай құрал дамыса-дағы 
бар ғылым.
РАХМАНның нұры ғаламға мынау тұрады
 шексіз таралып,
Бастауын ғылым Құраннан алса ашады 
небір жаңалық.


171
Таңдаулы діни өлеңдер
Екі  дүние  сайлап  тұғырын,
Мәнді болар айбат ғұмырың,
РАББЫҢНЫҢ сөзі - жолымыз болса сара нық.
Әлем бір көрме кереметтерін тауыса алмас 
ешбір жан санап,
Тәңірдің  мінсіз  шеберлігіне  айтасың  сонда  
сан  мадақ.
Шындыққа, досым, көзің жеткен соң көңіліңде 
болар таң қалыс,
Таң қалыс  барда, тамсану  барда оянар иман, 
ар-намыс.
Өмірің жас қой, сәждеге бас қой Тәңірің үшін, 
расында,
Сол ғана болар жанған іс, сол кезде туар 
самғау күш!!!


172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет